Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1239 Қаулысы
(2013.16.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 981 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009.02.09. № 1297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.06. № 612 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 981 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.05.04. № 418 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкiметiнiң 2013.16.04. № 368 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1239 қаулысына
1-қосымша
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға |
Жұманғарин Серік Мақашұлы | - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Беспалинов Тілеуғазы Айтқазыұлы | - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Өңірлік саясат департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Бөрібаев Асқар Ысмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Егемберді Ерғали Қуандықұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі |
Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
Скляр Роман Васильевич | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі |
Төкежанов Болат Тұрғанұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Толыбаев Марат Еркінұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Кенесарин Сағыр Есенғұлұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі |
Қожаниязов Серік Салауатұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі |
Ашуев Айдын Жұмабекұлы | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының орынбасары |
Баймұқанов Тимур Сұлтанбекұлы | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары |
Шәйжүнісов Аллен Сержанұлы | - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1239 қаулысымен
бекітілген
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 981 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында (бұдан әрі - Болжамды схема) көзделген шараларды тиімді іске асыру мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 981 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
1) өзіне елдегі экономикалық белсенділікті шоғырландыратын және елдің қалған бүкіл аумағы үшін «локомотив» рөлін атқаратын «озық» өсу аймақтарын (өсу полюстерін) қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік өңірлік саясатты жетілдіру;
2) экономикалық және еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы және тыныс-тіршілік үшін қолайлы елдің ұтымды игерілген аудандарымен үйлестіріп шоғырландыру;
3) нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін өңірлік деңгейде енгізу;
4) қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу бойынша ішінара қолдау көрсету;
5) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
6) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын қаржыландыру лимиттерін қалыптастыру.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 981 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары мыналар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:
1) мемлекеттік өңірлік саясатты одан әрі жетілдіру;
2) елдің және оның өңірлерінің өңірлік және әлемдік экономикада ұстанымдануының тиімді стратегиясын іске асыру;
3) ел өңірлерінің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру;
4) экологиялық қолайсыз аумақтардың тұрғындарын және экологиясын сауықтыру жөніндегі шараларды тиімді іске асыру мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың халықаралық сараптамалық-консультативтік және грант көмегін тарту жөніндегі қызметін үйлестіру;
5) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын тиімді іске асыру;
6) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының тиімді схемасын қалыптастыру;
7) Болжамды схеманы және аумақтарды дамыту бағдарламаларын тиімді іске асыру.
3. Комиссияның құқықтары
6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де
ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
2) өңірлердегі ахуалды талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға;
3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқығы бар.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыстан кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 612 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкiметiнiң 2013.16.04. № 368 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
10. Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда, қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
11. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады және, егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қояды.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1239 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 163-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы № 1209 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 40, 412-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 және 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қазандағы № 1061 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы № 129 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 және 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 ақпандағы № 156 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 84-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі № 668 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы № 233 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 109-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы № 948 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілген өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 441-құжат).