Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 Қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қолданыстағы заңнамада белгіленген штат санының лимиті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті:
оған өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау, өрттер туралы істер бойынша анықтау және өрт сөндіруді ұйымдастыру функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне;
оған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын бақылау функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетіне бөлу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1267 Қаулысымен алып тасталды (қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1267 Қаулысымен алып тасталды (қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1267 Қаулысымен алып тасталды (қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар
саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің қайта
ұйымдастырылатын аумақтық органдарының - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесi
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Ақмола облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы.
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Ақтөбе облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы.
3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Алматы облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы.
4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Атырау облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы.
5. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Шығыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы.
6. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Жамбыл облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Жамбыл облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы.
7. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Батыс Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы.
8. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қарағанды облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы;
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы.
9. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қызылорда облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Қызылорда облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы.
10. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қостанай облысының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы;
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы.
11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Маңғыстау облысының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы;
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы.
12. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Павлодар облысының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы;
2) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы.
13. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы.
14. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы.
15. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Астана қаласының Өртке қарсы қызмет департаменті" мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
16. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы, мыналарға бөліну жолымен:
1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Алматы қаласының Өртке қарсы қызмет департаменті» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы;
2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы.
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1267 Қаулысымен ереже алып тасталды (қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің
Өртке қарсы қызмет комитеті туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1267 Қаулысымен құрылым алып тасталды (қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртке қарсы қызмет комитетінің
құрылымы
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1267 Қаулысымен ереже алып тасталды (қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше
жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1267 Қаулысымен құрылым алып тасталды (қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше
жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің
құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Өртке қарсы қызмет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
ҚР Үкіметінің 2008.19.07. № 712 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.03. № 245 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.19.07. № 712 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.03. № 245 Қаулысымен (бұр. ред. қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше
жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау
комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi
Кәсіпорын
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Астана қаласы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 626 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетіне» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне».
3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат):
2-тармақтың 2) және 5) тармақшалары, 3-тармақтың үшінші азат жолы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші азат жолындағы «Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті» деген сөздер «Өртке қарсы қызмет комитеті, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 2) тармақшасындағы «Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті» деген сөздер «Өртке қарсы қызмет комитеті және Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1381 қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
6. ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)