Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 1176 Қаулысы
(2010.20.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 30 қарашадағы
№ 1176 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі Байжанов Ерлан Сапарұлы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 14 қыркүйектегі № 807 қаулысымен алып тасталды (бұр ред. қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 30 маусымдағы № 553 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. «Жастар ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 396-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Байжанов - Қазақстан Республикасының
Ерлан Сапарұлы Мәдениет, ақпарат және спорт
бірінші вице-министрі
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының
Алик Жатқамбайұлы Ішкі істер вице-министрі
мына:
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахматоллаұлы Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігінің
төрағасы, Қазақстан
Республикасы Президентінің
»Болашақ» халықаралық
стипендиясы бітірушілерінің
қауымдастығы» қоғамдық
бірлестігінің президенті
(келісім бойынша);
деген жолдағы «агенттігінің төрағасы» деген сөздер «агенттігі төрағасының бірінші орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы, Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы шығарылсын.
5. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)