4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары жобаларының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкестiгi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледі.
5. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді.
6. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшін даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу мен бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
7. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңесі жүзеге асырады.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының іске асырылу мониторингі мен оны бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есепті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
8. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының әзірленуі, орындалуы үшін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептің уақтылы ұсынылуы үшін ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауаптылықта болады.
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларының әзірленуі, орындалуы үшін ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауаптылықта болады.
2012.01.02. № 551-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
Акционерлері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
Акционері Ұлттық әл-ауқат қоры болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялардың қызметін тыңдау нәтижелері туралы есеп осы тармаққа сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға табыс етіледі.
185-бап. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді және ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және акционерлік қоғамдардың қызметін жоспарлау
1. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бес жылға арналған даму жоспарларын әзірлейді.
2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджет параметрлеріне сәйкес әзірленеді және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңестері (байқау кеңестері) бекітеді.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
3. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңестері (байқау кеңестері) жүзеге асырады.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жоспарларын іске асыру мониторингі мен бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуы бойынша есепті ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
4. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының әзірленуі, орындалуы, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептің уақтылы ұсынылуы үшін мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдары жауаптылықта болады.
5. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тыңдаудың есебін ұсына отырып, жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы) болып табылатын мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметін жоспарлау тәртібі, сондай-ақ көрсетілген акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) даму жоспарларының іске асырылу мониторингі және оны бағалау, қызметінің есептерін тыңдау және нәтижелерін ұсыну тәртібі осы баптың ережелері ескеріле отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
186-бап. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) табысының бір бөлігін алуға акционердің (жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының) құқықтарын мемлекеттің іске асыруы
Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетiн (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметі пайыздық қатынаста белгілеген мөлшерде дивидендтерді (табысты) төлеуге бағыттау үшін шаралар қабылдайды.
6-бөлім. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық
объектілерге құқықтарды шектеу
13-тарау. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық
объектілерге ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару
187-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару тәртібі
1. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару осы бапта, осы Заңның 188-бабында және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде мүмкін болады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы не осындай рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім, егер осындай ауыртпалық салу немесе иеліктен шығару Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдерді сақтамауға әкеп соғатын жағдайларда қабылданады.
Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту осы тармаққа сәйкес бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) не кепіл ұстаушысы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушысы шағымдана алады.
5. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) орналастырылатын акциялардың санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жария етілген акцияларды орналастырады.
6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында одан әрі мәмілелер жасасу, бір тұлға немесе аффилиирленген тұлғалар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма пайызынан астамын құрайтын акциялар сатып алатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын талап етпейді.
Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында стратегиялық объектілерге жататын акциялармен мәмілелер жасасу кезінде мәмілелер эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын мөлшерде жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты талап етілмейді.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)
7. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар кепiлге салынған осы мүлiктi иелiктен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң иелiктен шығарудың ерекше шарттарын және стратегиялық объектiнi сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлей отырып, рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.
Кепілге салынған мүлікті сот актісінің негізінде иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген иеліктен шығарудың ерекше шарттары және кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар бойынша жүзеге асырылады.
Стратегиялық объектіні иеліктен шығарудың ерекше шарттарын және сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу жөніндегі ұсынысты уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
188-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару рәсімі
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтінішті;
2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) заңды тұлға үшiн - заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға негіз болатын не оған үшінші тұлғаның құқықтарымен ауыртпалық салуға әкеп соғатын шарттың жобасын;
5) стратегиялық объектіге меншік құқығын немесе өзге де мүліктік құқықтарды растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
6) стратегиялық объектінің нарықтық құнын айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы объектіні бағалау туралы есепті;
7) стратегиялық объектіні ықтимал сатып алушы туралы мәліметтерді жібереді;
8) жарияланған акцияларды орналастырған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) жарияланған акциялардың шығарылымын және оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығарылымының проспектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін де табыс етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін де табыс етеді. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады. Аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, егер заңды тұлға ағымдағы қаржы жылында құрылса не заңды тұлға өткен қаржы жылында құрылса және өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін берілген болса, ұсынылмайды;
10) директорлар кеңесінің немесе байқау кеңесінің шешімін (болған жағдайда);
11) банктің кредиттік комитетінің шешімін;
12) ауыртпалық салынатын мүлікке кепілдің (ауыртпалық салудың) жоқ немесе бар екендігі туралы растауды;
13) стратегиялық объектінің меншік иелерінің пайыздық арақатынастағы құрылымын;
14) стратегиялық объект сенімгерлік басқаруда болған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға немесе ауыртпалық салатын тұлғаны көрсете отырып, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға жазбаша рұқсатын табыс етеді.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы тармақтың 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерi қолданылғаны туралы (банкроттық рәсімі жүргiзiлгенi туралы) сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын және борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн тапсырады.
2. Стратегиялық объектінің кепіл ұстаушысы кепілге салынған мүлікті иеліктен шығаруға арналған рұқсатты алу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжалды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
Сот актісінің негізінде әрекет ететін сот орындаушысы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын және (немесе) сот актісін, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжалды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
3. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға негіз болатын шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ стратегиялық объектінің сақталуы мен одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Стратегиялық объектіні иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға негіз болған не оған ауыртпалық салуға әкеп соққан шарттың талаптарын өзгертуге ниет білдірген жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) осы бапта және осы Заңның 187-бабында айқындалатын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қайтадан жүгінеді.
Кепіл ұстаушы оның негізінде стратегиялық объектіге ауыртпалық салынған шартқа сәйкес кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруға ниет білдірген жағдайда кепіл ұстаушы осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді.
Стратегиялық объектіні жария сауда-саттықта сатқан кезде шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент еместер немесе олармен аффилиирленген тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар сауда-саттыққа жіберілмейді.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға берілген өтініштерді қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешім қабылдауы құжаттар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттардың толық топтамасын алған күн құжаттардың келіп түскен күні болып есептеледі.
Стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
5. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды және ол қаулы түрінде ресімделеді.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні шешім шығарылған күннен бастап бес күн мерзімде жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
189-бап. Стратегиялық объектілерді мемлекет меншігіне алу
Стратегиялық объектілер осы Заңның 5-тарауында көзделген тәртіппен мемлекет меншігіне алынуы мүмкін.
190-бап. Стратегиялық объектілердің мониторингі
Стратегиялық объектілердің мониторингі Қазақстан Республикасының экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14-тарау. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерді
сатып алуға қазақстан республикасының басым құқығы
191-бап. Жеке тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға тиесілі стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын қолдану шарттары
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе стратегиялық объектiнi оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сот тәртiбiнен тыс өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасы осы тарауда айқындалған шарттармен стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығына ие болады.
Стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектiнi иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының атынан стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның тапсырмасы бойынша ұлттық басқарушы холдинг іске асырады.
192-бап. Стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібі
1. Уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болуға басым құқықты іске асыру туралы шешімінің жобасын қажетті бюджет қаражатын бөлу негіздемесімен бірге ұсынады.
Республикалық бюджеттік комиссия тиісті шешім қабылдайды. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттік комиссия шешім қабылдаған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешімі осы құқықты пайдалану себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің қорытындылары туралы тиісті саланың уәкілетті органы стратегиялық объектіні иеліктен шығаруды жүргізетін тұлғаны шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.
4. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) шарт жасалғанға дейін кез келген уақытта стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тарта алады. Меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тартқан жағдайда оған ие болуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тоқтатылады.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алудың басым құқығын пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап екi жылдан аспауға тиiс.
Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiлердi сатқан кезде оларды сатып алу мерзiмдерi «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген оңалту рәсiмiн немесе банкроттық рәсімін жүргiзу мерзiмдерiнен аспауға тиiс.
2012.17.02. № 564-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру туралы хабарлама алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi бойынша iс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органды стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабарлау жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi осы бапта көзделген тәртiппен стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асырады.
Стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе стратегиялық объектiнi мүліктік масса құрамында иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асыру немесе басым құқықты iске асырудан бас тарту туралы шешiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi.
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру немесе стратегиялық объектiнi мүліктік массасы құрамында иелiктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы басым құқықты iске асырудан бас тартқан жағдайларда стратегиялық объектiнi иелiктен шығару «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
193-бап. Нарықтық құнды айқындау
1. Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде стратегиялық объектінің нарықтық құны өтелуге жатады.
2. Стратегиялық объектінің нарықтық құны стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде мемлекет ие болатын мүлікті осы Заңның 206-бабының қағидаларына сәйкес бағалау негізінде айқындалады.
194-бап. Мемлекет сатып алған стратегиялық объектілерді басқару
Қазақстан Республикасының Үкіметі сатып алынған стратегиялық объектілерді осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша акцияларды төлеуге немесе мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен арнайы құрылған заңды тұлғаның не ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде береді.