Қазақстан Республикасы Yкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 11 қыркүйектегі № 1376 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Yкіметінiң 02.04.01 ж. № 430; 27.09.01 ж. № 1256; 20.02.02 ж. № 231; 03.04.02. № 397;10.06.03 ж. № 547; 12.08.03 ж. № 802 (бұр.ред. қара); 25.11.03 ж. № 1175; 08.04.04 ж. № 389; 23.11.04 ж. № 1227; 21.12.04 ж. № 1352 (бұр.ред. қара); 2005.28.04. № 398 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2005.22.09. № 941 (бұр.ред.қара); 2005.30.12. № 1327 (бұр. ред. қара); 2006.15.03. № 172 (бұр.ред.қара); 2006.07.09. № 846 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.07.04. № 323 (бұр.ред.қара); 2008.16.06. № 587 (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1248 (бұр.ред.қара); 2009.15.05. № 728 (бұр.ред.қара); 2009.29.10. № 1707 (бұр.ред.қара); 2010.23.06. № 632 (бұр.ред.қара); 2010.27.12. № 1420 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; 2011.30.05. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.03. № 369 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.12.10. № 1296 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.29.05. № 541 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.24.02. № 147 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия мынадай құрамда құрылсын:
Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Қолбасшысының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшылық кеңесі басшысының орынбасары (келісім бойынша)
«Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)
«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры (келісім бойынша)
«Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы конституциялық құқық және мемлекеттік басқару кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары - басқарма мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Аппарат басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі Аппаратының заңнама бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі
Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы (келісім бойынша)
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы (келісім бойынша)
«KazEnergy» заңды тұлғалар бірлестігінің құқық мәселелері бойынша атқарушы директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.
ҚР Yкіметінiң 21.08.03 ж. № 840 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді(бұр. ред. қара)
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже;
2) алып тасталды
3. Ағымдағы және перспективадағы заң жобалау жұмыстары жобаларының орындалуына жалпы бақылау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне жүктелсiн.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар әр айдың 25-шi күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау, заң жобаларының Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Парламентiнде өтуi туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстарының орындалу барысы туралы есептi ұсынсын.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі:
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің барысын ай сайын қорытсын, шұғыл және басым заң жобаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындайтын заң жобаларын дайындау туралы ақпаратты, сондай-ақ заң жобалау жұмыстары жоспарларының орындалу барысы туралы ақпаратты дайындасын және есепті айдан кейінгі айдың бірі күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберсін;
уәкiлеттi мемлекеттік органдардың заң жобаларын әзiрлеу мерзiмдерiн бұзушылықтары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жедел хабарласын және анықталған тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiндегі шараларды ұсынсын.
ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300; 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Уәкiлеттi мемлекеттік органдар Үкіметтiң Парламентке енгізген заң жобаларының мәтiндерiне заңның тұжырымдамасымен, оның құқықтық мазмұнын өзгертумен байланысты және мемлекеттік кiрiстердi азайтуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтiн өзгерістер мен толықтыруларды Үкіметпен келiспей енгізудi болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі Регламентiнiң 79-тармағының талаптарын қатаң орындауды қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасы Yкіметінің Парламенттегi Өкiлдiгi Премьер-Министрдi, оның орынбасарлары мен Премьер-Министр Кеңсесiнің Басшысын Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заң жобаларының және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қызметiне қатысы бар Қазақстан Республикасының Парламентi қарайтын басқа да мәселелердің өту процесi туралы тұрақты хабардар етсiн.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1376 қаулысымен
бекітілген
Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 24.06.02 ж. № 690 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Комиссия қызметiнiң басты мақсаты Республиканың қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және уәкiлеттi мемлекеттік органдарының заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды жасаудан тұрады.
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын , өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның мiндеттерi
ҚР Үкіметінің 27.09.01 ж. № 1256; 24.06.02 ж. № 690; 10.12.02 ж. № 1300; 21.08.03 ж. № 840 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ толықтырылды және өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.21.12. № 1575 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 541 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының заң жобалау қызметiн талдау;
2) Президенттің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауларын, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламаларды, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, Үкімет шешімдерін, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелерін, қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдарды, Премьер-Министрдің шешімдерін, заң жобасы республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін азайтуды көздеген жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу;
3) заң жобалау қызметiнiң басым бағыттары туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзу;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Парламентiнде заң жобаларының әзiрленуi және жүруi процесiнде туындайтын мемлекеттік органдардың арасындағы келiспеушiлiктердi реттеу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
5) мемлекеттік органның өтініші бойынша мерзімдерді ауыстыру және тиісті жылға арналған Заң жобалау жұмыстарының жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді қарау;
6) Үкіметтің Парламент Мәжілісінен заң жобаларын қайтарып алу мәселелері бойынша ұсынымдарды алдын-ала әзірлеу;
7) Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларын Үкіметке түскен күнінен бастап 15 күндiк мерзімде олар бойынша оң не өзге бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен қарау;
8) заңнамалық актілерде реттеп қойылған қатынастар бойынша заң жобаларының тұжырымдамаларын (қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заң жобаларын қоспағанда) және заң жобаларын әзірлеу туралы ұсыныстарды алдын ала қарау;
9) заң жобаларын ғылыми, криминологиялық және өзге де сараптамаға жіберу туралы, сондай-ақ заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми құқықтық сараптамаға жiберу туралы ұсынымдар әзірлеу;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын талдау және оны жүйелеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
11) заңнаманы кодификациялау жөнiндегi жұмыстың басым бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына енгiзу;
12) кодификацияланған және топтастырылған актілердің жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу.
3. Комиссияның негiзгi құқықтары
5. Комиссияның өз мiндеттерiне сәйкес:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара iс-әрекет жасауға;
2) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсынымдар жасауға және ұсыныстар енгізуге;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан сұратуға және алуға;
4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға құқылы.
4. Комиссияның қызметiн ұйымдастыру
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия мүшелеріне жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшыны Комиссия мүшелері сайлайды және ол Комиссия мүшелерінің құрамына кірмейді.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Yкіметінiң 2009.29.10. № 1707 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 541 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Комиссияның отырыстары күнтiзбелiк жылғы айдың үшiншi жұмасында, қажет болғанда, Комиссияның төрағасы белгілейтiн өзге де күндерде өткiзiледі.
10. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссияның Төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша анықтайды және нақтылайды.
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды
10-1. Комиссияның әрбір отырысына Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің басшылары міндетті түрде қатысуы тиіс.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 541 Қаулысымен 12-1-тармақпен толықтырылды
12-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді Комиссияда қарау қажеттігі болған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен олар бойынша сырттай дауыс беру өткізілуі мүмкін.
Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беру мерзімі мәселе бойынша материалдар дауыс беру үшін жіберілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанға дейін Комиссия мүшелері Әділет министрлігіне өз пікірлерін білдіре отырып жазбаша жауаптарын жолдайды. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауаптар түспеген жағдайда, Комиссия мүшесі оң дауыс берді деп есептеледі. Дауыс беруді Комиссия мүшелері ауыстыру құқығынсыз жүзеге асырады.
Егер Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, сырттай дауыс беру жүргізілді деп есептеледі.
Сырттай дауыс берудің нәтижелері осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
13. Заң жобалау қызметiн жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келісімi бойынша Комиссияның Терағасы немесе хатшысы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарауына енгiзедi.
14. Комиссияның құзыретiне қатысты қажетті материалдарды әзiрлеу үшiн ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар және жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн.
15. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2011.21.12. № 1575 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 541 Қаулысымен 15-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Комиссия отырысында қарау үшін ұсынылған заң жобаларының тұжырымдамалары 3 жұмыс күні ішінде барлық Комиссия мүшелеріне және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмаларымен келіп түскен шұғыл мәселелерді қоспағанда, Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдар өз ескертулері мен ұсыныстары болған жағдайда оларды 7 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады. Ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды Әділет министрлігі заң жобасының тұжырымдамасы бойынша алдын ала қорытындыға қоса тіркейді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссия мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріле отырып пысықталған заң жобаларының тұжырымдамаларын Комиссия отырысына шығарады. Комиссия мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарымен тұжырымдаманы әзірлеуші орган келіспеген жағдайда, тиісті ескертулер мен ұсыныстар Комиссия отырысында талқылауға жатады.
Комиссия мүшелеріне материалдарды жіберу Комиссия отырысы басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
ҚР Yкіметінiң 2006.15.03. № 172 қаулысымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды деп саналады. Комиссия мүшелерінің отырысқа қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беруге құқығы жоқ.
ҚР Үкіметінің 2013.29.05. № 541 Қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Заң жобалау қызметi мәселелерi
жөнiндегi ведомствоаралық комиссия
туралы ережеге
қосымша
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық
комиссия мүшелерінің отырыстың күн тәртібіндегі мәселе бойынша
дауыс беру нәтижелерін есепке алу парағы
Р/с № | Заң жобалау қызметі бойынша ведомствоаралық комиссияның мүшесі | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
Жақтағандар | Қарсы болғандар |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
| Дауыс берген Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерінің барлығы: | | |
| | | | |
Дауыс беру нәтижелері: ________________________________________
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Ведомствоаралық комиссия мүшесі отырыста немесе сырттай дауыс беру нәтижелерін қорытындылау кезінде жоқ болған жағдайда, тиісті белгі қойылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1376 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының уәкiлетті органдарында
заң жобалау жұмысын ұйымдастыру
ережесi
1. «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне сәйкес осы Ереже заң жобаларын әзiрлеушi - уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмысын ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi.
2. Уәкiлеттi органдар заң жобаларын, әдетте, Қазақстан Республикасының ?кіметі заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларына, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жекелеген тапсырмаларына сәйкес әзiрлейдi.
Қажеттi жағдайларда заң жобаларын әзiрлеудi Уәкiлеттi органдар өз бастамасы бойынша - олардың белгiленген құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.
3. Заң жобасын әзiрлейтiн уәкiлеттi орган жобаны әзiрлеу жөнiнде жұмыс тобын құрады немесе оны әзiрлеудi жұмыс тобының функцияларын орындайтын өзiнiң бiр бөлiмшесiне тапсырады. Жобаны әзiрлеуге жобаны әзiрлейтiн органның заңгерлiк бөлiмшесi қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi.
Жұмыс тобына қатысу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, сондай-ақ реттеуге ұсынылатын құқықтық қатынастар саласындағы мамандар мен ғалымдар шақырылуы мүмкiн.
4. Егер заң жобалау жұмыстарының жоспарымен немесе заң жобасын әзiрлеу туралы тапсырмамен өзгеше белгiленбесе, Уәкiлеттi орган заң жобасын әзiрлеудi ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдарға немесе шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, оның iшiнде шетелдiктерге тапсыра алады.
Уәкiлеттi орган балама жобаларды әзiрлеудi бiр немесе бiрнеше тұлғаға тапсыруға құқылы.
Заң жобаларының сапасы, уақытылы әзiрленуi мен ұсынылуы үшiн Уәкiлеттi органдардың бiрiншi басшылары жеке жауап бередi.
5. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау жұмыстарының жоспарларын және заң жобаларын әзiрлеу жөніндегі жекелеген тапсырмаларды орындауын жалпы қадағалауды, олардың осы бағыттағы қызметiн әдiстемелiк басқаруды және сол үшiн қажеттi ақпараттық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады.
6. Заң жобасының мәтiнi әдеби тiлдiң, заң терминдерiнiң нормаларын, заң техникасының талаптарын және заңнамамен белгiленген өзге де талаптарды сақтай отырып әзiрленуге тиiс.
7. Заң жобасын әзiрлеу тиiстi салалар мен қоғамдық өмiр салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану практикасы, Мемлекет басшысының Қазақстанның халқына Жолдауы, Конституциялық Кеңестiң жыл сайынғы жолдауының ережелерi мен Жоғарғы Соттың сот практикасы түсiндiрмелерi ескерiле отырып, жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда
8. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгiзетін заң жобалары бойынша «Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» Үкiметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттік және орыс тілдерiнде ұсынылады.