Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесін және оның мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 316 Қаулысы
(2012.19.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 548 Қаулысымен күші жойылды
«Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 167 бұйрығын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесі және оның мөлшері бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2012.19.01. № 124 Қаулысымен күші жойылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | |
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 978 Қаулысымен тақырыптағы және мәтін бойынша «және кепіл» деген сөздер алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 24 сәуірдегi
№ 316 қаулысымен
бекітілген
Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна
енгізу ережесі және оның мөлшерi
1. Жалпы ережелер
1. Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу ережесі және оның мөлшері (бұдан әрі - Ереже) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) кепілдік берілген жарна (бұдан әрі - жарна) - еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін шетелдік қызметкердің өзінің тұрақты тұратын еліне қайта оралу кепілдігін қамтамасыз ететін ақшалай жарна;
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
3) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органы беретін, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағына тарту үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшінің санын айқындайтын белгіленген нысандағы құжат.
2. Кепілдік берілген жарнаны енгізу тәртібi және оның мөлшерi
ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1486 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін жұмыс берушілер әрбір шетелдік қызметкер үшін Қазақстан Республикасының банктеріне жарна енгізуге міндетті.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1486 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Жарналар жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы банктердің біріндегі банктік шотына енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1486 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Банк пен жұмыс беруші арасындағы шартта мыналар көрсетіледі:
1) шетелдік қызметкердің өзі аумағында тұрақты тұратын мемлекетті көрсете отырып, тегі, аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;
2) әр қызметкерге арналған жарна сомасы;
3) банктің жұмыс берушіге жарналарды қайтару тәртібі.
6. Бір шетелдік қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттің жақын маңдағы әуежайына дейінгі авиабилеттің «Экономикалық» сынып бойынша құнынан кем емес мөлшерде белгіленеді.
7. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен келген бір шетелдік қызметкерге арналған жарна ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттің жақын маңдағы станциясына дейінгі темір жол (купелі вагон) немесе автомобиль көлігі билетінің құнынан кем емес мөлшерде белгіленеді.
8. Банктер жарнаны жұмыс берушіге уәкілетті органның жазбаша келісімінің негізінде қайтарады.
9. Уәкілетті орган жұмыс беруші өтініш жасаған күні ол (олар) аумағында тұрақты тұратын мемлекетке кететін қызметкердің (қызметкерлердің) атына көлік құралына алынған билеттің көшірмесі не электронды авиабилетке ақы төленгені туралы түбіртектің көшірмесі болған кезде жазбаша келісім береді.
10. Жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығару кезінде шетелдік жұмыс берушінің жұмысқа орналастыратын елдің банктеріне кепілдік берілген жарна енгізу тәртібі мен шарттары жұмысқа орналастыратын елдің заңнамасында реттеледі.