Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1262 Қаулысы
(2014.05.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Үкіметтік емес секторды, оның мемлекеттік органдармен сындарлы өзара іс-қимылын одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Үйлестіру кеңесінің міндеттері және функциялары
3. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы жүйесін жетілдіру;
үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттің әлеуметтік саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға тарту;
азаматтық бастаманың өсуі үшін жағдай жасау;
үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Үйлестіру кеңесі жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында, мынадай функцияларды орындайды:
үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту және кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға қарау үшін талдамалық, әдістемелік және өзге де материалдарды жібереді.
5. Үйлестіру кеңесінің:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға;
үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдауға байланысты өзге де өкілеттікті жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
6. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.
7. Төраға:
Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
Үйлестіру кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді;
Үйлестіру кеңесінің жұмыс қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында есеп береді.
Төраға болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Үйлестіру кеңесінің Хатшысы Үйлестіру кеңесінің жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыстың күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2012.17.01. № 85 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жартыжылда бір рет өткізіледі және егер оларға Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
10. Үйлестіру кеңесінің шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1113 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
ҚР Үкіметінiң 2006.27.06. № 588 қаулысымен (бұр. ред. қара) ; 2007.17.07 № 603 қаулысымен ( бұр. ред. қара); 2008.11.06. № 577 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1338 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.13.11 № 1834 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1113 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.06. № 696 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.17.01. № 85 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен құрамы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.29.05. № 527 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.05.03. № 189 Қаулысымен құрамы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1262 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің
құрамы
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға |
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары |
Омаров Жанай Сейітжанұлы | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы |
Қайырбекова Салидат Зекенқызы | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы | - | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы | - | Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі |
Сәрінжіпов Аслан Бәкенұлы | - | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы | - | Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі |
Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы | - | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі |
Дүйсенова Тамара Босымбекқызы | - | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Әзілханов Марат Алмасұлы | - | Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігінің төрағасы |
Есентаев Тастанбек Құтжанұлы | - | Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы |
Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы | - | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары |
Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы | - | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары |
Тұрлыбекқызы Салтанат | - | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша) |
Ерімбетов Нұрлан Кенжебекұлы | - | «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | - | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысы (келісім бойынша) |
Назханов Тимур Күзекұлы | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының мүшесі (келісім бойынша) |
Сабиров Шавкат Умарович | - | «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Сәрсембаева Раушан Біргебайқызы | - | «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Шәуеев Азат Садметұлы | - | «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қорының төрағасы (келісім бойынша) |
Сыдықов Нұрлан Ерболатұлы | - | «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшылығының басшысы (келісім бойынша) |
Дүйшенов Ғани Сұлтанұлы | - | «Қазақстанның жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |