6. 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 331-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.
7-1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 330-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды іс қозғаған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі немесе ішкі істер органы жүргізеді.
8. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары анықтауды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 256-бабында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша жүргiзедi.
8-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176 (бірінші бөлігінде), 177 (бірінші бөлігінде), 177-1 (бірінші бөлігінде), 182 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер немесе қаржы полициясы органы жүргізеді.
8-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексi 209-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 214-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды қылмыстық iстi қозғаған қаржы полициясы органы немесе кеден органы жүргiзедi.
8-3. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабында көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды қылмыстық іс қозғаған ішкі істер органы немесе мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүргізеді.
8-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, қылмыстық істі қозғаған ішкі істер, қаржы полициясы органы немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді.
9. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 250-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, қаржы полициясының органы немесе кеден органы жүргiзедi.
10. Осы бапта көрсетiлген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау қылмысты жасады деген сезiктi адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.
11. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алуларға орай осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген ережелер бойынша жүргiзiледi.
12. Қылмыс жасады деп анықтау нысанында сотқа дейiнгi iс жүргiзу жүзеге асырылатын сезiктi адамды осы Кодекстiң 132-138-баптарында белгiленген ережелер бойынша анықтау органы ұстауы мүмкiн. Аталған адамға осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкiн.
13. Анықтау қылмыстық іс қозғалған күннен бастап отыз тәулікке дейінгі мерзімде істі сотқа жіберу үшін прокурорға берілгенге дейін жүргізіледі.
Осы Кодекстің 190-4-бабының 2) тармағында, 303-1-бабында көзделген жағдайларда бұл мерзім анықтау органының бастығы сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізудің хаттамасын бекіткен күннен бастап есептеледі.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұрынғы ред. қара) 286-бап өзгертілді
286-бап. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар
1. Анықтау барысында осы Кодекстiң 117-бабына сәйкес қылмыстың оқиғасы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адам, адамның кiнәлiлiгi, залалдың сипаты мен мөлшерi және iс бойынша мәнi бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мән-жайларды анықтау үшiн осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделгендердi қоспағанда, тергеу iс-әрекеттерi жүргiзiлуi; қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамның сотталғандығы бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтамалар, оның жұмыс немесе оқу орнынан мiнездемелер, iс үшiн мәнi бар өзге де материалдар талап етiлуi; жәбiрленушiден, куәгерден сұрау салу жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Жәбiрленушi (куәгер) ауызша нысанда сұралынуы мүмкiн. Сұраудың нәтижелерi анықтамамен ресiмделедi, онда жәбiрленушiнiң (куәгердiң) тегi, аты, әкесiнiң аты, тұратын жерi немесе жұмыс орны, оның хабардар болу дәрежесi мен сипаты көрсетiледi. Сұрау салу барысында осы Кодекстiң 219-бабында көзделген тәртiппен дыбыс, бейне жазу және кинотүсiру қолданылуы мүмкiн. Сұрау салу кезiнде жәбiрленушiнiң (куәгердiң) осы Кодекстiң 100-бабында көзделген қауiпсiздiк шараларын қылмыстық iс жүргiзу барысында оған қолданудың орындылығы туралы пiкiрi анықталады.
4. Анықтаушы жәбiрленушiге (куәгерге) осы Кодекстiң 75 және 82-баптарында көзделген оның құқықтарын және анықтаушының тергеушiнiң немесе соттың шақыртуы бойынша жауап алу үшiн келуге мiндеттілігiн түсiндiредi және айғақтар беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн жауаптылығы туралы қолхат алып ескертедi.
5. Жәбiрленушiге (куәгерге) сұрау салу туралы анықтама iстiң материалдарына қоса берiледi және анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде не сот талқылауы барысында одан жауап алу үшiн негiз болып табылады.
6. Жәбiрленушi (куәгер) ретiнде адамнан жауап алу, әдетте, белгiлi бiр жерден жол жүрiп кетуiне, мекен-жайын ауыстыруына байланысты, денсаулық жағдайы бойынша не өзге себептер бойынша ол қылмыстық iстi соттың талқылауына қатыса алмайды деп пайымдауға негiздер болған жағдайларда жүргiзiледi. Жеке айыптаушы болып табылатын жәбiрленушiден барлық жағдайда жауап алынуға тиiс.
7. Өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған адамнан сезiктi ретiнде жауап алынады.
287-бап. Айыптау хаттамасын жасау және iстi сотқа жiберу үшiн прокурорға беру
1. Анықтаушы анықтау аяқталған соң айыптау хаттамасын жасайды, онда: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кiмнiң жасағаны; қылмысты жасаудың мән-жайлары; оны жасады деп айыпталған адам туралы деректер; iс үшiн мәнi бар басқа да мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша (бап, бөлiк, тармақ) дәрежеленуi көрсетiледi. Хаттамаға анықтау барысында алынған барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақыртуға жататын адамдардың тiзiмi қоса берiледi.
2. Осы бапта белгiленген тәртiппен өзiне айыптау хаттамасы жасалған адам айыпталушы болып танылады.
3. Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасы мен оған қоса берiлген материалдарды зерделеп, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) хаттаманы бекіту және материалдарды сотқа жiберу үшiн прокурорға беру туралы;
2) хаттаманы бекітуден бас тарту туралы.
4. Айыптау хаттамасы бекітілген соң iстiң барлық материалдары осы Кодекстiң 275-бабында көзделген тәртiппен айыпталушыға және оның қорғаушысына, ал тиiстi өтiнiш болған кезде жәбiрленушi мен оның өкiлiне де танысу үшiн ұсынылады. Аталған адамдардың iстiң материалдарымен танысқаны туралы, сондай-ақ олар берген өтiнiштер мен оларды қараудың нәтижелерi туралы айыптау хаттамасына тиiстi жазбалар жасалады.
5. Анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасы iстiң материалдарымен бiрге сотқа жiберу үшiн прокурорға берiледi. Айыптау хаттамасының көшiрмесiн анықтау органы айыпталушыға табыс етедi.
6. Егер iс азаматтардың, лауазымды адамдардың немесе ұйымдардың өтiнiшi немесе хабарлауы бойынша қозғалған болса, олар анықтаудың аяқталғаны және iстiң сотқа жiберу үшiн прокурорға берiлгенi туралы хабарландырылады.
7. Айыпталушыға қатысты iстi сотқа жiберу кезiнде осы Кодекстiң 18 және 19-тарауларының ережелерi бойынша бұлтартпау шарасы немесе мәжбүрлi iс жүргiзудiң басқа шарасы таңдап алынуы мүмкiн.
ҚР 22.02.02 ж. № 296-II Заңымен ; 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 288-бап өзгертілді
288-бап. Алдын ала тергеу жүргiзу
1. Осы Кодекстің 285-бабының екінші, үшінші, бесінші, жетінші, 7-1, сегізінші, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөліктерінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, егер оларды жасады деп күдік келтірілген адам белгісіз болса немесе оларды кәмелетке толмағандар немесе өзінің дене немесе психикалық кемшіліктеріне байланысты өзін қорғау құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, алдын ала тергеу жүргізу міндетті.
2. Анықтау органының бастығы осы Кодекстiң 285-бабының үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмде iстiң мән-жайларының жан-жақты және толық зерттелуiн қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда да алдын ала тергеу жүргiзудi тағайындауға құқылы.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда алдын ала тергеудi осы Кодекстiң 65-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4-тармағымен белгiленген өз құзыретiне сәйкес анықтау органдары жүргiзедi.
4. Осы Кодекстiң 196-бабында белгiленген алдын ала тергеу мерзiмi осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда қылмыстық iс қозғалған кезден бастап есептеледi.
2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 289-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
289-бап. Прокурордың анықтауды қадағалау жөніндегі өкiлеттiктерi
Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтау жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiктерге ие болады, бұдан басқа ол:
1) айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық iстi сотқа жiберуге;
1-1) iстi қосымша анықтау немесе тергеу жүргiзу үшiн не айыптау хаттамасын немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшiн анықтаушыға қайтаруға құқылы, бұл туралы дәлелдi қаулы шығарады;
2) анықтау жүргiзiлетiн қылмыстық iстi алдын ала тергеу жүргiзуге жiберуге;
3) анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасының күшiн жоюға және осы Кодексте көзделген негiздер бойынша анықтауды қысқартуға құқылы.
7-бөлім. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу
38-тарау. Қылмыстық істердің соттылығы
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен 290-бап өзгертілді; 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 64-IV ҚР Занымен (бұр.ред.қара) 290-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 290-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
290-бап. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер
1. Аудандық және оларға теңестірілген соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Мамандандырылған соттардың соттауына жатқызылған қылмыстық істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады.
3. Аудандық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурордың шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарайды, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың мерзімдерін ұзартуға санкция береді.
4. Үкімді орындау сатысында аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда аудандық және оларға теңестірілген соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына жасалған шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
2008.05.07 № 64-IV ҚР Занымен 290-1-баппен толықтырылды; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 127-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 290-1-бап өзгертілді
290-1-бап. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына жатқызылған қылмыстық істер
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына:
1) қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың және гарнизонның әскери сотының соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103 (екінші бөлігінің л) тармағында), 104 (екінші бөлігінің з) тармағында), және үшінші бөлігінің в) тармағында), 122, 124, 131, 132, 132-1, 133 (бірінші - үшінші бөліктерінде), 134, 135-баптарында, 136-бабында (бірінші бөлігінде), 137, 138, 138-1, 139-баптарында көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер жатқызылады.
Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, оның соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) сот қарауға құқылы.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 290-2-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
290-2-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттауына жататын қылмыстық істер
1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың соттауына аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар үкімді орындау сатысында өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 290-3-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
290-3-бап. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың және гарнизондардың әскери соттарының соттауына жататын қылмыстық істер
1. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары бірінші сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың соттауына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген аса ауыр әскери қылмыстар туралы;
2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да аса ауыр қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
3. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың соттауына жататын істерді қоспағанда, гарнизондардың әскери соттарының соттауына:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар туралы;
2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар; өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының адамдары жасаған басқа да қылмыстар туралы қылмыстық істер жатады.
4. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары үкімдерді орындау сатысында өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және гарнизондардың әскери соттары өздерінің соттауына жатқызылған істер бойынша, прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
11.07.01 ж. № 238-II; 2005.30.12 № 111-III (бұр. ред. қара); 2006.16.01. № 122-III (бұр. ред. қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.10.07. № 175-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 291-бап өзгертілді; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 291-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 291-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
291-бап. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер
1. Облыстық және оған теңестірілген сот апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Облыстық және оған теңестірілген сот аудандық және оларға теңестірілген соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың, сондай-ақ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
3. Облыстық және оған теңестірілген сот бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдерге және қаулыларға кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.
4. Облыстық және оларға теңестірілген соттар қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында аудандық және оған теңестірілген соттардың қылмыстық қудалау органының әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды апелляциялық тәртіппен қараған кезде, тергеушінің, анықтау органының күдіктіге, айыпталушыға қатысты үйде қамауда ұстау, қамауға алу түріндегі таңдаған бұлтартпау шараларына, олардың мерзімін ұзартуға санкция беру туралы мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына берілген жеке шағымдарды, наразылықтарды қарайды.
5. Үкімді орындау сатысында облыстық және оған теңестірілген соттар бірінші сатыдағы соттардың осы Кодекстің 452 және 453-баптарында көрсетілген мәселелерді қараған кезде шығарған қаулыларына берілген жеке шағымдарды, наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қарайды.
6. Осы Кодексте көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестірілген соттар прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 291-1-баппен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
291-1-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді қарау
Қылмыстық заңда тыйым салынған әрекетті есі дұрыс емес күйінде жасаған не оны жасағаннан кейін жүйке ауруына шалдыққан адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді осы Кодекстің 290, 290-1, 290-2, 290-3-баптарында белгіленген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы сот қарайды.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II; 11.07.01 ж. № 238-II Заңымен 292-бап өзгертілді; 2005.30.12 № 111-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 292-бап жаңа редакцияда; 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 292-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
292-бап. Жоғарғы Соттың соттауына жататын қылмыстық істер
1. Жоғарғы Сот:
1) істерді кассациялық сатыда қарағаннан кейін ғана бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына;
2) кассациялық сатыдағы соттың қаулыларына тараптардың өтініштері мен прокурордың наразылықтары бойынша істерді алқа болып қарайтын жоғары сот сатысы ретінде әрекет етеді.
2. Жоғарғы Соттың жалпы отырысы осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Жоғарғы Сот алқасының қаулыларына Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы немесе Бас Прокурордың наразылығы бойынша істерді қарайды.
3. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Жоғарғы Сот прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына шағымдарды қарайды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 293-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2012.17.02. № 565-ІV ҚР Заңымен 293-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
293-бап. Әскери соттың соттауына жататын істер
1. Әскери сот апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді.
2. Әскери сот гарнизондардың әскери соттарының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың заңды күшіне енбеген үкімдеріне және қаулыларына апелляциялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді апелляциялық тәртіппен қарайды.
3. Әскери сот гарнизондардың соттары, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттар және Әскери Соттың апелляциялық сатыдағы соттары шығарған, заңды күшіне енген үкімдерге және қаулыларға кассациялық (жеке) шағымдар, наразылықтар бойынша істерді кассациялық тәртіппен қарайды.
4. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Әскери сот өзінің соттауына жатқызылған істер бойынша прокурордың іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздердің болмауына байланысты қозғалған іс жүргізуді қысқарту туралы қаулысына берілген шағымдарды және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.
294-бап. Қылмыстық iстердiң аумақтық сот қарауына жатуы
1. Қылмыстық iс қылмыс жасалған жердегi сотта қаралуға тиiс.
2. Егер қылмыс бiр соттың қызмет жасайтын жерiнде басталып, басқа соттың қызмет жасайтын жерiнде аяқталса, iс тергеу аяқталған жердегi сотта қаралады.
3. Егер қылмыс Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жасалса немесе қылмыс жасалған жердi анықтау мүмкiн болмаса, немесе қылмыстар әртүрлi жерде жасалса, iстi тергеу аяқталған жердегi сот қарайды.
2008.05.07. № 64-IV ҚР Заңымен 295-бап үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылды; 2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 295-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
295-бап. Қылмыстық істерді біріктіру кезінде соттылықты белгілеу
Бір адамды немесе адамдар тобын бірнеше қылмыстар жасағаны үшін айыптау кезінде, олардың ең болмағанда біреуі аса ауыр қылмыс санатына жататын болса, істі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарайды, ал осы Кодекстің 290-3-бабында көрсетілген қылмыстар туралы істерді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот қарайды.
Аса ауыр қылмыстар санатына жатпайтын қылмыс бірге қатысумен жасалған жағдайда және істі жеке іс жүргізуге бөліп шығару мүмкін болмаған кезде істерді:
егер бірге қатысушылар арасында әскери қызметші болмаса, бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі кәмелетке толмаған болып табылатын істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот;
бірге қатысушылардың ең болмағанда біреуі әскери қызметші немесе осы Кодекстің 290-3-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында көрсетілген басқа тұлға болып табылатын істерді гарнизонның әскери соты қарайды.
2009.10.12. № 227-IV ҚР Заңымен 296-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
296-бап. Iстi iс жүргiзуге қабылдаған соттың қылмыстық iстi соттың қарауына жатқызылуы бойынша беруi
1. Егер сот келiп түскен iстiң өзiнiң қарауына жатпайтынын анықтаса, онда iстi соттың қаралуына жатқызылуы бойынша жiбередi.
2. Егер осы Кодекстiң 294-бабында көзделген iстiң аумақтық сот қаралуына жатқызылуы ережелерiн бұзушылық басты сот отырысында анықталса, онда процестiң барлық қатысушыларының келісімiмен сот iстi өзiнiң iс жүргiзуiнде қалдыруға құқылы.
3. Егер іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың немесе кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың немесе гарнизонның әскери сотының соттауына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда соттылығы бойынша жіберілуге жатады.