Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық консультативтiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 354 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Республикалық консультативтiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігiнiң «Республикалық аллергология орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) әдiлет органдарында Кәсiпорынның мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 9-28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«9-28 Республикалық аллергология орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны», Алматы қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Мемлекеттік кәсiпорындар» деген 1-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 27-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Республикалық аллергология орталығы».
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |