189. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерден төлеуге берілетін шоттарды қағаз тасығышта қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлімшесінің басшысы бекіткен және мемлекеттік мекемелерге берілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесіне сәйкес жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады. Бұл ретте банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергілікті уақыт бойынша сағат 13.00-ге дейін қабылданады.
Аумақтық қазынашылықтың бөлімшесі бүкіл жұмыс күні ішінде электронды түрде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден түсетін төлем шоттарын қабылдауды жүзеге асырады.
Электронды түрде «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелерден жергілікті уақытпен сағат 16.00-ден кейін түскен төлем шот келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады не орындаусыз қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 190-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 190-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 190-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.16.04. № 466 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 190-тармақ өзгертілді
190. Мемлекеттік мекеме мыналарды:
1) құжаттарды қағаз және магнитті тасығышта ұсынған кезде мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесінің сақталуын;
2) төлеуге берілетін шотты ұсыну заңдылығы мен негізділігін;
3) төлеуге берілетін шотта көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
4) ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындаудың уақтылылығы мен толықтығын;
5) жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетілген қызметтердің жеткізілуін растаудың дұрыстығын;
6) аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды сатып алу не жеткізу кезінде шот-фактуралардың, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттың көшірмелерін, актілер жасалмайтын көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді орындау кезінде орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерін немесе тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің (бұдан әрі - растаушы құжаттар) көшірмесін беруді. Көрсетілген құжаттарға өнім беруші жеке қолымен немесе БЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Бүл ретте көрсетілген құжаттардың көшірмелері мемлекеттік мекеме басшысының немесе олар уәкілеттік еткен тұлғаның жеке қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрдің бедерімен қойылып, ұсынылады;
7) олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы дайындау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейінгі төлемді жүргізу кезінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсынуды;
8) «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде - мемлекеттік мекеменің басшысы мен бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған растаушы құжаттардың түпнұсқадан сканерленген үлгісін тіркеуді;
9) «Қазынашылық-клиент» АЖ пайдалану кезінде заңды тұлғаның құжат топтамасында берген мемлекеттік мекеменің уәкілетті басшының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Аванстық төлемдердің сомаларын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін төлемдер жүргізген кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шот-фактуралардың, тауарды жеткізу туралы жүкқұжаттың немесе мемлекеттік мекемеге мемлекеттік кәсіпорын беретін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады. Бұл ретте көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеме мөрінің түпнұсқасымен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты жатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлғаның), ал ондайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен дәйектеледі.
Аванстық төлем сомасын қоспағанда, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша қайта жасасқан және бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жүргізу үшін төлем жүргізу кезінде мемлекетті мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің көшірмесін не Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік мекемеге берген өзге құжат түрінің көшірмесін ұсынады.
Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрінің бедерімен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды адамның), ал олар болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолы қойылады.
Мемлекеттік мекеме растаушы құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Аванстық төлем сомасын қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту бойынша төлем жүргізу не мемлекеттік тапсырманы орындау кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне қаржы-экономикалық негіздемесіне немесе техникалық-экономикалық негіздемесіне (жобалау-сметалық құжаттамаға), сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне квазимемлекеттік сектор субъектісімен ұсынылған Қазақстан Республикасының заңнамасынада көзделген құжаттың өзге де түріне сәйкес төлем негіздемесін растайтын құжаттар көшірмелерін ұсынады.
Осы тармақтың алтыншы бөлігінде көрсетілген құжаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мөрінің бедерімен әрбір парағы куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлғаның) қолымен, ал ондайлар болмаған жағдайда - бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен дәйектеледі.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 191-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
191. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша түрінде төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру мыналардың:
1) бюджет қаражаты;
2) мемлекеттік мекемелер өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша;
3) мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу не белгілі бір жағдайлар басталғанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретін ақша;
4) мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін, олар заңнамалық актілерге сәйкес алатын ақша есебінен төлеуге берілетін шоттарды мемлекеттік мекеменің қалыптастыруын және аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жүргізуін;
5) түсімі Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған ақшаны қамтиды.
192. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне төлеуге берiлетiн шотты ұсынғанға дейiн оны төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналына тiркейдi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналы журналдағы беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiлген және елтаңбалы мөрi қойылған және мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкiлеттiк берген тұлғаның қолымен куәландырылған осы Ереженің 73-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазу төлеуге берiлетiн шоттарды қалыптастыруға қарай хронологиялық тәртiпте жүргiзiледi. Бұл ретте, төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген күн төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында көрсетiлген тiркеу күнiне сәйкес келуi тиiс. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда бос беттер болған кезде келесi жылғы жазулар үшiн пайдалануға болады, бұл ретте, жазулардың нөмiрленуi басынан басталады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 193-тармақ жаңа редакцияда
193. Осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берілетін шот және осы Ережеге 74-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шоттың электрондық бейнесі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне онда көрсетілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынуға жарамды.
«Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы төлеуге берілетін шот осы Ереженің 74-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 194-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 194-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
194. Мемлекеттік мекеме төлемдерді жүргізу және ақша аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берілетін шоттардың тізілімін, алдын ала төлеу үшін төлеуге берілетін шоттарды қоспағанда, осы Ереженің 208 және 211-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттарды ұсынады. Төлеуге берілетін шоттардың тізілімі және төлеуге берілетін шоттар аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта 2 данада ұсынылады.
Төлеуге берілетін шоттардың тізілімінде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынатын төлеуге берілетін барлық шоттар көрсетіледі.
Төлеуге берілетін шоттарды «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша өткізген кезде төлеуге берілетін шоттардың тізілімдері ұсынылмайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 195-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 195-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.05.03. № 198 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 195-тармақ өзгертілді
195. Аумақтық қазынашылық бөлімшенің жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда оларға қоса берілген төлеуге берілетін шоттар және қағаз тасығыштағы құжаттармен бірге төлеуге берілетін шоттармен тізілімінің екі данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Төлеуге берілетін шоттардың тізіліміне қоса берілген төлеуге берілетін шоттар мен құжаттардың саны төлеуге берілетін шоттар тізілімінде көрсетілген санына және осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде тізілімнің 2 данасына және тізілімге қоса берілген төлем шоттарына қолын, күнін және мөртабан бедерін қояды. Төлеуге берілетін шоттар тізілімінің қол қойылған және мөртаңба қойылған данасы мемлекеттік мекемеге қайтарылады, төлеуге берілген шоттарға және құжаттарға қоса берілген төлеуге берілетін шоттар тізілімінің екінші данасы одан әрі орындау үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
Мемлекеттік мекемеге «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған жапсырылған сканерленген құжаттардың түрінің осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.
Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелуін талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаса отырып сатып алған жағдайда ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған кезде, мемлекеттік мекеме Ақша алушылардың анықтамалығына ақша алушы енгізуге арналған өтінімді қағаз тасығышта немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген бейнесін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәліктің/анықтаманың көшiрмесiн;
оның нөмiрiн (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) көрсете отырып, банктiк шоттың болуы туралы банк анықтамасының;
ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып (ақша алушы резидент емес болып табылған жағдайда) мемлекеттік мекеменің растау хатын;
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмелерін;
нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасын қоса бере отырып ұсынады.
Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) шарт жасаспай не жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелуін талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасай отырып сатып алған жағдайда, ақша алушы ҚБАЖ-да болмаған кезде, мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді қағаз жеткізгіште немесе «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде осы Ережеге 60, 62-қосымшаларға сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған сканерленген бейнесін тіркей отырып) ақша алушының мынадай құжаттарын (жекешелендіру объектілерін сату бойынша аукцион қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтару жағдайларынан басқа):
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде ұсынылатын төлеуге берілетін шотты ашу кезінде мемлекеттік мекемеде Ақша алушы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-дан ақша алушылар анықтамалығында ақша алушының бар болуын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-дан Ақша алушылар анықтамалығында қажетті ақша алушы бар болған кезде мемлекеттік мекеме осы Ережеге 63-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырады.
Өтінімді толтырған кезде осы Ережеге 60, 62, 63, 64-қосымшаларға сәйкес жеке тұлға үшін «Ақшаны алушының атауы» ашық жолағында жеке тұлғаның (болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты және болған жағдайда фирмалық атауы толық көрсетіледі.
Ақша алушыны ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің растығы мен дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 196-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 196-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
196. Төлем жүргiзiлгеннен кейiн мемлекеттiк мекемелердiң төлеуге берiлетiн шотының екiншi данасы және осы Ереженiң 76-қосымшасына сәйкес 5-15 «Мемлекеттiк мекеменiң/квазимемлекеттiк сектор субъектiсiнiң төлемдерiн жүргiзу жөнiндегi күнделiктi көшiрмесi» нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрі - 5-15-нысан) төлеуге берiлетiн шотта төлем жүргiзiлген күндi және 5-15 нысанда салыстыру жүзеге асырылған күндi көрсете отырып, салыстырылады, аумақтық қазынашылық бөлiмшенiң жауапты орындаушысының қолымен және мөртабан бедерiмен куәландырылады және мемлекеттiк мекемеге берiледi.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер/квазимемлекеттік сектор субъектілері 5-15-нысан бойынша есепті дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.20.06. № 667 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 197-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 197-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 197-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
197. Қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарында төлеуге берілетін шоттарды орындау үшін ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, жергілікті уақытпен сағат 16.00-ге дейін түскен қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлімшесі қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қайтарылады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне мемлекеттік мекемелерден сағат 16.00-ден кейін қағаз тасығышта түскен төлеуге берілетін шоттар келесі жұмыс күні түскен болып саналады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмастан келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шот және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электронды түрде түскен шот:
1) төлеуге берілетін шот осы Ережеде белгіленген нысанға сәйкес келмейтін нысан бойынша ұсынылған;
1-1) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік мекеменің ағымдағы шотын (корпоративтік төлем карточкасын) толықтыру үшін сомаларды аудару бойынша шектеуді арттырған;
2) түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетіліп ұсынылған;
3) осы Ережеде көзделген растау құжаттары, оның ішінде магниттік (электрондық) қосымшасыз (сканерленген түрі тіркелмеген немесе мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылмаған сканерленген түрі тіркелген) ұсынылған;
4) талап етілген жолдарда қойылған қолдар және (немесе) мөр бедері болмаған;
5) қойылған қолдар және (немесе) мөр бедері қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгісі бар құжатқа сәйкес келмеген;
5-1) түпнұсқалылығын тексеру кезiнде ЭЦҚ-ның болмауы немесе дұрыс еместiгi айқындалған;
6) құжаттың барлық даналарындағы талап етілген жолдарда мөр бедері дәл (анық) қойылмаған;
7) санмен көрсетілген сома жазылған сомаға сәйкес келмеген;
8) төлеуге берілетін шоттарда көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректер ҚБАЖ-ға енгізілген деректерге сәйкес келмеген;
9) төлемнің мақсаты Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына сәйкес келмеген;
10) банктік деректемелерді қоспағанда, төлеуге берiлетiн шоттар деректемелерiнiң төлеуге берiлетiн шоттарға қоса берiлген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берiлген (сканерленген түрi жапсырылған) кезде) растайтын құжаттардың деректемелерiне сәйкес келмеген;
11) төлем сомасы қаржыландырудың жеке жоспарының тиісті кезеңдегі (өспелі қорытындылармен) төлемдері бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен;
12) аванстық төлем пайызы, республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды қоспағанда, осы Ереженің 156-161-тармақтарында көзделген мөлшерінен асып кеткен;
13) төлеуге берілетін шоттың бірінші данасының деректемелері төлеуге берілетін шоттың екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;
14) төлеуге берілетін шоттың қолданылу мерзімінен асатын мерзімде берілген;
15) ұсынылған төлеуге берілетін шоттар саны төлеуге берілетін шоттар тізілімінде көрсетілген санға сәйкес келмеген;
16) ҚБЕО белгілеген хабарламалар форматында магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған;
17) осы Ереженің 185-тармағының екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамай, төлем шотына «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша хабарлама бекітілген жағдайларда орындалмай мемлекеттік мекемеге қайтарылады (қабылданбай тасталады).
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық түрде келіп түскен төлеуге берілетін шоттағы деректердің қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкессіздігі анықталған кезде төлеуге берілетін шот қайтару негіздемесі көрсетіле отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Қабылдау кезеңінде төлеуге берілетін шотта жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкессіздік анықталған кезде хат ресімделместен, төлеуге берілетін шоттардың тізілімінің бірінші данасында мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қолымен қайтару туралы белгі қойыла отырып, екінші данада - аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысының қолымен қайтарылады. Қабылданғаннан кейін тексеру барысында сәйкессіздік анықталған кезде төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі бастығының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен жазбаша негіздеме бере отырып қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 198-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
198. Мемлекеттік мекеменiң қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шотының атқарылу күнi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiткен 5-15 нысанындағы есепке бекітілген төлеуге берiлетiн шотты енгiзген күнi болып табылады.
24-тарау. Төлеуге берiлетiн шотты ресiмдеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 199-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 199-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 199-тармақ өзгертілді
199. Қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша түскен төлеуге берілетін шот былайша ресімделеді:
1)»№ төлеуге берілетін шот» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәнді кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы - төлеуге берілетін шоттарды тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірінен тұратын төлеуге берілетін шоттың нөмірі көрсетіледі;
2) «Күні» ашық жолағында төлеуге берілетін шот үзіндісінің күні көрсетіледі;
3) «Мемлекеттiк мекеме» бөлiмiнде:
«ММ-нiң коды» ашық жолағында Мемлекеттiк мекемелердiң анықтамалығына сәйкес мемлекеттiк мекеменiң жетi белгiден тұратын коды көрсетiледi;
«Атауы» ашық жолағында мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi; аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттiк мекеменiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанының және мемлекеттiк мекеменiң атауын қысқартуға жол берiледi;
«БСН» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікте/анықтамада көрсетілген мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
«АҚБ» ашық жолағында мемлекеттiк мекемеге қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық бөлімшесінің атауы көрсетiледi;
«БСК» ашық жолағында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның банктік сәйкестендiру коды көрсетiледi;
4) «ЖСК» ашық жолағында мыналар бойынша:
мемлекеттiк мекеменiң қаржыландыру көзiне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетiне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне) түсетiн түсiмдерді есепке алу;
мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есепке алу және олардың есебiнен есеп айырысулар жүргiзу;
мемлекеттiк мекемелер үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес алатын ақшаны есепке алу және жұмсау;
мемлекеттiк мекемеге қайтарымды не белгiлi бiр жағдайлар басталған кезде тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге беретiн ақшаны есепке алу;
ерекше шығыстарды жүргiзуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану;
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке жатқызу мен аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған шығыстарды жүргізу жөніндегі операцияларды есептеу үшiн қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке сәйкестендіру коды көрсетiледi;