Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1248 Қаулысы
(2009.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1248 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Федоров Олег Анатольевич | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Парсегов Борис Анатольевич | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары |
Меңдібаев Бірлік Қайырбекұлы | - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрайымының орынбасары |
Тілеухан Нәркес Түлекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Мейірманова Азалия Амангелдіқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының аппараты ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Қуанғанова Гүлнәр Шаймұратқызы | - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Нұғманова Эльмира Әбдікқызы | - «Қазақстан Республикасының заң шығару институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Айтжанов Дулат Нулиұлы, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы, Шаймерденова Гүлвира Балташқызы шығарылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 92-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Тілеухан Нәркес Түлекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Сыпченков Юрий Николаевич | - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппараты заң департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Нұғманов Тимур Ерсайынұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы дирекциясы заң департаментінің директоры (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Дворецкий Владимир Яковлевич, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Айтжанов Дулат Нулиұлы, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы шығарылсын.