2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 19-3) тармақшамен толықтырылды
19-3) аккредиттеу аттестаты - ведомство беретін, сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
20) «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы - төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін дабылдамалар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы;
21) басқару пункттері - азаматтық қорғаудың басқару органдарын орналастыруға және олардың жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдармен, тіршілікті қамтамасыз ету элементтерімен арнайы жабдықталған және жарақталған, мемлекеттік органдардың құрылыстары немесе көлік құралдары;
2020.25.05. № 332-VІ ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
22) броньнан шығару - номенклатура өзгерген кезде, сондай-ақ кәдеге жарату немесе жою, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды
22-1) бұрқаққа қарсы жұмыстар - мұнай және газ өндіру объектілерінде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, аварияларды жоюға, адамдарды, материалдық құндылықтарды құтқаруға және бекітпе жабдығының болмауы, қирауы немесе герметикаланбауы немесе грифон түзілу салдарынан ұңғыманың (газ және мұнай бұрқақтарының) сағасы арқылы қабаттық флюидтердің басқаруға келмейтін шығуының қауіпті факторларының әсерін азайтуға бағытталған іс-қимылдар;
23) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі - төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметі;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 23-1) тармақшамен толықтырылды
23-1) газдан құтқару жұмыстары - қоршаған ортада шекті жол берілетін шоғырланудан асатын қауіпті заттар болған жағдайда арнайы техника, аппаратура мен жабдық, оқшаулағыш жеке қорғану құралдары қолданыла отырып орындау қажеттілігімен сипатталатын және газ жайылған ортада адамдарды іздестірумен, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетумен және оларды тасымалдаумен, аварияның орны мен себептерін, оның таралу шекараларын нақтылау мақсатында авария ошағына барлау жүргізумен байланысты қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды жою жөніндегі іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24) ерікті өрт сөндіруші - ерікті өрт сөндірушілер тізілімінде тіркелген азамат;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25) жұмылдыру резервi - мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдану, бейбіт уақытта гуманитарлық көмек көрсету үшiн қажеттi шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
26) зардап шегуші - табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зиян (нұқсан) келтірілген жеке тұлға;
27) зиян (нұқсан) келтіруші - әрекетінің (әрекетсіздігінің) салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдай болған жеке немесе заңды тұлға;
28) кәсіби авариялық-құтқару қызметі - құтқарушылары штат негізінде жұмыс істейтін және біліктілік талаптарына сай келетін құралымнан немесе құралымдардан тұратын авариялық-құтқару қызметі;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 28-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
28-1) кəсіби өртке қарсы қызмет - ұйымдардағы, елді мекендердегі жəне объектілердегі өрттердің алдын алу жəне сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жəне өрт сөндіруге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткен заңды тұлғалар;
29) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.28.12. № 173-VІІ ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (2023 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдар - зақымдаушы (қирату) факторлары адамдарды, жануарлар мен өсімдіктерді зақымдауға, объектілерді бүлдіруге немесе қиратуға, қайталама зақымдау факторларының пайда болуына есептелген, жаппай жою қаруын және қарапайым зақымдаушы құралдарды, оның ішінде зымырандық, авиациялық және атыс қаруын қамтитын құрылғылар мен құралдар;
31) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы - қауіпті өндірістік объект қауіптілігінің сипаты мен ауқымы, қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру, оның жұмыс істеуі және оны пайдаланудан шығару кезеңдерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар көрсетілген құжат;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32) қауіпті өндірістік фактор - қауіпті өндірістік объектілердегі және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын, жеке және заңды тұлғаларға, қоршаған ортаға зиян (нұқсан) келтіретін физикалық құбылыс;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32-1) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 32-1) тармақша өзгертілді
32-1) қауіпті техникалық құрылғылар:
қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын, 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жəне (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу жəне су жылыту қазандықтары (жылу желілерін қоспағанда), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш крандар, көтергіштер (мұнаралар), эскалаторлар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштер, сондай-ақ бұрғылау тереңдігі екі жүз метрден асатын ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылар, шахталық көтергіш қондырғылар мен көтергіш машиналар, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жылжымалы қоймалары, араластыру-зарядтау және жеткізу-зарядтау машиналары, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды дайындауға арналған мобильді және стационарлық қондырғылар;
0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен және (немесе) 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтары (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан асатын қысыммен жұмыс істейтін түтіктер, жүк көтергіш крандар, көтергіштер (мұнаралар), эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер, лифтілер, траволаторлар, әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштер;
33) құтқарушы - авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арнайы даярлықтан өткен және аттестатталған (қайта аттестатталған) жеке тұлға;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 34) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 34) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
34) материалдық құндылықтар - мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкiлеттi органның алдына қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшін қажетті, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының белгілі бір номенклатурасы мен оларды сақтау көлеміндегі тауарлар;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 35) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
35) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке қою - материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiне, мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға тиеп жөнелту (жеткiзу);
36) материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервке салу (бұдан әрі - салу) - материалдық құндылықтарды мемлекеттiк материалдық резервте сақтау үшiн қабылдап алу;
37) материалдық құндылықтарды мемлекеттік материалдық резервтен шығару - материалдық құндылықтарды жаңарту, қарызға беру, броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен алып қою;
38) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 39) тармақша өзгертілді (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттiк резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою жөнiндегi шараларды қолдануға, нарыққа реттеушiлік ықпал етуге, босқындарға көмек көрсетуге және гуманитарлық көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтар запасы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 39-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 39-1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
39-1) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган - мемлекеттік резерв саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 40) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
40) мемлекеттік өртке қарсы қызмет - өрттердің алдын алуды жəне оларды сөндіруді ұйымдастыруға, авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға жəне өрттерге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізуге арналған облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы азаматтық қорғаудың басқару органдарының, күштері мен құралдарының жиынтығы;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 41) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 41) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
41) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қалыптастыру мен сақтауды шарт негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 42) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру - материалдық құндылықтарды тиеу мен түсіруді қоса алғанда, материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтайтын бір пункттен немесе мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымынан немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдардан екінші мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтайтын пунктке немесе мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымына немесе жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдарға тасымалдау;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 43) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43) мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдеріне сәйкес мемлекеттік резервке кейіннен қайтара отырып, белгілі бір шарттармен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 44) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
44) мемлекеттiк резервтi жаңарту - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салған кезде оларды сақтаудың белгiленген мерзiмдерi өткенге дейiн мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығару;
45) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтері - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп-ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар;
46) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi шарт негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 46-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
46-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және сақтау көлемдері - мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемдері;
47) объект - азаматтық қорғау саласындағы талаптар белгіленген немесе белгіленуі тиіс, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкі, мемлекеттік мүлік, оның ішінде үйлер, ғимараттар, құрылыстар, технологиялық қондырғылар, жабдық, агрегаттар және өзге де мүлік;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 48) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
48) оқыс оқиға - аварияға алып келмеген, қауiптi өндiрiстiк объектiде қолданылатын техникалық құрылғылардың істен шығуы немесе бүлінуі, технологиялық процесті жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін параметрлерден ауытқу;
49) операция жүргізу - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қою, сақтау және шығару;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды
49-1) өндірістік бақылау - өнеркәсiптік қауiпсiздiк талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, өндірістік бақылау қызметінің лауазымды адамдары жүзеге асыратын қауiптi өндiрiстiк объектiдегі іс-шаралар;
50) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерінен қорғалу жай-күйі;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 51) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына арналған аттестат - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган беретін, заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 52) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
52) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындауға заңды тұлғаның құқықтылығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 52-1) және 52-2) тармақшалармен толықтырылды; 2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 52-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 52-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
52-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі - қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізу арқылы тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған авариялық-құтқару қызметі;
52-2) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 52-3) тармақшамен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 52-3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
52-3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
52-4) 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
53) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары - өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнайы шарттар;
54) өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндіретін, зиян келтiретiн, жеке және заңды тұлғаларға, қоғам мен мемлекет мүдделерiне материалдық нұқсан келтiретiн бақылаусыз жану;
55) өртке қарсы ерікті құралымдар - дала өрттерінің, сондай-ақ ұйымдар мен елді мекендердегі өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін құрылатын қоғамдық бірлестіктер;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 56) тармақша өзгертілді (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
56) өртке қарсы қызмет гарнизоны - мемлекеттік, кəсіби, салалық өртке қарсы қызметтердің, өрт сөндіру пункттерінің және өртке қарсы ерікті құралымдардың облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан басқару органдары мен бөлімшелерінің жиынтығы;
57) өрт қауiпсiздiгi - адамдардың, мүлiктiң, қоғам мен мемлекеттiң өpттердeн қорғалу жай-күйі;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 57-1) тармақшамен толықтырылды
57-1) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит - объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкессіздігін анықтау жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
58) өрт қауіпсіздігі талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген техникалық және (немесе) әлеуметтiк сипаттағы арнайы шарттар;
59) өрт қауiпсiздiгi шаралары - өрт қауiпсiздiгi талаптарын орындау жөніндегі іс-қимылдар;
60) өрт сөндіру депосы - өртке қарсы қызмет бөлімшесінің жеке құрамы мен байланыс пунктіне арналған қызметтік, қосалқы үй-жайларды қоса алғанда, өрт сөндіргіш және арнайы техниканы, өрт сөндіру-техникалық құрал-саймандарды орналастыруға, оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған аумақтар, ғимараттар және құрылыстар;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 60-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
60-1) өрт сөндіру пункті - жергілікті атқарушы органдардың жəне өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыскерлерін, ерікті өрт сөндірушілерін, өрт жəне арнайы техникасын, өрт-техникалық жарақтарын орналастыруға арналған аумақ, ғимарат, үй-жай жəне құрылыс;
61) өрт сөндіру-техникалық өнім - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өнім, оның ішінде өрт сөндіру техникасы мен жабдық, өрт сөндіру жарақтары, отты сөндіретін және оттан қорғайтын заттар, арнайы байланыс және басқару құралдары, бағдарламалық қамтамсыз ету және дерекқорлар, сондай-ақ өрттердің алдын алу мен сөндірудің өзге де құралдары;
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 61-1) тармақшамен толықтырылды; 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 61-1) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61-1) салалық өртке қарсы қызмет - өрттердің алдын алуға жəне сөндіруге арналған, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының, əуе, ішкі су жəне теміржол көлігі бөлімшелерінің немесе құралымдарының, мемлекеттік орман қорының объектілеріндегі штаттық немесе штаттан тыс өрт сөндіру командалары;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 61-2) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
61-2) сараптама ұйымы - өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға белгіленген тəртіппен аккредиттелген ұйым;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 61-3) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
61-3) сейсмикалық аймақтарға бөлу (аудандастыру) - Қазақстан Республикасының аумақтарын сейсмикалық қауіптілік деңгейі бойынша сыныптау;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 61-4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
61-4) сейсмикалық қауіпсіздік - адамдардың өмірі мен денсаулығының, ғимараттардың, құрылысжайлардың жəне инфрақұрылым объектілерінің жер сілкінісінен қорғалу жай-күйі;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 61-5) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
61-5) сейсмологиялық мониторинг - Қазақстан Республикасының аумағында сейсмикалық белсенділіктің өзгеруін байқау, сондай-ақ сейсмологиялық станциялардан алынатын ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау жəне деректерді талдау;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 62) тармақша өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
62) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар - қауіпті табиғи құбылыстар (геофизикалық, геологиялық, гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрогеологиялық қауіпті құбылыс), табиғи өрттер, эпидемиялар, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдануы салдарынан қалыптасқан төтенше жағдайлар;
2021.01.04. № 26-VII ҚР Заңымен 62-1) тармақшамен толықтырылды
62-1) тау-кен құтқару жұмыстары - шахталарда, кеніштерде, карьерлерде және разрездерде арнайы техника, аппаратура мен жабдық қолданыла отырып жүргізілетін, адамдарды құтқаруға және аварияларды жоюға, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге және оларды тасымалдауға, тау-кендік телім шегінде жер астындағы және жер бетіндегі өрттерді сөндіруге, жарылыс қаупі бар атмосфераны инерттеуге, үйінділерден аршуға, тосқауылдарды тұрғызуға, бекітпелерді орнатуға, су басуды жоюға бағытталған іс-қимылдар және қауіпті өндірістік факторларды жою үшін қажетті өзге де іс-қимылдар;
63) техникалық басшы - технологиялық процеске басшылықты жүзеге асыратын маман;
2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 64) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
64) техникалық құрылғылар - қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялық жабдықтар, машиналар, агрегаттар, техникалық жүйелер (кешендер);
65) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар - қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінен, көлiк авариялары мен басқа да авариялардан, өрттерден (жарылыстардан), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар жайылатын (жайылу қатері бар) авариялардан, ғимараттар мен құрылыстардың кенеттен құлауынан, бөгеттердің бұзылуынан, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электр энергетикасы және коммуникация жүйелерiндегi, тазарту құрылыстарындағы авариялардан болған төтенше жағдайлар;
66) төтенше жағдай - адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық нұқсанға және адамдардың тыныс-тіршілігі жағдайларының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін немесе әкеп соққан аварияның, өрттің, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің, қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей немесе өзге де зілзаланың салдарынан қалыптасқан белгілі бір аумақтағы жағдай;
67) төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай қалыптасқан аумақ;
68) төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайтын, басты өкімші және жауапты адам;
69) төтенше жағдайларда халықтың тіршілігін қамтамасыз ету - төтенше жағдайлар аймақтарында, эвакуациялау маршруттарында және эвакуацияланғандарды орналастыру орындарында адамдардың өмірін сақтау және денсаулығын демеу үшін ең аз қажетті жағдайларды жасауға және ұстап тұруға бағытталған, азаматтық қорғаудың күштері мен құралдарының уақыт, ресурстар және өткізу орындары бойынша өзара байланысты іс-шаралар жиынтығы;