«1) жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруді жүргізуге, ал олар болмаған жағдайда - жеке басын анықтау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке тұлғаларды ұстауды жүзеге асыруға және оларды ішкі істер органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жеткізуге;»;
«3) құқық бұзушылықтарды немесе терроризмге қарсы операцияға қатысатын адамдардың заңды талаптарына кедергі келтіруге бағытталған өзге де әрекеттерді жасаған немесе жасайтын, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағына рұқсатсыз кірумен немесе кіруге әрекет жасаумен байланысты әрекеттері үшін адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға және ішкі істер органдарына жеткізуге;»;
8) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Ұйымдардың террористік іс-әрекет үшін жауаптылығы
1. Террористік іс-әрекетті жүзеге асырған жағдайда ұйымның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімшесінің (филиалы мен өкілдігінің) іс-әрекетіне оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен террористік деп тану және тарату арқылы тыйым салынады.
2. Террористік деп танылған ұйымды тарату кезінде оған (филиалы мен өкілдігіне) тиесілі Қазақстан Республикасы аумағындағы мүлкі тәркіленеді және мемлекет кірісіне өндіріп алынады.».
7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:
«26-2) ұлттық қауіпсіздік органдарымен және ішкі істер органдарымен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;».
8. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің он төртінші абзацындағы «адамдар жатады.» деген сөздер «адамдар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді.».
9. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 16, 90-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
6-баптың 19) тармақшасындағы «халықаралық терроризмге» деген сөздер «терроризмге» деген сөзбен ауыстырылып, «дiни және саяси» деген сөздер алып тасталсын.
10. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
12-баптың 3-тармағының 10-1) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;
10-тармақтың төртінші абзацы 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) экстремизмді жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды;».
11. «Экстремизмге қарсы iс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) экстремизм - мыналардың:
жеке және (немесе) заңды тұлғаның, белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдар атынан жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;
жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды:
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, егемендiгiн, оның аумағының тұтастығын, қолсұғылмаушылығын және бөлiнбестігiн бұзуды, мемлекеттiң ұлттық қауіпсiздiгі мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiрудi, билікті күшпен басып алуды немесе билікті күшпен ұстап тұруды, заңсыз әскерилендiрілген құралым құруды, оған басшылық жасауды және қатысуды, қарулы бүлiк ұйымдастыруды және оған қатысуды, әлеуметтік, тектiк-топтық алауыздықты қоздыруды (саяси экстремизмдi);
нәсілдiк, ұлттық және рулық алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды (ұлттық экстремизмдi);
дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;
2) экстремизмге қарсы iс-қимыл - мемлекеттiк органдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негiздерiн, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiгiн экстремизмнен қорғауды қамтамасыз етуге, экстремизмнің алдын алуға, оны анықтауға, оның жолын кесуге және салдарларын жоюға, сондай-ақ экстремизмдi жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметi;
1) тармақшаның он бірінші абзацы 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) экстремизмді қаржыландыру - жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің экстремистік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің экстремизмді жүзеге асыру не экстремистік топты, экстремистік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;
4) экстремизмнiң профилактикасы - экстремизмнің алдын алуға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де шаралар жүйесi;
5) экстремистiк әрекеттер - экстремистiк мақсаттағы әрекеттер жасауға жария түрде шақыруды, экстремистiк ұйымдардың нышандарын насихаттауды, үгіттеуді және көпшiлiкке жария көрсетудi қоса алғанда, осындай әрекеттердi тiкелей iске асыру;
6) экстремистiк әрекеттерді ұйымдастыру - экстремистiк әрекеттерге басшылық ету, экстремизмдi қаржыландыру, экстремистiк мақсатта адамдарды азғырып тарту, құралдар мен қарулар жасау және иемдену, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiктерiнің экстремизмдi жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталған басқа да әрекеттерi;
7) экстремистiк материалдар - экстремистік әрекеттердiң белгілерін және (немесе) оны жүзеге асыруға шақыруды қамтитын не оларды жасау қажеттігін негiздейтiн немесе ақтайтын кез келген ақпараттық материалдар;
1) тармақшаның он алтыншы абзацы 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) экстремистік топ - бір немесе бірнеше экстремистік қылмыс жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ;
9) экстремистік ұйым - экстремизмдi жүзеге асыратын және сот экстремистiк деп таныған заңды тұлға, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігi.»;
2) 3-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында мақсаттары немесе әрекеттерi экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған ұйымдарды (филиалдар мен өкілдiктерді) құруға және олардың іс-әрекетіне тыйым салынады.»;
3) 7-бапта:
3) тармақшаның екінші абзацы 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтағы «қылмыстарды» деген сөз «қылмыстық құқық бұзушылықтарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Прокурорлар жеке және заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын бұзғаны фактілерін тапқан кезде немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы әрекеттер туралы мәлiметтер болған кезде, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерiне зиян келтiруі мүмкін экстремистiк материалдар таратылған жағдайда, экстремизмнiң кез келген көрiнiстерiн, оны жүзеге асыруға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру туралы прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді, ұйымдар экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда олардың қызметiне тыйым салу туралы сотқа өтініш бередi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шектерде қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.»;
4) 8 және 9-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Ұйымды экстремистiк деп тану тәртiбi
1. Ұйымды экстремистiк деп тану сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Егер ұйымның құрылымдық бөлiмшелерінің (филиалдары мен өкілдiктерiнің) бiреуi болса да осы ұйымның басшы органдарының бiрiнiң рұқсатымен экстремизмдi жүзеге асыратын болса, ұйым экстремистiк деп танылады.
2. Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында өз іс-әрекетін жүзеге асыратын ұйымды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен прокурордың өтiнiшi бойынша сот экстремистiк деп таниды.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде прокуратура органдарына ұйымды экстремистiк деп тану үшiн қажеттi айғақтық базаны қалыптастыру үшiн материалдар беруге мiндеттi.
9-бап. Экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу
1. Экстремизмнің профилактикасы, оны анықтау және оның жолын кесу мақсатында өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган соттардың шешімдері негізінде экстремистік ұйымдарды, экстремистік деп танылған ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алуды жүргізеді.
2. Сот ұйымды экстремистік деп таныған және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін оны тарату арқылы іс-әрекетіне тыйым салған, сондай-ақ ақпараттық материалдарды экстремистік деп таныған не экстремизмді жасағаны үшін адамдарды жауаптылыққа тартқан кезде, өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға сот ақпараттық есепке алу құжаттарын дереу жіберуге міндетті.
3. Өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот экстремистік деп таныған ұйымдардың және ақпараттық материалдардың бірыңғай тізімдерін жүргізеді.
Көрсетілген тізімдер өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.»;
5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара iс-қимылы
Экстремизмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыретi шегiнде:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүмкiндiктерiн, сондай-ақ азаматтардың жәрдемін пайдалана отырып, бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды;
2) экстремизм белгілері бар және осы мемлекеттік органдардың құзыретiне жататын іс-әрекеттердің дайындалуы және жасалуы фактiлерi мен белгiлерi туралы хабарлайды және өзара қажеттi көмек көрсетедi.»;
6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк органдардың экстремизмге қарсы iс-қимыл жөніндегі қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары жүзеге асырады.»;
7) 12-бапта:
тақырыбындағы «басып шығаруға және» деген сөздер «әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлігіндегі «басып шығаруға және» деген сөздер «әкелуге, басып шығаруға, әзірлеуге және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлігінде:
«Қазақстан Республикасының аумағында», «мәлімдеуімен» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе)», «өтінішімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және таратуға» деген сөздер «, әзірлеуге және (немесе) таратуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Ұйымдардың экстремизмдi жүзеге асырғаны үшiн жауаптылығы
1. Экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда ұйымның, сондай-ақ оның құрылымдық бөлiмшесінің (филиалы мен өкiлдiгінің) іс-әрекетіне оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен экстремистік деп тану және тарату арқылы тыйым салынады.
2. Экстремистік деп танылған ұйымды тарату кезінде оған (филиалы мен өкілдігіне) тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкі тәркіленеді және мемлекет кірісіне өндіріп алынады.
3. Экстремизм бұқаралық ақпарат құралын пайдалана отырып жүзеге асырылған жағдайда, осындай бұқаралық ақпарат құралы меншік иесінің немесе оны таратушының қызметін сот заңда белгіленген тәртіппен тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады.
4. Жеке тұлғалар бiрлестiгi экстремизмдi жүзеге асырған жағдайда оның іс-әрекетіне осы Заңның 7-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген органдардың арызы бойынша сот тыйым салады.».
12. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 132-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2014ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
4-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «принциптері» деген сөз «қағидаттары» деген сөзбен ауыстырылып, 2-тармағының 4) тармақшасындағы «халықаралық» деген сөз алып тасталсын.
13. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат):
1) тармақша 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) терроризмді қаржыландыру - жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;»;
2) 12-баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында террористік іс-әрекетті немесе экстремизмді жүзеге асыратын ұйымды террористік немесе экстремистік деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген шешімі;
2) тармақшаның үшінші абзацы 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) жеке тұлғаны экстремистік және (немесе) террористік қылмысты жасағанына кінәлі деп тану туралы Қазақстан Республикасы сотының заңды күшіне енген үкімі;».
14. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 10, 46-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат):
6-баптың 1) және 3) тармақшаларындағы «халықаралық» деген сөз алып тасталсын.
15. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат):
1) 14-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі;»;
2) 20-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «тиесілігі» деген сөз «қатыстылығы» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 48-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) егер ұлттық қауіпсіздік органдарында оның экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болса, сондай-ақ оның әрекеттерінде сот қауіпті түрде қайталанған қылмыс бар деп таныған жағдайда;»;
3) 49-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандығы болған;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болған кезде;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көшіп келушілерге Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ұлттық қауіпсіздік органдарының оң келісімінсіз рұқсат беруге тыйым салынады.».
16-тармақ 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 3-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 94-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат):
21-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасына қарсы нұқсан келтіру іс-әрекетін жүзеге асыратын, Қазақстанның егемендiгiне, аумақтық тұтастығына, оның халқының бiрлiгiне, елдегi қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылыққа жария түрде қарсы шығатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ егер оларға қатысты олардың экстремизмге немесе террористік іс-әрекетке қатыстылығы туралы мәліметтер болса не сот олардың әрекеттерінде қауіпті түрде қайталанған қылмыс бар деп таныған жағдайда, олардың Қазақстан Республикасына келуiне жол берiлмейдi. Қазақстан Республикасының аумағында болатын және осындай мазмұндағы жария әрекеттерге жол беретін шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар елден шығарып жіберілуге жатады, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарына сәйкес өзге де жауаптылықта болады.».
2-бап. Осы Заң, 2015 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын, 5-тармағының 1), 2) тармақшаларын, 6-тармағы 1) тармақшасының бесінші, алтыншы және оныншы абзацтарын, 10-тармағының төртінші абзацын, 11-тармағы 1) тармақшасының он бірінші және он алтыншы абзацтарын және 3) тармақшасының екінші абзацын, 13-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының үшінші абзацын, 15-тармағының 3) тармақшасын, 16-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.