әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кiрiстi (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
2016.28.12. № 34-VI ҚР Заңымен ескертпе өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен ескертпе жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарламаға және валюталық шарттарды есептік тіркеуге, сондай-ақ «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.
464-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бөлік өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.30.12. № 300-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-бөлік өзгертілді
2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймау -
лицензиядан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
465-бап. Рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Рұқсат беру мерзiмiн бұзу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгiленген тәртiптi бұза отырып рұқсат беру, сол сияқты рұқсат беруден негізсіз бас тарту -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 3-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.25.06. № 346-VI ҚР Заңымен 465-1-баппен толықтырылды
465-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы
1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның:
1) өтемақы қорының қаражаттарын өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де қаражаттарымен араластыруы;
2) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары), тұтынушылар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасында туындайтын тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі органның болмауы түрінде жасаған, Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтары - ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
466-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкiлдiктерді есептік тiркеу туралы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкiлдiктерін қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақтылы хабарламау -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
467-бап. 2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
468-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасын бұзу
1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде қамтылған мәлiметтердi жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:
уәкілетті орган:
1) тіркеуші органдар өтініш берген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде сәйкестендіру нөмірін қалыптастырмау;
2) тіркеуші мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер өтініш берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларға ақпарат бермеу түрінде жасаған;
тіркеуші орган:
1) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уақтылы ұсынбау;
2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау түрінде жасаған;
мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер:
1) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу, рұқсат беру және өзге де сипаттағы құжаттарды беру кезінде сәйкестендіру нөмірін ескермеу түрінде жасаған;
банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
сәйкестендіру нөмірін ескермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру алгоритміне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақыламау түрінде жасаған орындамау не тиісінше орындамау -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
469-бап. Күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды бұзу
1. Жеке немесе заңды тұлғалардың күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарды бұзуы -
жеке тұлғаларға - он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау -
қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - тоқсан бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
470-бап. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын бұзу
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау және (немесе) тиісінше орындамау;
2) шетелдік заңды тұлғаларға, шетел қатысатын заңды тұлғаларға, шетелдіктерге, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға күзет қызметінің барлық түрін жүзеге асыру; жеке күзет ұйымдарын құру немесе олардың құрылтайшылары (қатысушылары) болу; сенімгерлік басқаруында жеке күзет ұйымы болу құқықтарын беру;
3) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымына «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 6-тармағының талаптарына сай келмейтін адамдарды қабылдау;
4) күзетшіні өзінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде оның жеке басын және жеке күзет ұйымына тиесілі екенін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжатпен және арнаулы киіммен қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамау;
5) «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабында көзделген шектеулерді сақтамау;
6) жеке күзет ұйымында басшы және күзетшi лауазымын атқаратын жұмыскерлердi даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұза отырып жүзеге асыру түрінде жасалған бұзушылық -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 1-1-бөлікпен толықтырылды
1-1. Жеке күзет ұйымдарында күзетші қызметінде жұмыс істейтін жұмыскерлердің дайындалып жатқан не жасалған қылмыстар туралы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, не аумағында қару, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар бар күзетілетін объектілерден күзет дабылының қосылғаны туралы өздеріне белгілі болған фактілерді жасыруы, сол сияқты ішкі істер органдарын хабардар етпеуі -
жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау -
қызметіне тыйым сала отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне - сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 471-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
471-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi мемлекеттік органдардың бюджетке аударуына жататын салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердің сомаларын осы бөлiкте көрсетiлген органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2014.29.12. № 272-V ҚР Заңымен 2-бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 2-бөлік жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергілікті атқарушы органдардың, өзге де уәкілетті органдардың және уәкілетті адамдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салықтық бақылау нәтижелері бойынша анықталған және бақылау актісінде көрсетілген бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарды орындамауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен ескертумен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Ескерту. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының осы бапта пайдаланылатын ұғымы мен терминдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасында пайдаланылатындай мағынада ғана қолданылады.
472-бап. Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану қағидаларын бұзу
1. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi, атап айтқанда:
1) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;
2) сот актілері негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай дәлелдемелерді;
3) тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттар бар көмбелерді;
2017.28.12. № 127-VІ ҚР Заңымен 4) тамақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, оларға теңестірілген адамдарға (Қазақстан Республикасының президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдарға, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдарға келіп түскен, арнайы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды;
5) заңнамалық актілерде көзделген өзге де жағдайларда республикалық меншікке өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген тауарлар мен көлік құралдарын;
6) белгіленген тәртіппен қараусыз қалған деп танылған мүлікті;
7) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, оның ішінде иесіз мұраны;
8) олжаларды;
9) қараусыз қалған жануарларды уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - сегiз, лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және өткізу тәртiбiн:
1) мемлекеттің меншік құқығының туындағанын куәландыратын құжаттардың сақталуын қамтамасыз етпеу;
2) аукционды ұйымдастырушыны аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу арқылы таңдамау;
3) ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті жоймау;
4) осындай мүлікті өткізуден түскен сомаларды мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармау түрінде жасалған сақтамау -
лауазымды адамдарға - он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен 473-бап өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен өздеріне мұндай мәліметтер туралы белгілі болған тұлғалардың кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
474-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, сол сияқты мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай тұрып, белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруы
1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
475-бап. Салық есебiне қоюдан бас тарту немесе салық есебiне қою мерзiмдерiн бұзу
1. Салық төлеушiнi тiркеу есебiне немесе салық төлеушiнi қосылған құн салығына салық төлеушi ретiнде есепке қоюдан бас тарту, сол сияқты мемлекеттік кіріс органы лауазымды адамының салық заңнамасында белгiленген мұндай тiркеу (есепке алу) мерзiмдерiн бұзуы -
жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер -
қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 476-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
476-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
1. Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды бұйрықтары мен өкімдерін:
1) келу мен кетудiң ерекше режимi;
2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу;
2020.25.05. № 334-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бейбіт жиналыстарды, сондай-ақ ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу;
4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;
5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік iшiмдiктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу;
6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу;
2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, аудио- және бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; масс-медианы бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
8) байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары;
9) көлiк құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу;
10) коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу бөліктерінде орындамау, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 2-бөлікпен толықтырылды
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
477-бап. Терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында құқықтық режимді бұзу
Терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген құқықтық режимді бұзу немесе талаптарды:
1) келу мен кетудің ерекше режимі;
2) жеке тұлғалардың жергілікті жердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде жүруіне тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі келтіру;
2015.02.08. № 343-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2024.19.06. № 95-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) масс-медиа өкілдерінің жедел штаб басшысының рұқсатынсыз терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында болуы және олардың дыбысжазуды, фото- және бейнетүсіруді жүзеге асыруы;
3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді жүргізуге кедергі келтіру;
4) байланысты пайдаланудың ерекше қағидаларын;
5) егер кешеуілдеу адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу, терроризм актісі жасалған жерге бару үшін, сондай-ақ терроризм актісін жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу және оларды ұстап алу үшін көлік құралдарын алып қоюға кедергі келтіру;
6) қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұру;
7) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген аумақ шегінде тұратын жеке тұлғаларды уақытша көшіруге кедергі келтіру;
8) карантин енгізу, санитариялық-эпидемияға қарсы, ветеринариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
9) жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе иелігіндегі және пайдалануындағы тұрғын және өзге де үй-жайларға және оларға жеке меншік құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне кіруге кедергі келтіру;
10) қарумен, оқ-дәрілермен, жарылғыш заттармен, күшті әсер ететін химиялық және улы заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу, дәрілік, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар, этил спирті мен алкогольдік өнім айналымының ерекше режимін орнату бөлігінде орындамау -
қауіпті өндірістік объектілердің қызметін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - сексен бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 478-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
478-бап. Төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiпті бұзуға итермелейтiн әрекеттер