Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 978 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 20 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) Көші-қон квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 15 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 2, 11-құжат):
тақырыбы және 1-тармағы «оралмандарға» деген сөзден кейін «және олардың отбасы мүшелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Көшіп-келу квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесінде:
тақырыбы «оралмандарға» деген сөзден кейін «және олардың отбасы мүшелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспе «оралмандарға» деген сөзден кейін «және олардың отбасы мүшелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы «оралмандардың отбасыларына» деген сөздер «оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «оралман отбасыларының», «оралмандардың отбасылары» деген сөздер тиісінше «оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің», «оралмандар және олардың отбасы мүшелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы «Қазақстан Республикасының» деген сөздердің алдынан «ұлты қазақ емес отбасы мүшелерінен басқа,» деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақтағы «оралман отбасыларын», «оралмандар отбасыларының» деген сөздер тиісінше «оралмандарды және олардың отбасы мүшелерін», «оралмандардың және олардың отбасы мүшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы «оралмандарды» деген сөзден кейін «және олардың отбасы мүшелерін» деген сөзбен толықтырылсын;
Көші-қон квотасы бойынша келген оралмандарға тұрақты тұратын жеріне бару және мүлкін (оның ішінде малын) апару жөніндегі шығыстарын өтеу, келген жері бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу және біржолғы жәрдемақылар төлеу ережесіне қосымшадағы «оралмандарға» деген сөз «оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесін және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 137-құжат):
тақырыптағы және 1-тармақтағы «және кепіл» деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген және кепіл жарна енгізу ережесінде және оның мөлшерінде:
тақырыптағы және мәтін бойынша «және кепіл» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |