Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1159 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.
3-тармақ осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасы, 2, 4-тармақтар және 6-тармақтың 1), 2) тармақшалары алынып тасталсын;
3-тармақта «комитеті» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 3) тармақшасындағы «бекітілсін» деген сөздің алдынан «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі»;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 3-тармақты қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы
№ 1159 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. «Ақмола облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
2. «Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
3. «Алматы облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
4. «Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Атырау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
5. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
6. «Жамбыл облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Жамбыл облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
7. «Батыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
8. «Қарағанды облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
9. «Қызылорда облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
10. «Қостанай облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Қостанай облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
11. «Маңғыстау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
12. «Павлодар облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
13. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
14. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
15. «Астана қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
16. «Алматы қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті - мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 қарашадағы
№ 1159 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 29 қазандағы
№ 1132 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.
Министрліктің ведомстволары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті бар.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, 35-көше, № 2 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
6. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
7. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
8. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
9. Министрліктің негізгі міндеттері:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;
2) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында Министрлікке жүктелген өзге де міндеттер болып табылады.
10. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және оған жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны саласындағы, мұқтаж азаматтар санаты мен балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласында, сондай-ақ мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы мемлекеттік жәрдемақыны, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі - мемлекеттік арнайы жәрдемақы), Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргін құрбандарына ақшалай өтемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2) өзінің қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді және бекітеді;
4) қызметтің барлық салаларына арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін қабылдайды;
5) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін үйлестіреді;
6) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкілдерімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
7) еңбек кітапшаларының нысанын, оларды жүргізу және сақтау тәртібін белгілейді;
8) еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді ауыстыру және қайта қарау тәртібін белгілейді;
9) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
10) қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі бойынша параметрлерді ұсыну, қарау және келісу тәртібін белгілейді;
11) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейінде жасалған салалық келісімдер мен өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;
12) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
13) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары жөніндегі зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;
14) жұмыс берушінің қаражаты есебінен қызметкерлерге сүт, емдік-профилактикалық тағам, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртібі мен нормаларын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ қызметкерлерді ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
15) анықтамалықтарды, біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, қайта қарау, бекіту және қолдану тәртібін айқындайды;
16) экономикалық қызметтің әрқилы түрдегі ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын қарайды және келіседі;
17) тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың еңбек жөніндегі үлгі нормалары мен нормативтерін бекіту тәртібін айқындайды;
18) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің ауыр заттарды тасуы мен жылжытуының шекті нормаларын айқындайды;
19) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әйелдердің еңбегін қолдануға тыйым салынатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын айқындайды;
20) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың тізбесін айқындайды;
21) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті және тәуекелді бағалауды ұйымдастырады;
22) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімді аттестаттау тәртібін белгілейді;
23) ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережені бекітеді;
24) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептерін талдайды және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
25) әлеуметтік әріптестік жүйесін реттеу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
26) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
27) жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдарға әдістемелік және ұйымдық басшылықты жүзеге асырады;
28) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдайды, болжайды, халық пен Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етіп отырады;
29) Халықты жұмыспен қамтудың республикалық бағдарламасын әзірлейді;
30) ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларын қарауға қатысады;
31) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, Астана және Алматы қалалары арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен белгілейді;
32) мүдделі органдармен бірлесіп, кадрлар даярлау мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті анықтайды;
33) еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастырады;
34) Қазақстан Республикасындағы көші-қон үдерістерін талдайды және болжайды;
35) халықтың кеші-қонын реттеу жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар әзірлейді;
36) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді;
37) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
38) оралмандардың көшіп келу квотасын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
39) оралман және босқын мәртебелерін беру тәртібін айқындайды;
40) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында болу тәртібін айқындайды;
41) оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болу және оларға бейімделу қызметтерін көрсетудің тәртібі мен уақытын айқындайды;
42) Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
43) мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламаларын әзірлейді;
44) мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын әзірлейді;
45) басқа да мемлекеттік органдарды мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіруді жүзеге асырады;
46) медициналық-әлеуметтік сараптаманы және мүгедектерді оңалтуды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді;
47) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мүгедектікті куәландыру, оның себептерін, тобын және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын анықтау ережелерін әзірлейді;
48) халықтың мүгедектігі деңгейі мен себептерін зерделейді;
49) мүгедектерді оңалту, кедейлікті төмендету жөніндегі республикалық және өңірлік бағдарламалар мониторингін ұйымдастырады;
50) кемтар балаларды әлеуметтік қолдау бағдарламасын әзірлейді;
51) әлеуметтік қызметкерлер қызметінің функциялары мен сипатын айқындайды, мамандықтардың тізбесі мен оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді, әлеуметтік қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді;
52) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің әлеуметтік нормативтерін, түрлері мен нысандарын әзірлейді;
53) әлеуметтік қызметтерді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің үйлестірілуін жүзеге асырады;
54) әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, тегін әлеуметтік қызмет көрсетудің тәртібін әзірлейді;
55) азаматтардың жеке санаттарын және балалы отбасыларды әлеуметтік жөнінде ұсыныстар қолдау әзірлейді;
56) арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің түрлері мен нысандарын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
57) халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласындағы ұсыныстарды әзірлейді;
58) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мәселелері бойынша уәкілетті органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
59) Орталықтан төленетін базалық зейнетақы, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
60) базалық зейнетақыны, зейнетақы төлемдерін тағайындау және төлеу әдістемесін әзірлейді;
61) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын талдауды, бағалауды жүзеге асырады;
62) өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық және өзге де есептілігінің тізбесін, нысандар, мерзімін айқындайды;
63) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшы қызметкерлері үшін біліктілік талаптарын айқындайды, оларды тағайындауға келісім береді;
64) әлеуметтік төлемдер санының мониторингін ұйымдастырады;
65) әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдау және жіберу жөніндегі талаптарды белгілейді.
11. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомстволарға мынадай функциялар жүктелуі мүмкін:
1) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнаулы жәрдемақыны, базалық зейнетақыны, зейнетақы төлемдерін, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыларды, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау және олардың төленуін қамтамасыз ету;
2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, бала тууға және оның күтіміне берілетін жәрдемақылардың, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнаулы жәрдемақының, саяси қуғын-сүргін құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай өтемақылардың уақытылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;
3) халықты жұмыспен қамту, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың көші-қоны туралы заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылау;
4) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексерудің уақтылы және объективті жүргізілуін бақылау;
7) жұмыс берушілер табыс еткен ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру;
9) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;
10) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
11) қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
12) қызметкерлердің, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
13) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін шығаруға байланысты қызметке Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензия беру, оны тоқтата тұру;
14) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын жүзеге асыру;
15) келген оралмандар мен босқындарды тіркеу және есепке алу;
16) оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді жүзеге асыру;
17) уәкілетті органның аумақтық органдарының босқын, оралман мәртебелерін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тартуы туралы шағымдар бойынша шешімдер қабылдау;
18) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының іске асырылуын бақылау;
19) әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды ұйымдастыру;
20) мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер банкін қалыптастыру, мүгедектік себептерінің, құрылымының және жай-күйінің мониторингі;
21) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
22) мүгедектік тобын, оның себептерін, мерзімін, мүгедектіктің басталған уақытын, еңбек қабілетінен айрылу дәрежесін, ағза функцияларының бұзылуы және тыныс-тіршілігінің шектелуі дәрежесіне қарай «мүгедек бала» санатын айқындау;
23) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын жасау;
24) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін базалық зейнетақыны төлеудің, зейнетақы төлемдерінің уақтылығын және толықтығын бақылауды жүзеге асыру;
25) атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуін бақылауды жүзеге асыру;
26) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржы тұрақтылығын бақылауды жүзеге асыру;
27) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен инспекциялау;
28) әлеуметтік төлемдерді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау;
29) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстылығын тексеру;
30) әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық тағайындалуын және олардың алынуын бақылау;
31) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері жөнінде түсініктемелер беру.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
12. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.