Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 395 Қаулысы
(2011.06.04. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қайта аталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 сәуірдегі
№ 395 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-102-жолмен толықтырылсын:
«21-102. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ»;
«Алматы қаласы» деген бөлімдегі реттік нөмірі 123-96-жол алып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 282-жолдағы «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«20. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ».
4ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
«Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде:
«Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар» деген кестеде:
реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанындағы «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен назарға алынған «Ұлттық компанияларды дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімде:
«2007-2009 жылдарға арналған перспективалар» деген бөліктегі мазмұнда:
он екінші абзацтағы «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2007-2009 жылдарға арналған перспективалар» деген кіші бөлімдегі:
«Қазғарыш» ҰК» АҚ деген тараудың тақырыбындағы «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ұлттық компанияларды дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері» деген кестенің мәтініндегі «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. «2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 954 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 406-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген 2007-2009 жылдарға арналған «Байқоңыр» кешенінің инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген 5-бөлімде:
«Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер мен қонақ үй кешенін салу» деген 5.7-кіші бөлімде:
төртінші абзацтағы «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 438 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 17, 191-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдағы «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Бағдарламалық құжаттарда көзделген міндеттерді орындау үшін құрылған мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың тізбесіндегі:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімдегі реттік нөмірлері 15 және 18-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» деген бөліммен және реттік нөмірлері 23 және 24-жолдармен толықтырылсын:
«23. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 100 %
24. «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы 50 %».
10. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолдағы «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
көрсетілген қаулымен назарға алынған «Ұлттық компаниялардың 2008-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімде:
он үшінші абзацтағы «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2008-2010 жылдарға арналған перспективалар» деген кіші бөлімдегі:
«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ деген тараудың тақырыбындағы «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Ұлттық компанияларды дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері» деген кестенің мәтініндегі «Қазғарыш» деген сөз «Қазақстан Ғарыш Сапары» деген сөздермен ауыстырылсын.