3. Егер:
1) осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген негiздер болған кезде іс бойынша iс жүргiзу тоқтатылмаған болса;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілмеген сот шығарса;
3) қорғаушының қатысуы заң бойынша мiндеттi болып табылғанда іс оның қатысуынсыз қаралса немесе өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса;
4) өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамның ана тiлiн немесе өзi бiлетiн тiлдi және аудармашы көрсететін қызметтерді пайдалану құқығы бұзылса;
5) өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға iстiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме беру құқығы берiлмесе;
6) қаулыға осы Кодекстiң 822-бабының төртiншi бөлiгiнде аталған тұлғалардың қайсыбiреуi қол қоймаса, кез келген жағдайда қаулының күшi жойылуға жатады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген процестік нормалардың бұзылуына жол берiлгендiгiн анықтай отырып, судья iс бойынша қаулының күшiн жояды және iс жүргiзудi тоқтатады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 5-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 5-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде процестік нормалардың қандай да бір өзгеше елеулі түрде бұзылуына жол берiлсе, судья iсті қарауды жүргiзеді, бұл ретте жол берiлген бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, тиiсінше сот, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) қаулысының күшiн жояды және iсті қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.
844-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк қаржы жағдайына сәйкес келмеуi
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның тым қатаңдығы салдарынан оны әдiл емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлi адамның жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сәйкес келмейдi деп танып, судья әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы қағидаларын басшылыққа ала отырып, жазаны жеңілдетеді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік жаңа редакцияда
2. Судья кiнәлi тұлғаға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда айқындалғаннан неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны шағым берілген немесе прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілген жағдайда ғана қолданады.
845-бап. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Судья iс бойынша іс жүргiзудi тоқтатудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ғана әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.
2. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзу тоқтатылған тұлғаның шағымы бойынша тоқтатудың негiздерi бөлiгiнде өзгертiлуi мүмкiн.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 846-бап жаңа редакцияда
846-бап. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулыны жария ету
1. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi.
2. Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулының көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде iс бойынша өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, шағымды өзі берген немесе оның өтiнуi бойынша берілген жағдайда, жәбiрленушiге, апелляциялық өтінішхат келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
3. Қамаққа алу туралы сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша қаулы - қаулыны орындайтын органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзiне қатысты шығарылған тұлғаның назарына қаулы шығарылған күнi жеткiзiледі.
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 46-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
46-тарау. Заңды күшіне енген сот қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау
847-бап. 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 848-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
848-бап. Істерді талап етіп алдырудың және заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхаттарды қараудың тәртібі мен себептері
2021.20.03. № 21-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі кассациялық соттың төрағасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіппен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыруы мүмкін.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған тұлғалардың өтінішхаттары, сол сияқты өз құзыреті шегінде кассациялық сот төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бастамалары істерді талап етіп алдыруға себеп болып табылады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуды сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды. Сұрау салу жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс прокурордан талап етілген жағдайда, кассациялық сатыдағы соттың өтінішхаттың келіп түсуіне байланысты істі талап ету туралы сұрау салуы отыз тәулік ішінде орындалуға жатады.
4. Осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды.
2021.20.03. № 21-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-бөлік өзгертілді
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде кассациялық сот төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының наразалығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2021.20.03. № 21-VІІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бөлік өзгертілді
6. Ұсыну, наразылық іспен бірге кассациялық сотқа жіберіледі.
Наразылықтың көшірмелерін прокурор іске қатысатын тұлғаларға жібереді.
7. Іс талап етіп алдырылған жағдайда, ұсыну енгізу немесе кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат іс түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
8. Ұсынуды енгізу немесе наразылық келтіру туралы өтінішхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында беріледі және мыналарды:
1) өтінішхат жолданған лауазымды адамның атауын;
2) өтінішхат беретін тұлғаның атауын; оның тұрғылықты жерін немесе тұрған жерін және іс бойынша процестік жағдайды;
3) бірінші, апелляциялық сатыларда істі қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсетуді;
4) өтінішхат берілетін сот актісін көрсетуді;
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мыналарды:
қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін қандай орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін екенін;
қаулы адамдардың белгісіз тобының қандай құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатынын;
қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті қалайша бұзатынын көрсетуді;
6) өтінішхат беруші тұлғаның өтінуі неден тұратынын көрсетуді қамтуға тиіс.
9. Өтінішхат беретін тұлға немесе оның өкілі өтінішхатқа қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын өзге де құжат қоса берілуге тиіс.
10. Өтінішхат осы баптың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген тұлғаларға қайтаруға жатады.
11. Өтінішхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы.
849-бап. 2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2015.31.10. № 378-V ҚР Заңымен 850-бап өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
850-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
Заңды күшiне енген қаулыларға наразылық келтіру осы қаулылардың орындалуын тоқтата тұрады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен 851-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
851-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды қайта қараудың кассациялық тәртібі
2021.20.03. № 21-VІІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік жаңа редакцияда (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кассациялық сатыдағы сот кемінде үш судьяның алқалы құрамында кассациялық сот төрағасының ұсынуы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген сот қаулысының заңдылығын және негізділігін тексеруге құқылы.
2. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай ұсыну, наразылық соттың қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде берiлуі мүмкін.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша соттың қаулыларына наразылық келтіру осы Кодекстің 833-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен 4-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 4-бөлік өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдерінің, қорғаушылардың, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өздерінің орталық мемлекеттік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.
Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның жағдайын жақсартуға алып келетін, ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы күшіне енген күннен бастап екі жыл ішінде берілуі мүмкін.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тәртіппен қайта қарауға:
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын;
2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын;
3) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
6. Наразылық келтірген прокурор наразылық қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа өтініш беру арқылы оны кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықты кері қайтарып алу қайтадан наразылық келтіруге кедергі болмайды.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 7-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
7. Кассациялық сатыдағы сотта іс ақылға қонымды мерзімде, бірақ сотқа келіп түскен күнінен бастап алты айдан аспайтын мерзімде қаралады.
Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижелері бойынша сот мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қаулыны - өзгеріссіз, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшін жою және істі тоқтату туралы;
4) іс бойынша қаулының күшін жою және жаңа қаулы шығару туралы.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 8-бөлікпен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының күшін жойған және іс кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберілген жағдайларда, істі кассациялық сатыда қарау осы тараудың қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 46-1-тараумен толықтырылды (2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
46-1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
851-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот қаулыларын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауының негіздері
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, егер:
1) қабылданған қаулы соттардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндірудегі және қолдануындағы біркелкілікті бұзса;
2) қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзса;
3) қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарға алып келуі мүмкін болса, заңды күшіне енген сот актілері кассациялық сатыда қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының ұсынуы немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша оларды айрықша жағдайларда қайта қарауы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау туралы наразылықты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша өз бастамасымен де, осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың өтінішхатымен де енгізуге құқылы.
851-2-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты судьясының ұсынуын енгізу
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы осы Кодекстің 851-бабының төртінші бөлігінде аталған адамдардың заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау қажеттігі туралы өтінішхаты бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу үшін талап етіп алдыра алады. Істі зерделеу нәтижелері бойынша осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде ұсыну енгізеді, онда мыналар көрсетіледі:
1) ұсынудың енгізілген күні мен орны;
2) дау айтылып отырған сот актілері көрсетіле отырып, ұсыну енгізілген іс;
3) ұсынуды енгізу уәждері мен дәлелдері.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар сот актісінің орындалуын тоқтата тұру туралы өтінішхат берген жағдайда судья бұл жөнінде ұсынуда көрсетеді.
851-3-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы қайта қаралғанға дейін оның орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
851-4-бап. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау
1. Тараптар заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауды өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етіледі.
2. Заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қайта қарауы ақылға қонымды мерзімде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бағынысты прокурорларының қатысуы міндетті.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты осы Кодекстің 851-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген негіздер анықталған жағдайда мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырады;
2) апелляциялық сатыдағы қаулыны немесе бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырып немесе оның күшін жойып, кассациялық сатыдағы сот қаулысын өзгертеді;
3) бірінші сатыдағы сот қаулысын өзгертіп немесе өзгеріссіз қалдырып, кассациялық және апелляциялық сатылардағы соттар қаулысының күшін жояды;
4) кассациялық сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі кассациялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жібереді;
5) кассациялық сатыдағы сот қаулысының, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы қаулы мен бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жояды және істі тоқтатады.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қаулысы жария етілген күнінен бастап заңды күшіне енеді және түпкілікті болып табылады.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 47-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда; 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 47-тараудың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47-тарау. Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын, наразылықтарын қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау
852-бап. Қайта қарау негіздері
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-бөлік жаңа редакцияда
1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдер, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылар, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, қаулыларды, нұсқамаларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін мыналар:
1) құқық бұзушыға, жәбірленушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес, іс үшін маңызды мән-жайлар;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз қаулы шығаруға алып келген, куәнің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу қате аударма, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың не айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
3) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған, осы істі қарау кезінде жасалған, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, іске қатысатын басқа да тұлғалардың не олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері немесе судъялардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қылмыстық іс-әрекеттері;
4) осы қаулыны шығаруға негіз болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын немесе қаулысын не өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісінің күшін жою;
2022.05.11. № 158-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тануы негіздер болып табылады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 853-бап жаңа редакцияда
853-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларды, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.
Сот органның (лауазымды адамның) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімін, қаулысын, нұсқамасын қайта қараған және оларды өзгеріссіз қалдырған жағдайларда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 854-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
854-бап. Арыз беру
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші немесе олардың заңды өкілдері немесе прокурор қаулы шығарған не нұсқаманы ресімдеген сотқа, органға (лауазымды адамға) береді.
2025.10.01. № 155-VIII ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайта қарауға негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады.