142. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 4), 6), 9), 11) және 12) тармақшалары алып тасталсын;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекітеді;»;
3) 11-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) міндетті техникалық қарап-тексеруді жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекітеді;
5-2) шұғыл шақыру жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;
5-3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін қоспағанда, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізу кезеңділігін бекітеді;
5-4) шұғыл шақыру жүйесі операторының функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындайды;»;
4) 16-баптың 3) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әскери полиция органдарында тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және ішкі істер саласындағы орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;»;
«5) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы уәкілетті органдардың бірінші басшысы бекітетін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының механикалық көлік құралдары мен олардың тiркемелерiн мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;»;
5) 36-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оны жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен келісуге және бекітуге жатады.»;
6) 51-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) рельстік көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін техникалық ақаулары болған, сондай-ақ, егер олардың техникалық жай-күйі мен жабдықталуы көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган бекіткен рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларының талаптарына сай болмаған;»;
7) 76-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көлік құралдары уақытша иеленуге және пайдалануға берілген адамдарды тіркеу және есепке алу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жүзеге асырылады.»;
8) 89-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық қарап-тексеру операторларының тізілімін жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».
143. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғанысты ұйымдастыру.»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
3) 6-бапта:
1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс, төтенше немесе соғыс жағдайы режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;»;
4) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкi iстер органдарының бірыңғай жүйесiн полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, әскери-тергеу органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы, азаматтық қорғау органдары құрайды.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1 Азаматтық қорғау органдарының құрамы және оның қызметін ұйымдастыру «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.»;
5) 8-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ішкі істер министрлігінің туы, жалауы және рәмізі болады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының жалаулары болады.»;
6) 10-баптың 5), 6), 7), 8), 14) және 16) тармақшалары алып тасталсын;
7) 11-бапта:
24) тармақшаның жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он үшінші және он алтыншы абзацтары алып тасталып, он бесінші абзацтағы «паспортын» деген сөз «паспортын әзірлейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«жарылғыш материалдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету қағидаларын;
азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын;
есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын;
қылмыстық жазалауды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені;
жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын;
жекеше күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісін;
жекеше күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерге арнаулы киім үлгісі мен оны киіп жүру тәртібін.».
144-тармақ 2014 ж. 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
144. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат):
1) 1-баптың 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«28) хабарлама - рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;»;
2) 3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) рұқсат берудi жүзеге асыратын органдар нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартуға уәкiлеттi болады.»;
3) 10-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) лицензиарларды және лицензия беруге келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау;»;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсатты беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау;»;
5), 6), 7), 9), 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
4) 11-бапта:
3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысанын әзірлеу және бекіту;
4) хабарлама нысанын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық акті әзірлеу және бекіту;
5) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
13) тармақша алып тасталсын:
5) 12-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ойын бизнесі саласындағы лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен құжаттар тізбесін қоспағанда, біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу әрі рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) екінші санаттағы рұқсатты алуға арналған өтініштердің нысандарын, екінші санаттағы рұқсаттардың нысандарын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
4) рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және осы Заңда рұқсат беру тәртібі енгізілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
6) 14-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өтініш берушінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын тексеру;»;
7) 15-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
8) 19-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары жатады.»;
9) 24-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандарын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ қаржы саласындағы қызмет және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiтедi.»;
10) 25-баптың 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде», «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер тиісінше «Нормативтік құқықтық актілерде», «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 33-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен нысан бойынша өтiнiштi;»;
12) 34-баптың 7-тармағының бірінші және үшінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «Нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 38-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Рұқсат беру рәсiмдерiн жүзеге асыру қағидалары және осы Заңда рұқсат беру тәртiбi көзделген қызметтi немесе әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру қағидалары нормативтік құқықтық актілерде бекiтіледi.»;
14) 39-баптағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 41-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 42-баптың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 46-баптың 3-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» және «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер тиісінше «Нормативтік құқықтық актілерде», «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 51-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларында немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 2-қосымшада:
17-жолда:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздер «Уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Үкіметінің қаулысы» деген сөздер «Ішкі істер министрінің бұйрығы» деген сөздермен ауыстырылсын.
145-тармақ 2014 ж. 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді
145. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат):
1-бапта:
18-тармақта:
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
24-тармақ алып тасталсын;
31-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
36-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 4-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 55-2) және 55-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«55-2) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiк беру тәртiбiн бекіту;
55-3) кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiктiң нысанын әзiрлеу және бекiту;»;
2) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлердi даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерін шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға:»;
3) тармақша алып тасталсын;
48-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
52-тармақтың 1) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Шағын көлемдi кеменi басқару құқығына куәлiк берудi, кеме жүргiзушiлерiн даярлау бағдарламасын келiсудi және шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстарды есепке алуды жергілікті атқарушы органдар Кеме жүргiзушiлерiн шағын көлемдi кеменi басқару құқығына аттестаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Ұйымдар шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi курстардың ашылуы кезiнде жергілікті атқарушы органға:»;
3) тармақшадағы «көшiрмесiн қоса бере отырып, шағын көлемдi кемелердiң кеме жүргiзушiлерiн даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама жiбередi.» деген сөздер «көшiрмесiн қоса бере отырып, қызметтің басталғаны туралы хабарлама жiбередi.» деген сөздермен ауыстырылсын;
59-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
71-тармақ алып тасталсын;
79-тармақтың 1) тармақшасының он екінші және он төртінші абзацтарындағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
146. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 65-құжат):
1) 1-бапта:
2-тармақтың 11) тармақшасының он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) шарап материалын және сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекi бұйымдарын акциздiк таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерiн уәкілетті орган бекiтедi;
2) акциздiк және есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Кеден одағының елдерiнен Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау таңбаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;»;
4-тармақта:
3) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары алып тасталсын;
4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;»;
2) 2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын,» деген сөздер алып тасталсын.
147. 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 2), 6) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
2) 7-бапта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілерін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
41) және 42) тармақшалар алып тасталсын;
51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«51) спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін әзірлейді және бекітеді;»;
57) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 60) және 61) тармақшалармен толықтырылсын:
«60) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
61) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;»;
3) 8-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2) және 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«20-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
20-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе береді;
20-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1), 14-2) және 14-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;
14-2) спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
14-3) аудандық және қалалық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;».
2-бап. Өтпелі ережелер
1. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) осы Заңның 1-бабы 114-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8) 20-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) өкілеттіктеріне, оның ішінде сот, сот-медициналық және сот-наркологиялық сараптамалар жүргізу кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдарының мамандандырылған психиатриялық ұйымдары жатады.».
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.
3. 2016 жылғы 1 шілдеден бастап:
1) осы Заңның 1-бабы 114-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«8) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Сот сараптамасы органдары
Сот сараптамасы органдарына өкілеттіктеріне сот сараптамасын жүргізу, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалар жүргізу кіретін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдары жатады.».
4. Осы Заңда көрсетілген қосымша нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін бұрын тиісті қатынастарды реттеген қосымша нормативтік құқықтық актілер қолданылатын болады.