«Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 212 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 274 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ақмола және Қарағанды облыстарының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестері республикалық меншікке қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ) орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі (бұдан әрі - акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) мемлекеттік қатысу үлестеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 2 және 3-тармақтарында көрсетілген іс-шаралар орындалғаннан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін беру жолымен «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ-ның жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Қарағанды облысы» деген бөлімдегі реттік нөмірлері 214-1, 214-10-жолдар алынып тасталсын;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 20-1-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетіне» деген бөлімдегі реттік нөмірі 286-жол алынып тасталсын;
3) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімдегі реттік нөмірі 7-жол алынып тасталсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 19 наурыздағы
№ 212 қаулысына
1-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеті және мемлекеттік қатысу үлестері республикалық меншікке қабылданатын және «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
Р/с № | Ұйым атауы | Мемлекеттік қатысу үлесі, % |
1 | «ҚарағандыЛифтМонтаж» акционерлік қоғамы | 77,69 |
2 | «Теміртау қаласының Индустриялық паркі» жауапкершілігі шектеулі ceріктестігi | 100 |
3 | «UniScien Tech технопаркі» жауапкершілігi шектеулі серіктестігi | 25,77 |
4 | «Жобалық-өндірістік сәулет-жоспарлау бюросы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігi | 100 |
5 | «Сәулет-жоспарлау бюросы» жауапкершілігi шектеулі серіктестігi | 100 |
6 | «Ауруханааралық дәріхана» жауапкершілігi шектеулі серіктестігi | 100 |
7 | «Көкшетауқалаауылжоба» жауапкершілігi шектеулі ceріктестігi | 100 |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2007 жылғы 19 наурыздағы
№ 212 қаулысына
2-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері және мемлекеттік қатысу үлестері «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік
Р/с № | Ұйым атауы | Акциялардың мемлекеттік пакеті, мемлекеттік қатысу үлесі, % |
1 | «Қазқараметавтоматика» акционерлік қоғамы | 90 |
2 | «Республикалық тау-кен геомеханика және маркшейдер ісі ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігi | 100 |