Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауды Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады.
11-тарау. Қорытынды ережелер
2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 58-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58-бап. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
59-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы дауларды шешу
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
60-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
61-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
2. Мыналардың:
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 439-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат);
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу тәртібі туралы» 1993 жылғы 21 қазандағы Қаулысының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 18, 440-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті | | | | | | | | | Н.Ә. Назарбаев |