Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық консультативтiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 354 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық консультативтiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнiң «Республикалық аллергология орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Мемлекеттік кәсiпорындар» деген 1-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Республикалық аллергология орталығы».
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |