484. Өтемақы беру туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 485-тармақ жаңа редакцияда
485. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер - жасалған концессия шарттары бойынша концеденттің белгілі бір күнге қабылдаған және орындамаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша концеденттің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
Мемлекеттік концессиялық міндеттемелер мыналарға:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелері;
жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелері болып бөлінеді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 486-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
486. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 487-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
487. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 488-тармақ жаңа редакцияда
488. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде инвестициялық шығындар өтемақысын көздейтін концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 489-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
489. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құны «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес концессия шартының шеңберінде концессионер қаражаты есебінен концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнынан аспауы тиіс. Мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің жиынтық құнын есептеуге концессионерге концессия объектісін құру үшін берілетін жер учаскелерінің немесе концессия шарты шеңберінде реконструкцияланып жатқан концессия объектісі орналасқан жер учаскелерінің құны кірмейді.
490. ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
491. ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
492. Өтемақыны төлеу концессия объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
493. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 494-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
494. Өтемақы төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 494-1-тармақпен толықтырылды
494-1. Егер концессия объектісінің құны оны мемлекеттік қабылдау комиссиясы қабылдап алғаны туралы актіге қол қойылғаннан кейін салынған объектіні пайдалануға қабылдау кезінде бұрын жоспарланған құннан төмен болған жағдайда, төлеуге жататын өтемақы мөлшері төмендейді.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 494-2-тармақпен толықтырылды
494-2. Өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Концессионер концессия шартының талаптарын тиісінше орындамаған жағдайда, инвестициялық шығындар өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессия шартында қамтылған, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша міндеттемелерді концессионердің орындауын бағалау критерийлерінің негізінде концессия шартында белгіленген төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 наурызына дейін концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге өтемақы төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
495. Өтемақыны төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
496. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастырады.
497. Бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін концессионерлер бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 498-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
498. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарында белгіленген мерзімде бюджеттен қаражат алу үшін концедент көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) қол қойылған актісін ұсынады.
499. Концессионердің өтемақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.16.04. № 466 Қаулысымен ереже 52-1-тараумен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен тарау өзгертілді (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен 52-1-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52-1-тарау. Экономиканың тиісті саласындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ұстауға арналған шығыстар көлемінің шегіндегі концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының тәртібі
499-1. Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы концессия объектісін пайдалану кезеңінде концессионердің пайдалану шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттерден өтеу болып табылады.
499-2. Концессионердің пайдалану шығындарына концессия шарты шеңберінде экономиканың тиісті саласындағы (аясындағы) әлеуметтік инфрақұрылым және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін ұстауға арналған шығыстар көлемдері шегінде туындайтын концессионердің шығыстары жатады.
499-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде пайдалану шығындарының өтемақысын көздейтін концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
499-4. Концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысын беру туралы шешімді концессия міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
499-5. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасын бұзған жағдайда, пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессия шартында белгіленген төлемнің ең жоғарғы көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Концессионердің концессия шартының, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (орындалатын жұмыстар) сапасы бойынша талаптарын бұзушылықтарының болмауы немесе болуы тиісті актімен (актілермен) расталуы тиіс.
Көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) және концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтарының болуын немесе болмауын растайтын актілерге концедент пен концессионер арасында қол қойылады.
Концессионердің концессия шартының, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша талаптарын бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысы төлемдерінің ең жоғары көлемі төленеді.
499-6. Концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заттай нормаларды ескере отырып, ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жыл сайынғы төлемдерден (оның ішінде субсидиялар) аспауы тиіс.
Пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен заттай нормаларды ескере отырып, ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен жыл сайын төлемдердің (оның ішінде субсидиялар) теңбе-тең өзгерісіне индекстелуі мүмкін.
499-7. Пайдалану шығындары өтемақысының төлемін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде жүргізеді.
499-8. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
499-9. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концессия шартының талаптарын ескере отырып, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
499-10. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған өтінімдерін қанағаттандыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен ереже 52-2-тараумен толықтырылды
52-2-тарау. Мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу тәртібі
499-11. Мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы (бұдан әрі - сыйақы) концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы сомасынан айқындалған үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
499-12. Концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде мемлекет меншігіндегі объектілер бойынша жүзеге асырылады.
499-13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеуді көздейтін концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
499-14. Сыйақы беру мүмкіндігі туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
499-15. Сыйақы төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
499-16. Сыйақы төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
499-17. Сыйақы төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
499-18. Сыйақы төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Егер концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзған жағдайда, сыйақы төлеудің нақты көлемі төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 наурызына дейін, концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге сыйақы төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
499-19. Сыйақы төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
499-20. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын ескере отырып, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
499-21. Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен сыйақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен ереже 52-3-тараумен толықтырылды
52-3-тарау. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы төлеу тәртібі
499-22. Концессия объектісінің қолжетімділігі үшін төлемақы (бұдан әрі - қолжетімділік үшін төлемақы) шығындарды өтеу және концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы санынан айқындалған үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
Қолжетімділік үшін төлемақы:
1) концессионердің инвестициялық шығындарының өтемақысынан;
2) концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысынан;
3) мемлекет меншігіндегі концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақыдан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысынан тұрады.
499-23. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді әлеуметтік маңызы бар санатқа жататын концессиялық жобаларға ғана қатысты қолдануға болады.
Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар санатқа жатқызу критерийлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
499-24. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессионерге қолжетімділік үшін төлемақы төлеуді көздейтін концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
499-25. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу мүмкіндігі туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
499-26. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу 52 (инвестициялық шығындар өтемақысы), 52-1 (пайдалану шығындарының өтемақысы), 52-2 (концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы) тарауларда айқындалған тәртіппен, сондай-ақ осы қаулыда айқындалған концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу тәртібімен жүзеге асырылады.
499-27. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу шеңберінде концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуін ескере отырып, концессиялық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде төлемдердің жалпы санынан айқындалған үлестермен бірыңғай төлемдер түрінде бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін концессионердің табыс алу көзі болып табылады.
499-28. Қолжетімділік үшін төлемақы төлеу шеңберінде (бұдан әрі - жалдау төлемақысы) концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеу концессия объектісін пайдалану кезеңінде жеке меншіктегі (концессионер меншігіндегі) объектілер бойынша ғана жүзеге асырылады.
499-29. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган шығындарды өтеу көзі ретінде концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын төлеуді көздейтін әзірленген концессиялық ұсыныс сараптамасының оң қорытындысын ескере отырып, концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.
499-30. Концессионерге жалдау төлемақысын төлеу мүмкіндігі туралы шешімді концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
499-31. Жалдау төлемақысын төлеу концессионер меншігіндегі концессия объектісін пайдалану кезеңінде жүзеге асырылады.
499-32. Жалдау төлемақысын төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылдарына арналған жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалар шегінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
499-33. Жалдау төлемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
499-34. Жалдау төлемақысы бойынша төлемнің ең жоғары көлемі концессия шартымен белгіленеді. Концессионер концессия шартының, оның ішінде жалға берілетін үй-жай мен көрсетілетін қызметтердің сапасы бойынша талаптарын бұзған жағдайда, жалдау төлемақысы бойынша төлемнің нақты көлемі төлемнің ең жоғары көлемімен салыстырғанда төмендейді.
Өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін ұстап қалу мөлшері концессия шартымен айқындалады.
Концессионердің концессия объектісінің техникалық және пайдалану сипаттамаларын қамтамасыз етуі жыл сайын жыл қорытындылары бойынша, келесі жылдың бірінші тоқсанында концессионер мен концедент арасында қол қойылатын актімен расталады.
Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзушылықтары болмаған жағдайда, концессионерге жалдау төлемақыларын төлеудің ең жоғары көлемі төленеді.
499-35. Жалдау төлемақыларын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
499-36. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
499-37. Концессионердің жалдау төлемақыларын төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
53-тарау. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібі
500. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - бұл концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру үшін шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу.
501. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
502. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жалпы көлемдерін қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін ескере отырып, тиісті концессия шарттары анықтайды.
503. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жылдық көлемдерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
504. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
505. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қалыптастырады.
506. Концессионерлер бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер мен бұрын алынған қаражаттардың игерілуі туралы есепті ұсынады.
507. Өтінімдер тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
508. Концессионердің қоса қаржыландыруға өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
509. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның аясында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру жүзеге асырылып жатқан бюджеттік бағдарламаның тиімді, нәтижелі және мақсатқа сай іске асырылуына жауапты болады.
10-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi мен есептiлiгi
54-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу тәртібі
510. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Бюджет кодексiнде белгiленген түсiмдердiң есебiнен қалыптастырылады.
511. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшiн теңгелiк шот және шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн теңгемен тиiстi шот ашады.
512. Кезекті қаржы жылына мұнай секторының ұйымдарының тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік реттеуді, келісім-шарттарды жасасуды және орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бекітеді.
513. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айдың басына дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын түсiмдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
514. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер ұлттық валютада Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына енгізіледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына ағымдағы жұмыс күнінде енгізілген түсімдер сомасын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ҚР ҰБ-дағы Үкiметтiң теңгелiк шотына аударуы тиiс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер сомасын аудару күн сайын Қазақстан Республикасы ҰБ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
515. Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында артық төленген бюджетке қате немесе жаңылыс түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін сомаларды салық қызметі органдары арасында есепке алу, төлеушілерге қайтару ҚР ҰБ ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарынан есептен шығармай осы Ереженің 134-144-тармақтарына сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 516-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
516. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансферттің аударымы шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-інде Үкіметінің теңгелік шотында алу үшін жеткілікті сома жиналғаннан кейін теңгелік шоттағы қаражат айырбасталады және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің шотына теңгемен түседі.
517. Шетелдiк валютадағы түсiмдер бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның шетелдiк валютадағы корреспонденттiк шоттарға ҚР ҰБ есептеледi.
Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейiн осы Ереженің 36-тарауына сәйкес теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ҚР Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шотына есепке алынады және сол жұмыс күнi шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн Үкiметтiң тиiстi шотына теңгемен аударылады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ белгiлеген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына есептелетiн шетелдiк валютаны дәйектi түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшiн хабарламалар, өтiнiштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесiн сақтайды.