232-6) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;
232-7) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
232-8) көрсетілетін қызметті берушілердің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз етеді;
233) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептілік, тексеру парақтары, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері нысандарына қатысты актілерді әзірлейді және бекітеді;
234) реттелетін салада кадрларға қажеттілікті айқындайды;
235) салалық жұмыс берушілер бірлестіктерімен және салалық жұмыскерлер бірлестіктерімен бірлесіп кәсіптік стандарттарды әзірлейді;
236) республикалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, мамандардың біліктілікке сәйкестігін растау және оны беру тәртібін бекітеді;
237) салалық жұмыс берушілер бірлестіктерінің және салалық жұмыскерлер бірлестіктерінің пікірін ескере отырып, салалық біліктілік шеңберлерін бекітеді;
238) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
238-1) «Қазақстан республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізу жоспарын әзірлейді және бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.05.08. № 901 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді
17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомстволарының функциялары:
1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты іске асырады:
агроөнеркәсіптік кешен;
асыл тұқымды мал шаруашылығы;
тұқым шаруашылығы;
өсімдік шаруашылығы;
мақта саласы;
бал ара шаруашылығы;
ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;
биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу;
2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
3) бағалау туралы деректердің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
4) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімі деректерінің мониторингін жүргізеді және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
5) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
6) ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;
7) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастау туралы жеке және заңды тұлғалардан хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті бастау туралы уәкілетті органды хабардар еткен жеке және заңды тұлғалар тізілімін жүргізеді және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
8-1) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары ірі қара малдың импортталған асыл тұқымды өніміне (материалға) берген, оны тану ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата жүзеге асыратын асыл тұқымдық куәлікті немесе оған барабар құжатты қоспағанда, экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті тануды жүзеге асырады;
9) мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктерді сынақтан және байқаудан өткізеді;
10) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
11) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер көрсететін малды бағалау және өсімін молайту жөніндегі қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
13) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің малды күтіп-бағу, азықтандыру, сондай-ақ асыл тұқымды өнімді (материалды) сақтау шарттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
14) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
15) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) берілетін асыл тұқымдық куәліктер деректерінің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;
16) өткізілетін асыл тұқымды өнімге (материалға) асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды шаруашылықтар, асыл тұқымды мал орталықтары, дистрибьютерлік орталықтар, асыл тұқымдық репродукторлар және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталар беретін асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дұрыстығын тексереді;
17) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінде көзделген тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады;
17-1) өсімдіктерді қорғау саласындағы халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
18) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтеріне орналасуға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
21) карантинге жататын өнім транзитінің шарттарын айқындайды;
22) нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін айқындайды;
23) өсімдіктер карантині саласындағы жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
24) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
25) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндік объектілердің бары және таралуы, олармен күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы дерекқорын жасайды және мүдделі тұлғаларға ақпарат ұсынады;
26) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтер (улы химикаттар) запасын құрады;
28) карантинге жататын өнімге фитосанитариялық және карантиндік сертификаттар береді;
29) өсімдік тектес өнімдер өсіретін, дайындайтын, қоймада сақтайтын, қайта өңдейтін және өткізетін ұйымдардың, ішкі сауда объектілерінің, шаруа немесе фермер, үй жанындағы және саяжай қожалықтарының аумағы мен үй-жайларына, ауыл шаруашылығы және басқа да мақсаттағы жерлерге тұрақты бақылау іріктеу зерттеулерін жүргізеді;
30) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
31) карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оны алып тастау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға енгізеді, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және олардың өткізілуін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
32) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
33) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін карантинге жататын өнімді, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын, көлік құралдарын, қол жүгін және багажды тұрақты бастапқы карантиндік тексеріп қарауды жүргізеді және әкелінетін және транзиттік карантинге жататын өнімге карантиндік құжаттарды қарайды;
34) әкелінетін карантинге жататын өнімнің түпкілікті қабылданатын пункттерінде аумақтың және оның шыққан жерінің, межелі пунктінің, сондай-ақ карантиндік объектілерден бос немесе олар мәнсіз аз таралған аймақтардың фитосанитариялық сипаттамасын ескере отырып, осы өнімді тұрақты екінші карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарын қарайды;
35) әкетілетін карантинге жататын өнімді тиеп жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
36) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетілетін және транзиттік карантинге жататын өнімдердің карантиндік құжаттарының болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты негізде қарайды;
37) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жататын өнімді тұрақты тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерін іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
38) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;
39) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
40) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктердегі импорттық егу және отырғызу материалының карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен көмескі залалдануының болуын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
41) жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
42) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
43) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
44) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, оны қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану қағидалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
45) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
46) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оған қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді;
47) мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарына және көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарына астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуді келіседі;
48) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
49) астық нарығына қатысушыларында астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексереді;
50) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу, сондай-ақ «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзіміне бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;
51) астық қабылдау кәсіпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарын беру, айналымы және өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелердің негізіндегі тоқсан сайынғы жоспарлы тексеріс, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініші негізіндегі жоспардан тыс тексеріс түрінде жүзеге асырады;
52) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді;
53) астықтың қауіпсіздігін және сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
54) астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтау мәніне астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
55) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы мәніне астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялайды (тексереді);
56) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
57) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелтілуін және тасымалдануын (орын ауыстырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
58) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарының басқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
59) астықты экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндетті сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
60) астықтың сандық-сапалық, оның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
61) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы мәніне астықты экспорттаушылардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
62) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысады;
63) астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) лицензиядан айыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;
64) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
65) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарламалар жібереді;
66) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспорттаушылар мен астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқамалар береді;
67) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
68) астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
69) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
70) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
71) тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын айқындайды;
72) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
73) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуді және пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тіркеу куәліктерін беруді жүзеге асырады;
73-1) пестицидтер (улы химикаттар) тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;
74) фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастырады;
75) пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын құрайды;
76) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингті ұйымдастырады;
77) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
78) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;
79) фитосанитариялық есептілік түрлерін, оларды ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындайды;
80) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
81) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
82) фитосанитариялық есепке алу мен есептілік жүргізуді ұйымдастырады;
83) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
84) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне барады;
85) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығарады;
86) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзімде сотқа міндетті түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзімге дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қызметін сот шешімінсіз тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады;
87) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартады;
88) селекция, сорттық сынау және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырады;
89) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
90) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
91) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
92) республиканың тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады;
93) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
94) гендік инженерия негізінде алынған сорттар (гендік түрлендірілген) тұқымының партияларын Қазақстан Республикасына әкелуді келіседі;
95) уәкілетті орган бекіткен сорттарды тіркеу қағидаларына сәйкес сорттардың оригинаторларын тіркейді;
96) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
97) отандық және шетелдік селекция сорттарын мемлекеттік сынауды ұйымдастырады;
98) тиісті куәлікті бере отырып тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды өткізеді;
99) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
100) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
101) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
102) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
103) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
104) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара);
105) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
106) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара);
107) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
108) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
109) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
110) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
111) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
112) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара);
113) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
114) сақтандырушыдан, сақтанушыдан, агенттен және қоғамнан олар өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратады және алады;
115) сақтанушылардың міндетті сақтандыру туралы шартты жасасудан жалтаруы туралы және Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қоғамның сақтамауы туралы істерді қарайды;
116) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерінің орындалуына мемлекетті бақылауды жүзеге асырады;
117) агенттің, қоғамның қызметіне, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
118) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
119) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
120) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
121) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
122) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
123) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
124) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
125) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
126) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;
127) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
128) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
129) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде ұсынуға жататын ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді;
130) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
131) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
132) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
133) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындайды;
134) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға және мемлекеттік ақпараттық жүйелерге жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастырады;
135) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды қамтамасыз етеді;
136) мақта нарығының мониторингін жүргізеді;
137) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдайды;
138) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
139) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
140) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
141) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
142) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
143) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
144) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
145) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, жою және өтеу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
146) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
147) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
148) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
149) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
150) осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды жасауды, өткізуді және олардың нарықтағы айналысын тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
151) биоотын өндірісі мониторингін жүргізеді;
152) ҚР Үкіметінің 2013.20.12. № 1383 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
153) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
154) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;