Министрдің Қазақстан Республикасының Үкіметі Министрдің ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
13. Министр Министрлікке басшылықты жүзеге асырады және
Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
14. Министр:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы саясатты қалыптастырады;
2) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді;
4) ведомстволардың құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды;
5) өзінің қызметінде оның бақылауында болатын ведомстволардың басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
6) жауапты хатшының келісімі бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
7) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
8) Министрдің бұйрықтарына қол қояды;
9) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
10) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітіледі;
11) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын бекітеді;
12) Министрлік жұмысының регламентін бекітеді;
13) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
14) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындайды және босатады;
15) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері оның құзыретіне жататын Министрліктің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
16) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
15. Министрлік аппаратын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен келісім бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшы басқарады.
16. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастыратын саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді және оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылықты жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штат санының лимиті шегінде Министрліктің құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметі жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;
7) мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келіскеннен кейін Министрлік департаменттерінің директорлары мен басқармаларының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
9) ведомстволардың басшылары тағайындау үшін ұсынатын ведомстволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрмен келісім бойынша Министрлік қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісім бойынша еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Министрліктің Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Министр бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуді қамтамасыз етеді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өтінімді ұсынуды, сондай-ақ бюджет үдерісінің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрмен келіскеннен кейін Министрліктің қаржыландыру жоспарларын және қаржылық есептілігін әзірлеуді қамтамасыз етеді және бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынастарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындауға міндетті тапсырмалар беруге;
2) өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқығы бар.
18. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты болады.
19. Министрлікте Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатарынан Министр бекітеді.
20. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, оның қызметін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелердің құзыреті мен өкілеттіктері Министрлік жұмысының регламентімен және құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен бекітіледі.
4. Министрліктің мүлкі
21. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктің есебінен қалыптасады.
22. Министрлікке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Министрліктің өзіне бекітіп берілген мүлікті және егер заңнамалық актіде өзгеше белгіленбесе, оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе оған өзге де тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 қарашадағы
№ 1159 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі
1. Ақмола облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Көкшетау қаласы. |
2. Ақтөбе облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Ақтөбе қаласы |
3. Алматы облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Алматы қаласы. |
4. Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Атырау қаласы. |
5. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Өскемен қаласы |
6. Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті | Тараз қаласы |
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Орал қаласы. |
8. Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қарағанды қаласы. |
9. Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қызылорда қаласы. |
10. Қостанай облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Қостанай қаласы |
11. Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Ақтау қаласы. |
12. Павлодар облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Павлодар қаласы |
13. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Петропавл қаласы. |
14. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Шымкент қаласы. |
15. Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Астана қаласы. |
16. Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті | Алматы қаласы. |