2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) зағип және көзі нашар көретін азаматтар үшін мамандандырылған кiтапханалардың қызмет көрсетулерін сатып алу;
13) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін сатып алу;
14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) мемлекеттік және ведомстволық наградаларды және олардың құжаттарын, Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының омырауға тағатын белгісін және оның құжатын, мемлекеттік сенім таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның ішінде қызметтік және дипломатиялық) және жеке куәліктерін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді дайындау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өнім берушілерден Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша арнайы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімдерін сатып алу;
17) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары қаржыландыратын инвестициялық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
18) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 19) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар өтеусiз негiзде Қазақстан Республикасының Үкiметiне беретін грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi иелікке алудың өзге рәсiмдерi көзделген жағдайларда, осы гранттарды бiрлесіп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдаланумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20) жеке тұлғалар үшін мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтердi сатып алу (егер жеке тұлға білім беру ұйымын өзі таңдаған жағдайда);
21) 2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 21-1) тармақшамен толықтырылды
21-1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 21-2) тармақшамен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 21-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-2) тармақша жаңа редакцияда
21-2) тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемiн көрсету, эпидемиологиялық ауруларды емдеу және олардың профилактикасы үшiн медициналық техниканы сатып алу;
22) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу, сондай-ақ оларды тасымалдау әрі олармен бірге жүру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
23) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
24) тарих және мәдениет ескерткіштері ретінде мемлекет қорғауына алған және мемлекеттік мұражай, кітапхана, мұрағат қорларын, кино, фотосурет қорын және өзге де осыған ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар мәдени құндылықтар болып табылатын тауарларды, оның ішінде мұражай заттары мен мұражай коллекцияларын, сондай-ақ көшірмелерін қоса алғанда, сирек кездесетін және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, мұрағат құжаттарын сатып алу;
25) сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты ерекше құқықтары бар тұлғадан зияткерлік меншік объектілері болып табылатын тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
26) табиғи монополия субъектілерінен реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
27) мемлекеттік монополия субъектісінен мемлекеттік монополияға жатқызылған қызмет бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) еңсерілмейтін күштің туындауы салдарынан, оның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн коммуникациялық жүйелердегi, темiржол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбыржолдарындағы, газ құбыржолдарындағы аварияларды жою үшiн және жедел медициналық араласу қажеттілігі үшін, сондай-ақ коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың тасымал жолында тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 29) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
29) Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің, сондай-ақ олардың атынан жұмыс істейтін тапсырыс берушілердің оқшауланған бөлімшелерінің шет мемлекеттің аумағында өз қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
30) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31) тармақша жаңа редакцияда
31) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, тиісті өкілеттіктері Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында белгіленген акционерлік қоғамдардан және шаруашылық серіктестіктерінен сатып алуы;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 31-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 31-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-1) мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан, мұндай сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарыңда, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында көзделген жағдайларда, сатып алуы;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 31-2) тармақшамен толықтырылды
31-2) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 31-3) тармақшамен толықтырылды
31-3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органның тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес өзі оларға қатысты басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардан мұндай мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы бойынша сатып алуы;
32) 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33) Қазақстан Республикасы Президентін, өзге де күзетілетін тұлғаларды және күзетілетін тұлғалардың келуіне арналған объектілерді күзетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне бейне мұрағат қалыптастыру және ақпараттық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
33-1) Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президентіне және өзге де күзетілетін тұлғаларға қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік резиденцияларды, автокөлік құралдарын және әуе кемелерін ұстау, оларға қызмет көрсету және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің және өзге де күзетілетін тұлғалардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34) халықаралық төрелікте немесе халықаралық коммерциялық төрелікте және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
35) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тұлғадан мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
36) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 36-1) тармақшамен толықтырылды
36-1) шетелдік депозитарийлердің және өзге де қаржы ұйымдарының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды қоса алғанда, депозитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
37) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 38) тармақша өзгертілді
38) мамандандырылған ұйымының (агенттің) отандық өнім өндірушілерден азық-түлік тауарларын сондай-ақ оларды сақтау, өңдеу және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу. Мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
39) статистикалық бақылаулар деректерін өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 40) тармақша өзгертілді
40) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алу;
41) адвокаттардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған ақы төлеуден босатылған адамдарға көрсететін қызметтерін сатып алу;
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42) қылмыстық-атқару жүйесі органдарының түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары өндiретiн, орындайтын, көрсететiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуы. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң тiзбесi мен көлемiн, сондай-ақ осындай тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын түзеу мекемелерi мемлекеттік кәсiпорындарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 43) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
43) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымнан сатып алу;
44) 2009.29.12 № 233-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46) электр энергиясын сатып алу;
47) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 48) тармақша өзгертілді
48) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың табиғи газды, уранды және оның қосылыстарын сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 49) тармақшамен толықтырылды
49) нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервке тауарлар сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 50) тармақшамен толықтырылды; 2010.15.07. № 334-ІV ҚР Заңымен 50) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
50) жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдардан жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 51) тармақшамен толықтырылды
51) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 52) тармақшамен толықтырылды
52) отандық тауар өндірушілердің - мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылардың «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімдерді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 53) тармақшамен толықтырылды; 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 53) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 53) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
53) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымның мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 54) тармақшамен толықтырылды
54) ғарышкерлерді даярлау және ғарышкерлердің ғарышқа ұшуын жүзеге асыруды ұйымдастыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 55) тармақшамен толықтырылды; 2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 55) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
55) мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және ұзақ мерзімдік бес жылдық шарт бойынша олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың, егер соңғы үш жыл ішінде мұндай тауарларды сатып алу Қазақстан Республикасының шегінен тыс жүргізілген болса, тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша Қазақстан Республикасында тәжірибелік өнеркәсіп үлгісінде өндіруді және тауарларды сериялық өндіруді ұйымдастыруды көздейтін отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуы;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 56) тармақшамен толықтырылды
56) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 57) тармақшамен толықтырылды
57) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу қызметін көрсетуді сатып алу;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 58) тармақшамен толықтырылды
58) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігіне қауіп төндіретін ахуал туындаған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген ақша есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2011.18.02. № 408-IV ҚР Заңымен 59) тармақшамен толықтырылды
59) 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 60), 61), 62), 63) және 64) тармақшалармен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
60) егер мұндай біртекті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетiн қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаса, біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
61) зообаққа, театрға, кинотеатрға, концертке, циркке, мұражайға, көрмеге және спорттық іс-шараға баруға тапсырыс орналастыру;
62) тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің жобалау құжаттамасын әзірлеуді авторлық қадағалау, күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, олардың реконструкциясы мен күрделі жөндеуін авторлық қадағалау жөніндегі қызмет көрсетулерін сатып алу;
63) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұра объектісін (тарих және мәдениет ескерткішін) сақтау жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне техникалық және авторлық қадағалау жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64) театрдың, филармонияның, мұражайдың және мәдени-демалыс ұйымының сахналық көрсетілімдерді жүзеге асыру және көпшілік алдында өнер туындыларын орындау үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 65) тармақшамен толықтырылды
65) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі (тапсырмасы) бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тұлғадан сатып алу;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 66) тармақшамен толықтырылды
66) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган не оның ведомстволары Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 67) тармақшамен толықтырылды
67) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу.
2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен 68) тармақшамен толықтырылды
68) спорт түрлері бойынша спортшыларды ұстауға, қамтамасыз етуге, даярлауға және олардың спорттық іс-шараларға қатысуына, оның ішінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу оларға қатысты дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу осы Заңның 3-бабының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу қағидаты сақтала отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2012.28.06. № 22-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 1-тармағының 5), 6), 9-1), 11-1), 13), 21-1), 21-2), 33-1), 38), 48), 53), 55), 64), 66) және 67) тармақшаларының ережелері мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
5-бап. Мемлекеттік сатып алу процесі
1. Мемлекеттік сатып алу процесі:
1) 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;
3) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.
Осы тармақтың ережелері осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
2. 2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және онда мынадай мәліметтер:
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді; 2014.14.01. № 161-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) қосылған құн салығын есепке алмай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомаларды қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
2) осы Заңның 4-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімі;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланған қызметі мен орны;
2008.20.11. № 87-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) осы Заңның 37-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сома шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері қамтылуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көзделген жағдайларда, осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында бекітеді. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 7-тармағы орындалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді.
2012.13.01. № 543-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тапсырыс беруші мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде, уәкілетті органға мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдаланбай табыс етілетін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, жылдық жоспарды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруға міндетті.