2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мемлекеттік органдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау осы Заңның 37-1-бабына сəйкес тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 37-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
37-1-бап. Мемлекеттік органдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тəртібі
1. Мемлекеттік органдарға қатысты азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан əрі - тексерілетін мемлекеттік органдар) осы бапқа сəйкес мерзімдік жəне жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Мерзімдік тексеру уəкілетті органның бірінші басшысы тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымына дейін бекіткен мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарлары негізінде жүргізіледі.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарында мыналар қамтылады:
1) жоспардың бекітілген күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
4) тексерудің нысанасы;
5) тексеру жүргізу мерзімдері;
6) жоспарға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама мерзімдік тексерулердің жартыжылдық жоспары болып табылады жəне тексеру жүргізу жылының алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 маусымына дейін уəкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Мерзімдік тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін мемлекеттік орган таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгерген, сондай-ақ табиғи, техногендік жəне əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар жəне олармен байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайлар басталған кезде тексеру ұзартылуы не тоқтатыла тұруы мүмкін.
Мерзімдік тексерулерді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартыла отырып, он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. Мерзімдік тексеруді жүргізу мерзімі мерзімдік тексеру жүргізу тоқтатыла тұрған кезде үзіледі жəне мерзімдік тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
Мерзімдік тексерулерді жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Мерзімдік тексерулерді жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, мерзімдік тексерулер мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексерулерді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі. Мерзімдік тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі табыс етілгені туралы хабарламамен ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тексерілетін мемлекеттік органға табыс етеді.
3. Тексеру тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде бару арқылы жүргізіледі, онда мыналар көрсетіледі:
1) актінің күні мен нөмірі;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
4) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;
5) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
6) тағайындалған тексерудің нысанасы;
7) тексерудің түрі;
8) тексеру жүргізу мерзімі;
9) тексеру жүргізу негіздері;
10) тексерілетін кезең;
11) тексерілетін мемлекеттік органның осы баптың 18 жəне 19-тармақтарында көзделген құқықтары мен міндеттері;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уəкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы;
13) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
Тексерулерді тағайындау, ұзарту, тоқтата тұру жəне қайта бастау туралы актілерге уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Тексерудің басталатыны туралы акт тексерілетін мемлекеттік органға табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі.
4. Тексеруді тағайындау туралы актімен танысудан бас тартылған, тексеруді жүзеге асыратын уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамының тексеру жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі жасалған жағдайларда тиісті акт жасалады.
Бас тарту туралы актіге уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы жəне тексерілетін мемлекеттік органның басшысы не оның уəкілетті адамы қол қояды.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тартылған кезде уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы тексеру жүргізуді бастауға негіз болып табылатын тексеруді тағайындау туралы актіні хабарламасы бар тапсырысты хатпен поштамен не электрондық құжат арқылы жібереді.
Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту оны орындамауға негіз болып табылмайды.
5. Азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарға сəйкестігі тұрғысынан тексерілетін мемлекеттік органдарға қатысты мерзімдік тексеру үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
6. Жоспардан тыс тексеруге:
1) тексеру нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау;
2) жеке жəне заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға қатысты дəлелді негіздер мен растайтын дəлелдемелері болған кезде азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарды бұзушылықтар жөніндегі жолданымдары;
3) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің не нұқсан келтірудің қатері туралы нақты фактілер бойынша прокурордың талабы;
4) жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
5) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмалары негіз болып табылады.
Уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеруді жүргізудің басталатыны туралы тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, ол басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын хабарлауға міндетті.
7. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімі он жұмыс күніне дейін ұзартыла отырып, он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі тек бір рет ұзартылуы мүмкін. Ұзарту уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының шешімімен жүзеге асырылады. Жоспардан тыс тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту тексерілетін мемлекеттік орган хабардар етіле отырып, жоспардан тыс тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексерулерді тағайындау туралы алдыңғы актінің күні мен нөмірі жəне ұзарту себептері көрсетіледі. Жоспардан тыс тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның табыс етілуі туралы хабарламамен бірге ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын тексерілетін мемлекеттік органға табыс етіледі.
8. Анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді. Жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мəн-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.
9. Тексерулер ішкі еңбек тəртібінің қағидаларында белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.
10. Тексеру нəтижелері бойынша тексеру нəтижелері туралы қорытынды жасалады, онда мыналар көрсетіледі:
1) қорытындының жасалған күні, нөмірі мен орны;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;
4) тексеру жүргізген адамдардың тегі, аты, əкесінің аты (егер олар жеке басты куəландыратын құжаттарда көрсетілсе) жəне лауазымдары;
5) тексеру жүргізу үшін тартылған мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;
6) тексерілетін мемлекеттік органның атауы, оның тұрған жері;
7) тексерудің нысанасы;
8) тексерудің түрі;
9) тексеру жүргізу мерзімі мен кезеңі;
10) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мəліметтер;
11) талаптарды орындау жəне бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;
12) тексерілетін мемлекеттік орган басшысының не оның уəкілетті адамының, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың қорытындымен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазба;
13) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбалары.
Тексеру нəтижелері туралы қорытындыға тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері олар болған кезде қоса беріледі.
Мерзімдік тексерудің нəтижелері бойынша əкімшілік іс жүргізу қозғалмай, тексеру нəтижелері туралы қорытынды шығарылады.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптарды орындау мерзімі тексеру нəтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап кемінде он жұмыс күнін құрайды.
11. Тексеру нəтижелері туралы қорытындының бірінші данасы өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда тапсырылады, екінші данасы танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін тексерілетін мемлекеттік органға (басшыға не оның уəкілетті адамына) қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, үшінші данасы уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесінде қалады.
Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган оларды жазбаша түрде жазады жəне тексеру нəти желері туралы қорытынды табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уəкілетті органның құрылымдық бөлім шесіне жібереді. Тексеруді жүргізген лауазымды адам тексеру нəтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасайды. Уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі тексерілетін мемлекеттік органның ескертулерін жəне (немесе) қарсылықтарын он жұмыс күні ішінде қарауға жəне уəжді жауап беруге тиіс.
12. Тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда тексеру нəтижелері туралы қорытындыға тиісті жазба жасалады.
13. Тексерілетін мемлекеттік органға тексеру нəтижелері туралы қорытынды тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
14. Тексеру нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар тексерілетін мемлекеттік органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Тексерілетін мемлекеттік орган тексеру нəтижелері туралы қорытындыда көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін тексеру нəтижелері туралы қорытындыда белгіленген мерзім ішінде уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.
Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген немесе толық бермеген жағдайларда уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жоспардан тыс тексеру тағайындайды.
Тексерілетін мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтардың жойылу фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді. Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру қажет болмайды.
15. Егер уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі тексерулерді осы бапта белгіленген тексерулер жүргізу жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргізсе, олар жарамсыз деп танылады.
16. Тексеруді жүзеге асыру кезінде тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда тексерілетін мемлекеттік орган уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға не сотқа шағым жасауға құқылы.
17. Уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:
1) рұқсаттамалық режим мен объектішілік режимнің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тексеру нəтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерек-қорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті алуға;
3) тексеру жүргізу үшін мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тартуға;
4) аудио-, фото- жəне бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;
5) тексерудің нысанасына жататын техникалық байқау жəне тіркеп-белгілеу аспаптарының, фото- жəне бейне-аппаратуралардың жазбаларын пайдалануға құқығы бар.
Уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін мемлекеттік органның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді осы бапта белгіленген тəртіп негізінде жəне оған қатаң сəйкестікте жүргізуге;
3) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін мемлекеттік органның белгіленген жұмыс режиміне кедергі жасамауға;
4) тексеру жүргізу кезінде тексерілетін мемлекеттік органның не оның уəкілетті өкілінің қатысуына кедергі жасамауға, тексерудің нысанасына жататын мəселелер бойынша түсіндірмелер беруге;
5) тексерілетін мемлекеттік органдарға тексерудің нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;
6) тексеру нəтижелері туралы қорытындыны тексерілетін мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімді ұзарту туралы қосымша акт болған кезде онда) көсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірмей табыс етуге;
7) тексеру жүргізу нəтижесінде алынған құжаттар мен мəліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтардың алдын алу, анықтау жəне жолын кесу жөніндегі өкілеттіктерді уақтылы жəне толық көлемде орындауға міндетті.
Уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдары тексерілетін мемлекеттік органға:
1) тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куəлігін (сəйкестендіру картасын) көрсетуге міндетті.
18. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) егер құжаттар мен мəліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
2) тексеру нəтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақытша жəне (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне жүгінуге;
3) тексеру нəтижелері туралы қорытындыға, сондай-ақ уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының əрекеттеріне (əрекетсіздігі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының тексерілетін мемлекеттік органның қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;
5) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген əрекеттерін оның қызметіне кедергі жасамай, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
19. Тексерілетін мемлекеттік органдар не олардың уəкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:
1) уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының рұқсаттамалық режим мен объектішілік режимнің талаптарын сақтай отырып, тексерілетін мемлекеттік органның аумағына жəне үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы қорытындыға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшір мелерін, сондай-ақ тексерудің нысанасына сəйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті беруге;
3) тексеру басталған күні тексеруді тағайындау туралы актіні жəне аяқталған күні жүргізілген тексерудің нəтижелері туралы қорытындыны алғаны туралы белгі жасауға;
4) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;
5) басшының не оның уəкілетті адамының тексерудің белгіленген мерзімдерінде тексерілетін мемлекеттік орган тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.
20. Егер жоспардан тыс тексеру жүргізу нəтижесінде тексерілетін мемлекеттік органның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу (орындамау) фактісі анықталса, əкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде уəкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 38-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған және осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын бақылауды қоспағанда, оны Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының осы Заңның 38-1-бабында көзделген жедел ден қою шараларын қолдану құқығымен жеке жəне заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарды сақтауын тексеру жөніндегі қызметі өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қадағалау болып табылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды - орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган, әуе, ішкі су және теміржол көлігінде - көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Шахталар мен кеніштердің, ашық көмір разрездерінің жерасты құрылыстарындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау процесінде бақыланады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы - уәкілетті органның ведомствосының басшысы;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары - уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі басшысының орынбасары;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау жəне қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы - уəкілетті орган ведомствосының лауазымды адамы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесінің басшысы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары - уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қала ауданының өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы, аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, қала ауданындағы аумақтық бөлімшесінің лауазымды адамы жатады.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау және тексеру нысанында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру нәтижесінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, бақылау және қадағалау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, тексеру аяқталған күні бақылау және қадағалау субъектісіне табыс етіледі.
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда бақылау және қадағалау субъектілері өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзіледi.
5. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау жəне қадағалау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде осы объект, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңге бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатылады.
Мемлекеттік заңды тұлғаларға тиесілі объектілерде, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметте өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізуге тыйым салынады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 38-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
38-1-бап. Өрт қауіпсіздігі саласындағы жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі