1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша, егер объектіні пайдалану (қызмет, жұмыс) жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірсе, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолданады.
2. Тексеру жүргізуді, бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын түрлері осы бапта көзделген əсер ету тəсілдері жедел ден қою шаралары болып табылады. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігіне жүргізілетін тексерулерді жүргізу кезінде жедел ден қою шаралары қолданылмайды.
3. Жедел ден қою шаралары бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметін, жұмыстарды немесе қызметтің (жұмыстардың) жекелеген түрлерін орындауын тоқтата тұруды қамтиды.
4. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
5. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша уəкілетті орган бекіткен нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні ресімдейді.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған тиісті жазба енгізіледі жəне актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен бақылау жəне қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
7. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
8. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
9. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
10. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің қолданысы өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы баптың 5 жəне 8-тармақтарына сəйкес актілер шығарады.
12. Бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
13. Бақылау жəне қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағымды беру өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
14. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актіні жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шараларының осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-бап. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау қауіпті өндірістік объектілердегі, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персоналға және халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау:
1) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың авариялар мен олардың салдарларын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге әзірлігіне;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуына;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды орындауға әзірлігіне;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға жүзеге асырылады.
Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру жəне тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі және тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың тұрмыстық баллондары мен газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз пайдаланылуын және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамы жатады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша адамдардың өміріне жəне (немесе) денсаулығына қатер төндіретін жағдайларда өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы бапта көзделген тəртіппен дара кəсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді жəне (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу түріндегі жедел ден қою шараларын қолданады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 143-бабына сəйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтар жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылады.
Аварияны тергеп-тексеру жүргізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар бұзылған жағдайларда жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт ресімдейді жəне қауіпті өндірістік объектіні жəне (немесе) техникалық құрылғыны пломбалауды жүргізеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 153-бабына сəйкес ресімделеді жəне қауіпті өндірістік объектілерді жəне (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кəсіпкерге, ұйымға табыс етіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні қолма-қол табыс ету кезінде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда оған актінің қабылданбағаны туралы тиісті жазба енгізіледі. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен қауіпті өндірістік объектілерді жəне (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кəсіпкердің, ұйымның заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
10. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша анықталған жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды бұзушылықтар бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері туралы актіде, сондай-ақ өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Қауіпті өндірістік объектілерді жəне (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кəсіпкер, ұйым жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын, талаптарды анықталған бұзушылықтарды өнер кəсіптік қауіпсіздік талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 12-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
12. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру, тергеп-тексеру нəтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы актінің қолданысы өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2-1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы актінің негізінде жеделден қою шараларын қолдануға негіз болған анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда тоқтатылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 13-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
13. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болған, талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылданады, сондай-ақ өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор осы баптың 6 жəне 10-тармақтарына сəйкес актілер шығарады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 14-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
14. Өнеркəсіптік қауіпсіздік талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін қауіпті өндірістік объектілерді жəне (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кəсіпкер, ұйым бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 12-тармағының екінші бөлігіне сəйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 15-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
15. Қауіпті өндірістік объектілерді жəне (немесе) техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты дара кəсіпкер, ұйым жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау нəтижелерімен келіспеген жағдайда өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тану жəне оның күшін жою туралы шағым бере алады.
Шағым Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тəртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен сотқа беріледі.
Шағымды беру өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің орындалуын тоқтата тұрмайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
16. Өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жарамсыз деп тануға жəне оның күшін жоюға:
1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздің болмауы;
2) жедел ден қою шараларының осы шараға сəйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;
3) өнеркəсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектордың жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша қолдануы негіз болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 17-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
17. Жедел ден қою шараларының қолданылуы туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тəртіппен жіберіледі.
40-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылауды қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдарда өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жұмыскерлерге, төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа, қоршаған ортаға қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің тәуекелін бар мүмкіндігінше азайту мақсатында жүзеге асырады.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мыналар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылаудың міндеттері болып табылады:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздікке мониторинг жүргізу;
3) өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;
4) жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін мән-жайлар мен бұзушылықтардың себептерін анықтау;
5) қауіпті өндірістік факторлардың объектілерге, адамдарға, қоршаған ортаға зақымдай отырып әсер етуінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау ұйым басшысының бұйрығымен бекітілетін, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау туралы нормативтік акт негізінде жүзеге асырылады.
Ұйымның нормативтік актісінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды жүзеге асыратын ұйымның лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері қамтылуға тиіс.
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары:
1) ұйымның бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеуге;