134) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
135) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
136) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
137) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
138) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
139) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
140) Автомобильмен тасымалдаушыларға халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту;
141) Қазақстан Республикасының аумағында жүк көлігі құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану қағидаларын бекіту;
142) көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін бекіту;
143) халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметтің жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
144) электрондық (цифрлық) тахографтар жөніндегі ұлттық дерекқорды жүргізу;
145) Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бұзылатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарында халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде олардың Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы куәлік беру;
146) Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;
147) жылжымалы құрамды, арнайы жылжымалы құрамды сыныптау тізбесін бекіту;
148) пойыздардың қозғалысы және темір жол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту;
149) Жүк және жолаушылар вагондары мен тартқыш жылжымалы құрамның қызметін пайдалану мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту;
150) Темір жол өтпелерін пайдалану қағидаларын бекіту;
151) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар темір жол көлігіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін, нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және айырым белгілерін бекіту;
152) жолаушыларды, багажды, жүк багажды, жүктерді тасымалдау туралы және тасымалдау кезінде жылжымалы құрамды пайдалану туралы есептілікті есепке алуды жүргізу мен беру тәртібін бекіту;
153) Қазақстан Республикасының аумағында темір жол көлігіндегі апаттарды, аварияларды тергеуге қатысу;
154) пойыздар қозғалысына байланысты терминдерді бекіту;
155) авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
156) авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарын авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту;
157) әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды жүзеге асыру;
158) халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық азаматтық авиация ұйымдарында өкілдік етуін жүзеге асыру;
159) азаматтық авиация саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
160) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
161) Әуе трассалары мен жергілікті әуе желілерін пайдалануға рұқсат ету қағидаларын бекіту;
162) әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу тәртібін айқындау;
163) Қазақстан Республикасының шекаралық аймақ учаскелерін қоспағанда, кемелердің ішкі су жолдарымен жүзу жағдайларын навигациялық-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
164) Пайдаланылатын кемелерді куәландыру қағидаларын бекіту;
165) Кемелердің кеме қатынасы шлюздері арқылы өту қағидаларын бекіту;
166) Пайдаланылған кемелердің элементтерін пайдалана отырып, ішкі және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жасау қағидаларын бекіту;
167) Ішкі суларда жүзетін кемелерді және аралас «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді жаңарту жөніндегі қағидаларды бекіту;
168) Техникалық флот кемелерін жаңарту жөніндегі қағидаларды бекіту;
169) Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидаларын бекіту;
170) шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды және сауда мақсатында теңізде жүзумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруына рұқсаттар беру;
171) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
172) Теңіз кемелерінің экипаждарын азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту;
173) теңіз жолдарының навигациялық жағдайының құралдары қолданылатын аймақтағы құрылысты келісу;
174) кемелерді техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамының танылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
175) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатыстыру үшін тиісті мамандарды тарту;
176) Теңіз кемелерін сыныптау және жасау қағидаларын бекіту;
177) Теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы қағидаларды бекіту;
178) жағалау объектілерін жобалауды, орналастыруды, салуды және пайдалануды келісу;
179) Теңіз кемелерінің жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру қағидаларын бекіту;
180) кемелерді лоцмандық алып өтудің міндетті аудандары мен міндетті емес аудандарын белгілеу және мұндай аудандар туралы ақпаратты теңіз порттары мен лоцияларына жалпыға бірдей етіп жеткізу;
181) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
182) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
183) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
184) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
185) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
186) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
187) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
188) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
189) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
190) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
191) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
192) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
193) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
194) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
195) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
196) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
197) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
198) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
199) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
200) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
201) теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту;
202) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теңіз флоты кемелерінің жүзу құрамының жұмыс уақыты мен демалыс уақытын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
203) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша теңізшілердің еңбегі мен олардың еңбекақысын реттеу ерекшеліктерін белгілеу;
204) теңіз порты акваториясын қоса алғанда, теңіз портының шекараларын айқындау;
205) көлік және коммуникация кешенінде кадрлар қажеттігін айқындау;
205-1) Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;
205-2) тасымалдаушылардың қызметтер көрсету, автовокзалдардың, автостанциялардың және халыққа қызмет көрсету пункттерінің қызметтер көрсету ұлттық стандарттарын әзірлеу;
205-3) кемелердің командалық құрамының адамдарына арналған дипломның нысанын бекіту;
205-4) Ішкі су жолдарында кемемен жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол жұмыстарын жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту;
205-5) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша кеме қатынайтын су жолдарымен кемелердің жүзуі туралы есептіліктің нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оны әзірлеу тәртібін бекіту;
205-6) кемемен жүзу су жолдары бойынша кемелердің жүзуі туралы есептілікті әзірлеу;
205-7) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды бекіту;
205-8) Қазақстан Республикасының аумағындағы авиациялық оқиғалар мен азаматтық авиация инциденттерін тергеу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеу қағидаларына сәйкес ұйымдастыру;
205-9) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не кемелердің пайдаланушылары жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын әуе кемелерімен басқа мемлекеттердің аумағында болған авиациялық оқиғаларды және азаматтық авиация инциденттерін тергеуге қатысу;
205-10) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын жою мақсатында ұсыныстар беру, сондай-ақ осы ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізу;
205-11) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөнінде статистикалық деректер жүргізу;
205-12) Қазақстан Республикасының аумағында шетел мемлекеттері пайдаланушыларының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен инциденттер бойынша статистикалық деректер жүргізу;
205-13) халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен статистикалық деректермен алмасуға қатысу;
205-14) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеуге жауапты шетел мемлекеттерінің органдарымен және халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен ынтымақтастық;
205-15) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық;
205-16) авиациялық оқиғаларды және инциденттерді тергеу кезінде дәлелдемелердің сақталуын қамтамасыз ету;
205-17) ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
205-18) авиациялық оқиғаларды жинау, бағалау, өңдеу, сақтау және тіркеу тетіктерін қоса алғанда, авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді міндетті және ерікті түрде беру жүйесін әзірлеу, енгізу, зерттеу және қолдау;
205-19) мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратпен алмасуға және авиациялық оқиғалар туралы ақпаратты таратуға қатысу;
205-20) азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігімен байланысты ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, сондай-ақ осындай ақпаратты азаматтық авиация саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізу;
205-21) Радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестілеу қағидаларын бекіту;
205-22) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асыру;
205-23) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарымен және ұсынылатын практикасымен айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) уақтылы хабарлауды және олардың аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялануын қамтамасыз ету;
205-24) Қазақстан Республикасында теміржол көлігіндегі жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту;
205-25) теміржол көлігінде шикізат пен материалдар, қосалқы бөлшектер, жабдықтар, жанармай, энергия шығыстарының, табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілері техникалық шығындарының техникалық және технологиялық үлгілік нормаларын бекіту;
205-26) теміржол вокзалдарының тізбесін олардың класына сәйкес бекіту;
205-27) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-28) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-29) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-30) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-31) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-32) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-33) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-34) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-35) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-36) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-37) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-38) құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың өтінімдері бойынша авиакомпаниялардың (дипломатиялық иммунитеті бар шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар өкілдіктерінен басқа) оқиғалар, төтенше жағдайлар орындарына құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың жеке құрамын тасымалдау және шұғыл медициналық жәрдемге мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу бойынша қызметтерді көрсету туралы шешім қабылдау;
205-39) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-40) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде көлік кәсіпорындарының шарттық қатынастарын тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдау;
205-41) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Теңіз әкімшілігі ретінде әрекет ету;
205-42) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-43) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
205-44) ҚР Үкіметінің 2014.17.04. № 369 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
206) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ведомстволардың функциялары:
1) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялауды жүзеге асыру;
2) транзиттік әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты жинақтауды, автокөлік құралдары қозғалысының қарқындылығын есепке алуды жүзеге асыру, жинақталған ақпаратты белгіленген нысандағы есеп беру құжаты түрінде беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен рұқсат беру құжаттарының бланкілерімен тепе-тең алмасуды жүргізу;
4) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық және қалааралық, облысаралық автомобиль тасымалдары бағыттарының тізілімдерін жүргізуді жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел мемлекетінің аумағы бойынша Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының жүріп өтуіне рұқсат беру;
6) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша отандық және шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттар беру;
7) мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
8) көлік қызметі субъектілерін жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдармен олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарының сәйкестігіне аттестаттауды өткізу.
9) Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жүріп өтуге қосымша рұқсат беру;
10) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша жолаушылар мен багажды облысаралық қалааралық тұрақты автомобиль тасымалдау маршруттары мен қозғалыс кестелерін бекіту;
11) жолаушылар мен багаждың тұрақты халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруды, көрсетілген тасымалдардың бағыттар бойынша қозғалу кестесін келісуді жүзеге асыру;
12) шетелдік автокөлік құралдарының уақытша кіруін тіркеу;
13) қоғамдық бірлестіктермен және автомобиль көлігі саласындағы қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктерімен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз ету;
14) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының мемлекеттік есепке алынуын жүзеге асыру;
15) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін келісу;
16) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін келісу;
17) жол бойы белдеулеріндегі жол сервисі объектілерін немесе оларға жету үшін кірме қажет болғанда олардың аумағынан тыс объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беруді келісу;
18) жалпы пайдаланымдағы халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруды келісу;
19) жол саласындағы инвестициялық және әлеуметтік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру;
20) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концессиялар туралы заңнамасына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
21) мемлекеттік меншік болып табылатын темір жолдар бойынша темір жол қатынасын тоқтатуды жүзеге асыру;
22) кірме жолды одан әрі пайдалануды тоқтату және кірме жолды пайдалануды қайта бастау туралы шешім қабылдау;
23) темір жол көлігінде пайдаланылатын бірыңғай есепке алу-есеп беру уақытын белгілеу;
24) жер учаскелерін берудің нормативтерін келісу;
25) қозғалыс қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы туралы статистикалық ақпарат қалыптастыру;
26) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
27) сертификаттауды және үлгілік сертификатын беруді жүзеге асыру;
28) халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге рұқсат етілмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерін қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге уақытша рұқсаттарын беру;
29) ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда үлгі сертификатының қолданысын тоқтата тұру;
30) азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзушылықты есепке алудың жүргізілуін жүзеге асыру;
31) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттауды және оның жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
32) сериялық өндіріске арналған жаңа конструкциялық (жаңа үлгідегі) азаматтық әуе кемесі зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін оған үлгі сертификатын беру;
33) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде шетелдік әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (бір жолғы) ұшуына рұқсат беру;
34) азаматтық авиация саласында әуе қозғалысына қызмет көрсетілуін, ұшудың радиотехникалық және метеорологиялық қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен оның сапасын тексеруді жүзеге асыру;
35) авиациялық персоналға жататын тұлғаға оның қажетті білімі мен дағдылары бар екенін, сондай-ақ денсаулығының белгіленген талаптарға сай келетінін растайтын кәсіптік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін авиациялық персонал куәлігін беру, куәліктің қолданыс мерзімін ұзарту, қайтарып алу, мұндай куәліктің қолданысын тоқтата тұру, куәлікке біліктілік және арнайы белгілер енгізу;
36) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру;
37) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
38) ішкі әуе трассалары, жергілікті әуе желілері, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауға келісу;
39) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті беру;
40) ұшуға жарамдылығының қолданыстағы сертификаты жоқ әуе кемесіне ұшу сынақтарын жүргізу немесе оның техникалық қызмет көрсетілетін және жөндеу жүргізілетін жерге ұшып баруы үшін арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру;
41) халықаралық және субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру;
42) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншігіндегі азаматтық әуе кемелеріне құқықтарды және аталған әуе кемелерімен жасалатын мәмілелерді, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
43) аса жеңіл авиация әуе кемелерінің ұшу жарамдылығына сертификаттауды жүзеге асыру;
44) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген қолданыстағы сертификаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, иеленушілер сертификаттау талаптарын сақтамаған жағдайда сертификаттар беруден бас тарту, қайтарып алу, олардың қолданысын тоқтата тұру;
45) шетел мемлекеті Қазақстан Республикасының азаматына берген авиация персоналының куәлігін не тиісті куәлікті бере отырып, жұмысқа жалдану үшін Қазақстан Республикасына келген шетел азаматының авиация персоналының куәлігін тану;
46) азаматтық әуе кемесін сертификаттауды және оған дана сертификатын беруді жүзеге асыру;
47) сертификаттауды және азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беруді жүзеге асыру;
48) азаматтық әуе кемелерімен әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтың жолын кесу;
49) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсат ету;
50) егер әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларынан уақытша ауытқу белгіленген ұшу қауіпсіздігі деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізумен өтелсе, мұндай ауытқуларға келісу;
51) авиация персоналына жататын тұлғалардың «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген талаптар мен нормаларды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
52) шетел мемлекеті берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын тану;
53) тасымалдаушылардың магистральды теміржол желісінің қызмет көрсетулеріне кемсітусіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру;
54) шет мемлекеттердің әскери құрылымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына келісу;
55) әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерді не заңды тұлғаға тиесілі аумақты, үй-жайларды, көлік құралдарын, тауарларды, өзге мүлік пен заттарды тексеріп қарауды жүргізу кезінде табылған, әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей объектісі болған, заңды тұлғаға тиесілі құжаттарды, тауарларды, өзге де мүліктер мен заттарды алып қоюды жүзеге асыру;
56) өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді басқару құқығына куәлік беру;
57) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша хаттамалар толтыру, іс жүргізуді жүзеге асыру;
58) өз құзыреті шегінде тексеру нәтижелері бойынша актілер жасау және көліктің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және нормалардың талаптарын бұзушылық анықталғанда, оларды жою туралы ұйғарымдар енгізу;
59) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, тиісті кеме құжаттарын беру, Мемлекеттік кеме тізілімін, кеме кітабын және жалға алынған шетелдік кемелердің тізілімін жүргізу;
60) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кемелер тізілімінде мемлекеттік тіркелуі тиіс кемелердің командалық құрамының тұлғаларына диплом беруді жүзеге асыру;
61) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, контрагенттердің және басқа да тұлғалардың бәсекелес кірме жолдары жоқ кірме жолдардың қызметтеріне кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асыру;
62) ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1112 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
63) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге тиіс кемелерге техникалық қадағалауды жүзеге асыру;
64) кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге тиіс кемелердегі көлік оқиғаларын тексеру;
65) су көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы бөлігінде қызметін тексеру;
66) республикаішілік қатынаста жолаушылар мен багажды тұрақты емес автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдау шартының болуын тексеру;