2. Нәтижесінде жұмыс бағдарламасының көрсеткіштері өзгеретін жобалау құжаттарының көрсеткіштері өзгерген кезде жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы арасындағы келісімшартқа қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі.»;
5) 68-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттарының, сондай-ақ келісімшарт жасасуға мүмкіндік беретін міндетті сараптамалардың нәтижелерін алу негізінде жасалады.»;
6) 70-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде табудың немесе кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңізде орналасуына қарамастан) геологиялық немесе тау-кендік бөлуде көрсетілген келісімшарттық аумақ шегінен шығып кеткені байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселені кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізу кезінде құзыретті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келісімшарт жасасу үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде конкурс өткізбей-ақ, келісімшарт талаптарын өзгерту арқылы шешуге тиіс.»;
7) 93-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органның рұқсатын алмай теңіз құрылысын салуды немесе орналастыруды бастауға құқылы емес. Рұқсатты алу үшін мұндай жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға теңіз құрылысының жоспарланатын орналастырылуы не салынуы басталғанға дейін өтініш беруге міндетті. Өтініште жоспарланатын теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу жөніндегі жүргізілетін жұмыстардың сипаты, мерзімдері мен орналасатын жері қамтылуға тиіс. Құзыретті орган теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының өтінішін қарауға және өтініш берілген кезден бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті шешім қабылдауға міндетті.
Теңіздегі жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу үшін жұмыстар орындауды және (немесе) қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осы бапта белгіленген нормалар қолданылады.»;
8) 96-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңізде мұнай-газ құбырларын салуды және пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе тарту жөніндегі жұмысты құзыретті органның рұқсатынсыз бастауға құқылы емес. Мұндай рұқсат осы Заңның 93-бабының 8-тармағында белгіленген жалпы тәртіппен беріледі.»;
9) 100-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Теңiздегi ғылыми зерттеулер құзыретті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен зерттеулердің басталғаны туралы хабардар ете отырып қана жүргiзiлуi мүмкін. Теңiздегi ғылыми зерттеулер жүргiзу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.».
71. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
72. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 25 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 16-баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 6) тармақшасы алып тасталсын;
2) қосымшаның 1-тармағының 102) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«102) рұқсаттық бақылау саласында;».
73. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 17-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама»;
1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асыру басталғанға немесе тоқтатылғанға дейін бұл жөнінде мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар етуге міндетті.»;
«3. Резервуарды немесе мұнай өнімдерінің базасын иелену және (немесе) пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы беруші мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берумен байланысты қызметті жүзеге асырудың тоқтатылғаны туралы хабарлама береді.»;
2) 21-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін сақтау және көтерме сауда арқылы өткізу осы Заңның 19-бабының 5-тармағы сақталған жағдайда жүзеге асырылуға тиіс.».
74. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 92-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 11-бапта:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.»;
6-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған кезде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бас тартудың себептерін көрсете отырып, өтініш берушіге жазбаша уәжді түрде жауап жібереді.»;
2) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау
Жеке және заңды тұлғалардың ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.».
75. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 2, 8-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) газ желісі ұйымы - аккредиттеу туралы куәлігі бар және газ толтыру стансасын пайдалануды, сондай-ақ осы Заңда белгіленген шарттарда сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
2) 28-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сол бір ғана газ толтыру стансаларын екі және одан да көп газ желісі ұйымдарының бір мезгілде пайдалануына;».
76. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):
1) 7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;»;
2) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.».
77. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 жылғы 15 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Магистральдық құбыр саласындағы қызметті лицензиялау
Магистральдық құбыр саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.».
78. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен микрокредиттерді ұсыну үшін уәкілетті органның алдын ала келісімін алуға міндетті.»;
2) 14-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 31-1-баппен толықтырылсын:
«31-1-бап. Микроқаржы ұйымының көрсетілетін қызметтерін келісу
1. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін уәкілетті органның келісімін алуға міндетті.
2. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етеді.
3. Уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған не ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда микроқаржы ұйымына микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттер беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін келісім беруден бас тартады.
4. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымдарына микроқаржы ұйымының тұтынушыларына микрокредиттерді ұсыну үшін берілген келісімдерді есепке алуды жүргізеді.».
79. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2014 ж., № 4-5, 23-құжат):
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) 12-бапта:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әкімші ретінде қызметті жүзеге асыру үшін адамдарға қойылатын рұқсат беру талаптары мыналар:
1) жоғары заңгерлік немесе экономикалық бiлiмiнiң болуы;
2) экономикалық, қаржылық немесе заң қызметі салаларында кемінде үш жыл жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
4) наркологиялық немесе психиатриялық диспансерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы;
5) жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болмауы;
6) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығаны туралы мәліметтердің болмауы.
5. Біліктілік емтиханын тапсыру және рұқсат беру талаптарына сәйкестік әкімші ретінде тіркелу үшін негіздер болып табылады.
Біліктілік емтиханы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен жиі өткізілмейді.
Біліктілік емтиханын өткізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
6-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштердің нысандарын, сондай-ақ тіркелгендігін растау және тіркеуден бас тарту нысандарын уәкілетті орган бекітеді.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өтiнiш берушi осы бапта белгiленген рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеген;»;
2) 15-бап мынадай мазмұндағы 23-1) және 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) тiркеуге, тiркеуден шығаруға, тiркелген тұлғаның деректерiне өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiштердiң нысандарын, сондай-ақ тiркелгендiгiн растау және тiркеуден бас тарту нысандарын әзірлейді;
23-2) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін әзірлейді;».
2-бап. Осы Заң, мыналарды:
1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 9) тармақшасын;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 10) және 16) тармақшаларын;
3) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 6) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 8) тармақшасын;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 1) тармақшасын, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2014 жылғы мамырдың 16-ы.
№ 203-V