32) карантинге жатқызылған өнiмге фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттар бередi;
33) халықаралық нормалар мен талаптардың өсiмдiктер карантинi саласында жасалған келiсiмдерге сәйкес орындалуын қамтамасыз етедi;
34) өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
35) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
36) өз құзыреті шегінде өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
37) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 7-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
4) 8-баптың 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау объектілеріне баруға және оларда Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан зерттеп-қарауды жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат алуға;»;
«4) жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарың лауазымды адамдарына карантинді объектілердің таралу ошақтарында және көлікте өсімдіктер карантині жөніндегі қажетті іс-шаралар жүргізу туралы нұсқамалар шығаруға;»;
5) 9-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері - жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастырады;»;
6) 11-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекітеді.».
7) 12-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауы.».
40. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 8, 238-құжат; № 23, 925-құжат; 2000 ж., № 23, 411-құжат; 2001 ж., № 2, 14-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2004 ж., № 24, 157-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат):
1) 5-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар адам тұрғылықты жері бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органға береді, оған тізбесін орталық атқарушы орган бекітетін құжаттар қоса беріледі.»;
2-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 4-бабының 5) тармақшасында аталған адамдардың 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмыс істеген фактісін растайтын құжаттары жоқ болса, жұмыс өтілін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнайы комиссиялар белгілейді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.»;
2) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жәрдемақы төлеу тәртібін орталық атқарушы орган бекітеді.».
41. «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 647-құжат; 2002 ж., № 10, 105-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2006 ж., № 12, 69-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
2) 5-баптың 3 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жәрдемақы тағайындауға арналған құжаттарды қарауды жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган тiзбесiн орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.»;
«5. Жәрдемақы барлық қажетті құжаттар қоса беріліп, өтініш берілген күннен бастап орталық атқарушы орган белгілеген тәртiппен тағайындалады.»;
3) 7-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.».
42. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 649-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2009 ж., № 15-16, 71-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж. №1, 2-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 61-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
7-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысады;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;».
43. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат):
1) 3-2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
2) 5-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сараптама жүргiзуге арналған өтiнiмдi мәнi бойынша қарау тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.».
44. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат):
1) 3-1-баптың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
2) 4-баптың 2-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) этил спиртін өндірудің, алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, (шарап материалдарынан және сырадан басқа) - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;
6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді;
7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 11-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Этил спиртiн уәкілетті орған бекітетін қағидаларға сәйкес:»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Этил спиртiн сақтау уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
4) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары
Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде ресімделеді.».
45. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат):
1) 4-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
2) 5-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекет құпия деп таныған өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне осы Заңға сәйкес құқықтық қорғау берiлмейдi. Өнеркәсiптiк меншiктiң құпия объектiлерiн пайдалану тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 9-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Неғұрлым маңызды және кең пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беруге ұсынылуы мүмкін. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» атағын беру қағидаларын уәкілетті орган айқындайды.».
46. «Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 23, 918-құжат; 2005 ж., № 23, 98-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
2-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Азық-түлiк себетiн мемлекеттік статистика саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы уәкiлеттi орган бекітетін тамақ өнiмдерiн тұтынудың ғылыми негiзделген физиологиялық нормалары бойынша есептеп шығарады.».
47. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 10 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру уәкілетті орган айқындайтын, заңды тұлғалар болып табылатын мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізіледі.»;
2) 10-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жекеше күзет ұйымы күзетшiнi ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның жеке басын және жекеше күзет ұйымының күзетшiсi екендiгiн куәландыратын белгiленген үлгiдегi құжатпен қамтамасыз етуге мiндеттi. Жекеше күзет ұйымы күзетшiсi құжатының нысаны мен үлгiсiн уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 10-1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын уәкілетті орган бекітеді.»;
4) 15-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнаулы киім үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.».
48. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат):
1) 1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Хабарлама - рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен нысан бойынша жасалған, қызметтің немесе белгілі бір әрекеттердің жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын құжат (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы).»;
2) 15-3-бапта:
2-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өтініш берушілер хабарламаларды мемлекеттік органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына береді не оны «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық құжат нысанында өтініш толтыру арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидаларын рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдар хабарлама берген субъектілердің тізілімін (бұдан әрі - тізілім) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді. Тізілімнен шығарып тастау субъектінің өтініші бойынша, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметіне немесе қызметінің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады және субъектіні қызметін жүзеге асыру құқығынан айырады.».
49. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 381-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 3, 19-құжат; № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 23, 97-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1-бап. Салық салу объектілерінің құнын айқындау саласындағы мемлекеттік монополия
1. Салық салу объектілерінің (тұрғынжайдың, саяжай құрылысының, аяқталмаған құрылыс объектісінің, салқын жапсаржайдың, шаруашылық (қызметтік) құрылыстың, шығыңқы ірге қабатының, тұрғынжай жертөлесінің, гараждың) құнын айқындау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын және оның филиалдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.»;
2) 9-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi бойынша бағалау туралы есеп екi данада жасалады, олардың біреуi тапсырыс берушiде, екiншiсi бағалаушыда сақталады. Бағалау туралы есептiң нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгiлейдi.»;
3) 10-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленген және уәкілетті орган бекіткен бағалау стандарттары Қазақстан Республикасындағы бағалау стандарттары деп танылады.»;
4) 20-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.».
50. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж, № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 4-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;»;
2) 5-баптың 1-1), 3), 5), 6), 7), 7-1), 9), 10), 11), 13) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
3) 6-бапта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) астық өндіруді мемлекеттік қолдау саласындағы саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;»;
3), 6) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
10), 11), 12) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
11) астыққа және оның өмiрлiк циклiнiң процестерiне техникалық регламенттердi әзірлеу және бекiту;
12) мынадай:
астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
астықты сақтау;
астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі;
астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;
астық қолхаттарының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«15) астық қолхаты жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;»;
16) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды бақылау;»;
22) тармақша алып тасталсын;
30), 31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«30) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн, құрылымын, мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекiту;
31) астық қабылдау кәсiпорны мен астық иесi арасындағы жария шарттардың үлгiлік нысанын бекiту және әзірлеу;
32) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3) және 32-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары мен стандарттарын әзірлеу және бекiту;
32-2) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына экспортталатын көлемге пайыздық қатынаспен есептелетін астық жеткізуінің мөлшерін айқындау;
32-3) астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында олар сатып алатын мемлекеттік өткізілетін және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын ішінара өтеу тәртібін әзірлеу және бекіту;
32-4) барлық бақылау объектілеріне кедергісіз баруды және Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі орындау үшін міндетті нұсқамаларды беруді қоса алғанда, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының астық нарығын реттеу саласындағы заңнамасын сақтауын және тексерілетін субъектілердің қызметін бақылауды жүзеге асыру;»;
4) 6-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6), 17-7), 17-8), 17-9), 17-10), 17-11), 17-12), 17-13) және 17-14) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-1) астық қабылдау кәсіпорындарының: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
17-2) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
17-3) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
17-4) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
17-5) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
17-6) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
17-7) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
17-8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;
17-9) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
17-10) астықтың, оның ішінде мемлекеттік астық ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
17-11) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
17-12) мемлекеттiк астық ресурстарының көлемi, құрылымы, оларды қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану қағидалары жөнінде ұсыныстар енгізу;
17-13) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына енгізу;
17-14) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
5) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылауды жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.»;
6) 9-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк астық ресурстарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк астық ресурстарын сақтайтын астық қабылдау кәсiпорындары және көрсетілген астық қабылдау кәсiпорындарынан астық әкетудi жүзеге асыратын көлiк ұйымдары уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен кез келген мөлшерде астық тиеп жөнелтудi уәкiлеттi органмен келiсуге мiндеттi.»;