55. Уәкілетті орган азаматтарды хабарсыз кеткен не қайтыс болған деп тану туралы сот шешімдерінің күшін жою мәселесі бойынша Орталық бөлімшесінен хабарсыз кеткен не қайтыс болған деп танылған адамның жинақтаушы зейнетақы қорына 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналарын аудару немесе азаматтың тірі болу фактісін куәландыратын анық ақпарат түсу туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сотқа жүгінеді.
Сонымен бірге, уәкілетті орган алушының тарапынан төлемдерді заңсыз алу ниетінің болуы немесе болмауы фактісін анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінеді.
56. Орталықтың зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қате аударғаны анықталған, нұсқау қайтарылған немесе тоқтатыла тұрған жағдайда Орталық зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзгеше белгілемесе, Орталық және зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым арасындағы шартпен белгіленген нысан және әдіс бойынша қате нұсқау не нұсқауды кері қайтару немесе тоқтату туралы ақпаратты жолдайды.
Зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым қате нұсқау не нұсқауды кері қайтару немесе тоқтата тұру туралы ақпараттың негізінде Орталыққа ақшаны қайтаруды жүзеге асырады не нұсқауды орындауды тоқтата тұрады.
57. Орталық бөлімшесіне қатыссыз себептер бойынша алушыларға артық есептелген (төленген) зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын есептен шығару үшін борышкердің қайда екендігі белгісіз болуына немесе мұрагері болмауына байланысты соманы қайтару мүмкін еместігі жөнінде анықтама шығару үшін Орталық бөлімшесі сот органдарына жүгінеді.
Орталық бөлімшелері артық есептелген (төленген) сомаларды есептен шығаруды Есептен шығару актісі бойынша сот қаулыларының негізінде жүргізеді. Орталық бөлімшесі Есептен шығару актілерін үш жыл сақтайды.
6. Жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау және жүзеге асыру тәртібi
58. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушы адам қайтыс болған жағдайда, егер жерлеуге берілетін біржолғы төлемақыға өтініш зейнетақы немесе жәрдемақы алушы адам қайтыс болған айдан кейін үш жылдан кешіктірілмей берілген болса оны жерлеуді жүзеге асырған адамға алушы қайтыс болған сәтте тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген мөлшерінде, Ұлы Отан соғысына қатысушы немесе оның мүгедегі қайтыс болған жағдайда отыз бес еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге берілетін біржолғы төлемақы беріледі.
59. Жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау үшін жерлеуді жүзеге асырған заңды немесе жеке тұлға қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының тұрғылықты жеріндегі Орталық бөлімшесіне қажетті құжаттар мен олардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті береді. Құжаттардың көшірмелерін өтініш берушіге қайтарылатын ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін Орталық бөлімшесінің маманы растауға тиіс. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен расталған құжаттардың көшірмелерін қабылдауға жол беріледі.
60. Өтініш берушінің ЖСН немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі болған кезде жерлеуге берілетін біржолғы төлем мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжат не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін) немесе жерлеуді жүзеге асырған дара кәсіпкер патенті (жеке тұлғалар үшін);
2) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе қайтыс болу фактісін растайтын басқа мемлекеттердің уәкілетті органдары берген және апостиль қойып куәландырылған құжат;
3) зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шоттың нөмірі туралы мәлімет.
61. Орталық бөлімшесі өтінішті және осы Қағидалардың 60-тармағында көзделген құжаттарды сканерлейді, осы Қағидаларға 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті Орталық бөлімшесінде тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жерлеуге берілетін біржолғы төлем тағайындау туралы электрондық шешім жобасын қалыптастырады, жерлеуге берілетін біржолғы төлем мөлшерін есептеуді жүргізеді және Орталық филиалына жібереді. Бұл ретте электрондық шешім жобасы Орталық бөлімшесі маманының және бастығының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
Орталық филиалы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық шешім жобасын қарайды, есептеудің және шешім жобасының рәсімделу дұрыстығын тексереді, содан кейін уәкілетті органға жібереді. Электрондық шешім жобасы Орталық филиалы маманының және бастығының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
62. Уәкілетті орган электронды құжаттармен келіп түскен электрондық шешім жобасын қарайды, олар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жерлеуге берілетін біржолғы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Басқарма (бөлім) маманының, басшысының және уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ арқылы куәландырылған жерлеуге берілетін біржолғы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау туралы хабарлама жерлеуге берілетін біржолғы төлем тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Орталық бөлімшесіне жіберіледі. Хабарлама уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылады.
63. Орталық бөлімшесі алынған жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау туралы шешім бойынша бір күн ішінде осы Қағидаларға 33-35-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жерлеуге берілетін біржолғы төлемді төлеуге қажеттілік-өтінімді жасайды және Орталықтың филиалы арқылы Орталыққа жібереді.
Орталық бөлімшесі жерлеуге берілетін біржолғы төлемді тағайындау туралы қағаз жеткізгіштегі шешімді қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушының ісіне қосып тігеді.
64. Орталық жерлеуге берілетін біржолғы төлемді жерлеуді жүзеге асырған заңды немесе жеке тұлға өтініш пен барлық қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы олардың банктік шоттарына аударуды жүргізеді.
7. Түзеу мекемелерінде зейнетақы мен жәрдемақыларды беру, тағайындау және төлеу тәртібi
65. Түзеу мекемесінде жүрген зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқығы бар адамға зейнетақы немесе жәрдемақы өтінішінің және түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталық бөлімшесіне мекеме әкімшілігі ұсынатын, осы Қағидалардың 4-9-тармақтарында көзделген құжаттардың негізінде тағайындалады.
66. Егер адам түзеу мекемесіне орналастырылған сәтте зейнетақы немесе жәрдемақы алушы болып табылса, түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталық бөлімшесі түзеу мекемесінің әкімшілігі осы Қағидалардың 34, 35-тармақтарына сәйкес ұсынған, көрсетілген адамның өтініші негізінде зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдерін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
67. Түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталық бөлімшесі зейнетақы жеке іс қағазын алғаннан кейін оны есепке қояды және түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаның бақылау шотына зейнетақылар мен жәрдемақыларды толық көлемінде аудару үшін деректемелерін көрсете отырып, сотталушының деректерін ОДҚ енгізеді.
68. Алушы түзеу мекемесінде болған уақытында зейнетақы немесе жәрдемақы алмаған жағдайда, төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта жаңартылады.
8. Интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібi
69. Қорғаншы (қамқоршы) Орталық бөлімшесіне адамды іс-әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің және қорғаншылық органының шешімі мен қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Интернаттық (отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Жасөспірімдер үйі, балалар үйі, жалпы және арнаулы үлгідегі немесе ақыл-eci кем балаларға арналған интернат-үйі және т.б.) және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме орналасқан жердегі Орталық бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді осы Қағидалардың 34, 35-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.
Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу медициналық-әлеуметтік мекемелерде тіркелген күннен бастап жүзеге асырылады.
70. Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде, интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын іс-әрекетке қабілетті адамдардың (бұдан әрі - іс-әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағылар) зейнетақылары мен жәрдемақылары зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылатын банктік шоттарға аударылады.
71. Қорғаншы (қамқоршы) іс-әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағы адамдар үшін алатын зейнетақы немесе жәрдемақы сомаларын жұмсаудың дұрыстығы мен заңдылығы үшін жауапты болады.
9. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жоғалған немесе жарамсыз болған істерін қалпына келтіру тәртібi
72. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушылардың жоғалған немесе (өрт, су тасқыны және басқа жағдайлар кезінде) жарамсыз болған істерінің телнұсқаларын Орталық бөлімшесі жоғалғаны (ісінің болмауы) туралы актінің, зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссия шешімінің (шешімдерінің) хаттамасынан үзінді көшірменің және (немесе) азаматтардың зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындауға берген өтініштерін тіркеу журналының, істердің электронды мұрағатының негізінде қалыптастырады. Орталық бөлімшесі азаматтардан осы Қағидалардың 4-9-тармақтарында көзделген құжаттарды, сондай-ақ зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау фактісі мен шарттарын растайтын басқа да құжаттарды сұрата алады.
Орталық бөлімшесінің электрондық шешім (шешімдер) жобасын дайындауы және оны (оларды) уәкілетті органның бекітуі осы Қағидалардың 11, 12-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
73. Құжатты алу мүмкіндігі болмаған, яғни сол немесе өзге фактіні тіркеу тәртібі (хаттаманың немесе зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау туралы тіркеу кітабы) болмаған не фактіні тіркеу тәртібі сақталмаған және бұл жағдайларда оларға жүгіну мүмкіндігі болмаған, фактіні растайтын құжаттар болғанымен, оларда құжатты дәлелдеу мәнінен айыратын, түзету мүмкін емес қателер немесе жаңсақтықтар болған кезде, талап етілетін заңды фактілер сот органдары арқылы расталады.
74. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушы ісінің қалпына келтірілген телнұсқасы мұқабасының оң жақ үстіңгі бұрышына «Телнұсқа» деген белгі қойылады.
75. Куәлігін жоғалтқан жағдайда, алушының өтініші бойынша Орталық бөлімшесі телнұсқа жазып береді. Оның оң жақ үстіңгі бұрышына «Телнұсқа» деген белгі қойылады.
Оны беру кезінде куәліктерді тіркеу журналына тиісті жазба жасалады.
10. Істерді мұрағатта есепке алу, беру және сақтау тәртібi
76. Зейнетақы немесе жәрдемақы төлемдері жүзеге асырылатын істер (қолданыстағы істер) қолданыстағы істер мұрағатында сақталады.
77. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылған құжаттар іске қосылады және бүкіл сақталу мерзімінде сонда сақталады. Іске қосылған құжаттар қылмыстық процесті жүргізу үшін және қылмыстық іс қозғау туралы қаулы бар болған жағдайда талап етілсе, құжаттар ресми адамдардың сұратуы бойынша, құжаттарды алу туралы қаулының негізінде берілуі мүмкін, ал олардың түсірілген (сканерленген) көшірмелері істі сақтау мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Құжаттарды алуды жүргізу кезінде, сұратушы тарап іске қатысы болуы мүмкін құжаттарды ғана алумен шектелуге тиіс.
78. Зейнетақы немесе жәрдемақы төлемі тоқтатылған істер алушының өзі немесе отбасының мүшелері келгенге дейін «Бақылауда» деген белгімен қолданыстағы істерден бөлек сақталады. Алты ай өткеннен кейін іс соңғы төлемнің күні мен сомасы көрсетіле отырып, есептен алынады және Орталық бөлімшесінің мұрағатына өткізіледі. Алты айдан артық мерзімге тоқтатылған істер бойынша зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді Орталық бөлімшесі зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органның зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешімі бойынша қайта жаңартады.
79. Қолданыстағы істерді беру істер қозғалысының және оларды сақтаудың есебі жөніндегі журналға қол қою арқылы бақылау карточкасы бойынша қатаң тәртіппен жүргізіледі.
Қолданыстағы істі берген кезде оның орнына бақылау карточкасы қойылады, қайтарған кезде бақылау карточкасы іске салынады. Алушы қызмет көрсетуші бір учаскеден екіншісіне ауысқан кезде Орталық бөлімшесі қызметкерлерінің арасында істерді қабылдау және беру беруші мен қабылдаушының қолы қойылған журнал бойынша жүргізіледі. Учаскені Орталық бөлімшесінің басқа қызметкеріне толық берген кезде қызмет көрсету үшін істерді қабылдау-беру актісі жасалады. Деректерді ОДҚ-ға енгізуді қызметкерлер қатаң бекітілген учаскелер бойынша өздеріне құпия берілген пароль арқылы жүргізеді.
80. Орталық бөлімшесі жыл сайын есепте тұрған (қолданыстағы) зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың істерін түгендеуді жүргізеді, оның барысында зейнетақы немесе жәрдемақы алушы ісінің деректерінің болуы және түгендеу сәтінде қалыптасқан ОДҚ деректерімен сәйкестігі салыстырып тексеріледі.
Қолданыстағы істе құжаттардың болуы, алушылардың анкеталық деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тұратын мекенжайы, зейнетақысының немесе жәрдемақысының ай сайынғы мөлшері, ұстап қалулардың мөлшері, төлеу мерзімі) дұрыс толтырылуы тексеріледі.
Түгендеуді жүргізу үшін Орталық филиалының бұйрығымен Орталық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен Орталық бөлімшесі қызметкерлерінен комиссия құрылады. Орталық филиалы қолданыстағы істерді түгендеуді жүргізу нәтижелері жөніндегі хаттаманың негізінде Орталық бөлімшесінің түгендеуді жүргізу сапасын қарайды.
81. Алушы қайтыс болған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткен немесе төлемдер басқа да себептер бойынша тоқтатылған жағдайда, Орталық бөлімшесі істі жабады және мұрағатқа тапсырады.
82. Қайтыс болуына, кетуіне немесе басқа да себептер бойынша алушының зейнетақы немесе жәрдемақы төлемінің электронды есепке алу карточкасы жабылған кезде Орталық бөлімшесі алушының ісіне себебін, күнін көрсете отырып, есептен шығарылғаны туралы белгі қояды және ол Орталық бөлімшесі бастығының қолымен және мөртаңбасымен расталады. Істі мұрағаттау кезінде табысы туралы анықтама мен еңбек кітапшасында, мүгедектігі туралы анықтамада әр бетінде «ҚАЙТЫС БОЛДЫ» деген белгі қойылады.
Алушының жабылған электрондық карточкасы ОДҚ-дан электрондық мұрағатқа сақтауға ауыстырылады.
83. Мұрағаттық істерді беру тізім бойынша жүргізіледі, ал Орталық бөлімшесі мұрағатының қызметкері мұрағаттық істі қабылдау кезінде ОДҚ-да көрсетілген төлемдердің тоқтатылған күнін, істегі табысы туралы анықтамада, еңбек кітапшасында, мүгедектігі туралы анықтамада «ҚАЙТЫС БОЛДЫ» деген белгінің әр бетте болуын тексереді.
84. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың мұрағаттық істері оларды сақтау мерзімі өткенге дейін басқа елдердің уәкілетті органдарының сұратуы бойынша жіберілуі мүмкін, ал жіберілетін мұрағаттық істің электрондық нұсқасы электрондық мұрағатқа ауыстырылады.
85. Мұрағаттық істер әліпби және істердің жабылу жылдары бойынша 10 жыл бойы сақталады, сақтау мерзімі өткеннен кейін акт бойынша жойылады, ал 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалған және Орталықтың «Ретроконверсия» және «Е-макет» бағдарламасы арқылы құрылған, қолданыстағы істердің электрондық нұсқасы тұрақты сақталады.
86. Сақтау мерзімі өткен мұрағаттық істерді жою кезінде облыстық филиал істерді жою жөніндегі комиссия құру туралы бұйрық шығарады, оның құрамына уәкілетті органның (келісім бойынша), мұрағаттың (келісім бойынша) өкілдері, Орталық филиалы мен бөлімшесінің қызметкерлері кіреді.
Жойылатын істердің тізімдері, жойылған күні көрсетілетін мұрағаттық істерді соңғы түгендеу деректерімен салыстырып тексеріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ
уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы
төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты
берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік
жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу қағидаларына
1-қосымша
Ауданның коды _____________________________
Қазақстан Республикасының
____________________________ облысы бойынша
Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті
Өтініш
Азамат _____________________________________________________________________________________________________
(алушының Т.А.Ә.)
Туған күні, айы, жылы: _________ ж. «_______» __________________________________________________________________
ЖСН ______________________________________________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________________________________________________________
Құжат сериясы: _____________________ құжат нөмірі: ____________________ кім берген: ______________________________
Берілген күні _______________________ ж. «___» ________________________________________________________________
Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы _______________________________________________________________________
Облыс _____________________________________________________________________________________________________
қала және/немесе ауыл _______________________________________________________________________________________
көше (шағын аудан) ________________________ _____________ үй ____________________________________________ пәтер
Банктік деректемелер:
Банк атауы _________________________________________________________________________________________________
Банктік шот №
Шот түрі: ағымдағы _____________________________________ карта шоты __________________________________________
(қажетінің асты сызылсын)
Маған _____________________________________________________________________________________________________
(жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы төлемдері; мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша, жасына байланысты, № 1, № 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қайта жаңартуды) сұраймын.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болған/болған жоқ
_____________________________________________________________________ қайтыс болған асыраушы міндетті әлеуметтік
(қажетінің асты сызылсын)
сақтандырудың қатысушысы болған/болған жоқ
Ескертпе:
мемлекеттік жәрдемақыға өтініш жазылғанда мүгедектік тобы немесе асырауындағы жандардың саны көрсетілсін. Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздемелер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалған/тағайындалмаған (қажет емесі сызылып тасталсын).
Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).
Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқылы екендігім туралы маған хабарланды.
Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан қоныс аударуым), сауалнама деректерінің, банк деректемесінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Орталықтың бөлімшесіне тапсыратын құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін. Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескертпе |
1 | | | |
2 | | | |
Төлемді тағайындауға қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін Өтініш берушінің байланыс деректері:
Жұмыс телефоны __________________________ Ұялы телефон _______________________ Е-mail ____________________________
Өтініш берілген күні: 20_____ ж. «______» ____________________________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы ____________________________________________________________________________________________
Азамат ___________________________________________________ өтініші № ____________________________________ тіркелген.
Құжаттар қабылданған күн ________________________________________________________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)
Өтініш қоса берілген құжаттармен 20_____ жылғы «______» __________ қабылданды,
Өтінішті тіркеген күн: 20_____ ж. «_____» _____________________________________
(қызметті алу күні өтінішті Орталық бөлімшесінде тіркеген күннен
бастап 10 (он) жұмыс күні): 20__ ж. «___» __________________________________________________________________________
Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттың (құжаттардың) жоқтығы анықталған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылады.
______________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________
құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу), сауалнама деректерінің, банк деректемесінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.
Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсыну үшін
жауапкершілік туралы ескертілдім _________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы ________________________________________________________________________________
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін
бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ
уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы
төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты
берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік
жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды
тағайындау және төлеу қағидаларына
2-қосымша
Мөртабан орны
20__ ж. «___» _______ шығ. № ___
_____ ж. _________-нан (-нен) ___ ж. _________-на (-не) дейін жеке тұлғаға төленген және
міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы
АНЫҚТАМА
________________________________________
Тегі £££££££££££££££
Аты £££££££££££££££
Әкесінің £££££££££££££££
аты (болған кезде)
Негіздеме: _____________________________________________________________________________________________________
(бұйрық, жеке іс парағы, жалақы жөніндегі ведомосы, табельдер және т.б.)
Салымшының табельдік нөмірі ___________________________________________________________________________________
ЖСН _________________________________________________________________________________________________________
Төлеуші ұйымның БСН-і мен орналасқан жері _______________________________________________________________________
Жыл, айлар | Жалақы (табыс) сомасы | Міндетті зейнетақы жарналары | Міндетті зейнетақы жарналары аударылған күн, төлем тапсырмасының №, қай кезең үшін аударылды (айлар көрсетілсін) | Ескертпе |
Есептелген сомалар | Аударылған сомалар | Оның ішінде өсімақылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Қаңтар | | | | | | |
Ақпан | | | | | | |
Наурыз | | | | | | |
Сәуір | | | | | | |
Мамыр | | | | | | |
Маусым | | | | | | |
Шілде | | | | | | |
Тамыз | | | | | | |
Қыркүйек | | | | | | |
Қазан | | | | | | |
Қараша | | | | | | |
Желтоқсан | | | | | | |
_______ ж. жиыны | | | | | | |
Қаңтар | | | | | | |
Ақпан | | | | | | |
Наурыз | | | | | | |
Сәуір | | | | | | |
Мамыр | | | | | | |
Маусым | | | | | | |
Шілде | | | | | | |
Тамыз | | | | | | |
Қыркүйек | | | | | | |
Қазан | | | | | | |
Қараша | | | | | | |
Желтоқсан | | | | | | |
_______ ж. жиыны | | | | | | |
Қаңтар | | | | | | |
Ақпан | | | | | | |
Наурыз | | | | | | |
Сәуір | | | | | | |
Мамыр | | | | | | |
Маусым | | | | | | |
Шілде | | | | | | |
Тамыз | | | | | | |
Қыркүйек | | | | | | |
Қазан | | | | | | |
Қараша | | | | | | |
Желтоқсан | | | | | | |
_______ ж. жиыны | | | | | | |