1) кепiл туралы мәлiметтер көшiрме берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлгенiне сiлтеменi қамтуға;
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тiркеушi органның немесе жылжымалы мүлік орталығының лауазымды тұлғасының қолы қойылып, тiркеушi органның немесе жылжымалы мүлік орталығының мөрiмен куәландырылуға тиiс.
3. Белгiлi бiр жылжымалы мүлiкке қатысты кепiл туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуға тиiс.
4. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара)
5. ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара)
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату
Мүдделi тұлға кепiлдi немесе оның тiркелуiн жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн жою туралы тiркеушi органға немесе жылжымайтын мүлік орталығына өтiнiш беруге құқығы бар.
3-тарау. Дауларды шешу және тiркеу тәртібінiң бұзылуы үшiн жауапкершiлiк
20-бап. Дауларды шешу тәртібі
Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге және оны тiркеу туралы ақпараттың берiлуiне байланысты дауларды сот шешедi.
21-бап. Тiркеу тәртібін бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тiркеушi орган немесе жылжымайтын мүлік орталығы:
1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн сақтамағаны;
2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмге енгізу үшiн өзiне берiлген жылжымалы мүлiк кепiлiн ақпараттың дәл болмауы, олардың толық енгiзiлмегенi және ақпараттың бұрмаланғаны;
3) мүдделi тұлғалардың сұратуы бойынша жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiнен көшiрме беруден бас тартқаны;
4) тiркеу үшiн берiлген құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртібін бұзғаны;
5) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жария еткенi ;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұрынғы ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 6) тармақша толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2012.10.07. № 34-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Тiркеу, ақпарат беру тәртібін бұзу, ақпарат мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген зиянды тiркеушi орган және (немесе) жылжымайтын мүлік орталығы өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.
4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
22-бап. Заңның күшiне енгiзiлуi
Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi және ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындаған құқық қатынастарына осы Заңның 23-бабының ережелерi ескерiле отырып қолданылады.
23-бап. Өтпелi ережелер
1. Осы Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн 60 күн iшiнде мiндеттi мемлекеттік тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiнiң белгiлi бiр мәнi жөніндегі басымдыққа оны тiркеу кезiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн кепiл туралы шарт жасасқан кепiл ұстаушылар ғана ие болады.
Мұндай кепiлдердi тiркеу осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы бапқа сәйкес тiркелген кепiлдердiң басымдығы кепiл туралы шарт жасалған күнмен айқындалады.
Қазақстан Республикасының