599. Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін тартылатын үкіметтік қарыздар бойынша кезекті қаржы жылына арналған болжамды деректер мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп:
1) қолданыстағы және тартылуы болжанған сыртқы үкіметтік қарыз қаражатын игеру болжамын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышының жинақталған қалдық деңгейін және халықаралық қаржы ұйымдары мен қарыз беруші елдердің үкіметтерімен, басқа да сыртқы қарыз берушілермен өзара іс-қимылдың перспективаларын ескере отырып, болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздардың тізбесін қалыптастыру жолымен болжанатын үкіметтік қарыздарды;
3) ішкі және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қоса алғанда, бюджет тапшылығының жоғарыда санамаланған көздер жаппаған бөлігін қаржыландыру үшін өзге де болжанған қарыз алу көздері мен құралдарын анықтауды қамтиды.
64-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен қарыз алуы
600. Қазақстан Республикасының Үкіметі iшкi және халықаралық капитал нарықтарында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы шешiм қабылдайды.
601. Халықаралық капиталдар нарықтарына мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару үшiн:
1) елдiң кредиттiк рейтингiн жаңарту, инвесторларды тарту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар шығару нарығы мен әрiптестерiн анықтау жөнiнде iс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
2) осындай мәмiле үшiн белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттамалар дайындау жүзеге асырылады.
65-тарау. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қарыз алуы
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 602-тармақ жаңа редакцияда
602. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан сыртқы қарыз тартуды болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздар тізбесінің шеңберінде жобаны (жобалық құжаттың іс-шараларын) (бұдан әрі - жоба) іске асыруға бағытталған әрбір бюджеттік инвестициялық жоба және/немесе бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Республикалық бюджет комиссиясының шешімінде үкіметтік сыртқы қарыз есебінен қаржыландыруға болжанған жобаны қаржыландырудың көздері мен тетігі белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 603-тармақ өзгертілді
603. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті кезеңге арналған болжанған бағдарламалық және инвестициялық үкіметтік сыртқы қарыздар тізбесінің шеңберінде белгілі бір қарызды тарту туралы мүдделі министрліктер мен ұйымдарды тарта отырып:
1) қарыз капиталының конъюнктурасын зерделеудi және қарыз алу мүмкiндiгiн бағалауды;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған жаңа үкiметтiк қарыздар есебiнен қаржыландыру ұйғарылатын жобаның қаржылық сипаттамасын талдауды;
3) орын алып отырған мүмкiндіктер шеңберiнде жобаны қаржыландыру бойынша баламалы ұсыныстарды дайындауды;
4) қарыз шарттарын (нысаны, қарыз алушылар, кредит алушылар, шектеулер) жасасу жолымен сыртқы қарызды тарта отырып жобаны қаржыландыру сызбасы бойынша ұсыныстар дайындауды;
5) жобаны қаржыландыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 604-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
604. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында қарыз алу кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мыналарды:
1) қаржыландыруға ұсынылған жоба, күтiлетiн қарыз шарттары бойынша кредит берушiлермен келiссөздер ұйымдастыруды және өткізудi;
2) шарттардың қолайлылығын және жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне, сондай-ақ олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалауды;
3) қарыз шарты мен iлеспе құжаттардың жобаларын дайындауды;
4) қарыз қаражатын пайдалану қатынастарын, оны өтеу мен оған қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның түпкiлiктi қарыз алушылармен, қарыз алушылардың агенттермен қарыз бойынша мiндеттемелерiнiң есебiн жүргiзетiн және қызмет көрсететiн ұйымдармен қатынастарды реттейтiн құжаттарды дайындауды және ресiмдеудi қамтитын дайындықтарды жүзеге асырады.
605.Үкiметтiк қарыз бойынша құжаттамаларды келiсудi мүдделi мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Дайындалған құжаттамалар негiзiнде әдiлет органының қарыз бойынша құжаттамаға құқықтық сараптама жүргiзуi жүзеге асырылады, нәтижесi тиiстi қорытындымен ресiмделедi.
606. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
607. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 608-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
608. Ресімделген қарыз шартына қол қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
609. Халықаралық қаржылық ұйымдар және қарыз беруші елдердің үкіметтері қол қойған Қарыз шарты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ратификациялануына жатады.
610. Қол қойылған қарыз шарттары бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органда тiркеуге жатады.
611. Сыртқы үкiметтiк қарыздар/байланысқан гранттар бойынша алынған қаражат республикалық бюджетте көрсетiледi және Қазақстан Республикасының жоспарлы жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес оның атқарылу ретiне қарай пайдаланылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 612-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 612-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
612. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыздар жөніндегі атқарушы агенттердің (түпкі қарыз алушылардың, банктердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) міндетті түрде ұсынған, сондай-ақ кредит берушілерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негізінде сыртқы қарыздардың қаражатын есепке алуды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 613-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 613-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
613. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қарыздар жөніндегі атқарушы агенттердің (түпкі қарыз алушылардың, банктердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің) міндетті түрде ұсынған, сондай-ақ қарыз берушілерден немесе донорлардан алынған ақпараттар негізінде жобалардың іске асырылуына мониторинг жасауды жүзеге асырады. Атқарушы агенттердің ақпараттарды ұсыну нысаны мен мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66-тарау. Үкіметтік сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобаларды іске асыру
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 614-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 614-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 614-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
614. Халықаралық қаржы ұйымдарының немесе басқа қарыз берушілердің (бұдан әрі - қарыз берушілер) Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін қарыз шарттары шеңберінде қарыз қаражатын пайдалану мониторингін жүзеге асыру мақсатында бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жоба құрауыштары бөлінісінде, оның ішінде республикалық бюджеттің қаражатынан жылдар бойынша қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңінде іс-шаралар тізбесін, қаржыландырудың мерзімі мен көлемін қамтитын инвестициялық жобаны іске асыру жоспарын осы Ереженің 115-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға және бекітуге шығарады.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 615-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 615-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
615. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:
1) белгіленген штат саны шегінде жобаны іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшені анықтайды;
2) кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде жобаны қаржыландыру көлемін белгіленген тәртіппен жоспарлайды;
3) қарыз шартында көзделген рәсімдерге сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жолымен жобаны іске асыруды жүзеге асырады;
4) қарыз берушімен келісілген конкурстық комиссияның шешімі негізінде тауарларды, жұмыстарды және көрсететін қызметтерді сатып алуға келісім-шарттар жасасады;
5) жасасқан келісімшарттардың мониторингін, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражатының және қазақстандық тарапының бірлесіп қаржыландырған қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен қарыз шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оның ішінде қарыз санаттары бойынша қаражатты қайта бөлу, қарыздың қаражатына қол жеткізу мерзімін ұзартуды келіседі.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 616-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 616-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
616. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қарыз алушы ретінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) осы Ереженің 59-тарауымен регламенттелетін егер ол қарыз шартында немесе жобаларды қаржыландыру схемасында көзделген жағдайда жобаны іске асыруға қатысу үшін қазақстандық екінші деңгейдегі банктерді немесе басқа ұйымдарды іріктеуді жүзеге асырады;
2) Банктермен келісім бойынша үкіметтік сыртқы қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бірлесіп қаржыландыру қаражатын республикалық бюджетке қайтару туралы түпкі қарыз алушымен кредиттік шарт әзірлейді және оған қол қояды;
3) қарыз шартты пайдалану мониторингін жүзеге асырады;
4) қарыз шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді келіседі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 67-тарау тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67-тарау. Қарыз қаражаты есебінен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу бойынша конкурстар өткізу
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 617-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
617. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алу бойынша конкурстар өткізу кезiнде бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi:
1) қарыз берушімен сатып алынатын тауарлардың, консультанттар үшiн техникалық тапсырмалардың, сондай-ақ мердiгерлер үшiн техникалық құжаттамалардың техникалық ерекшелiктерiн әзiрлейдi және келiседi;
2) конкурсқа қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын бағалау үшiн конкурстық комиссия құрады. Төрағаны қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және кемi үш адам болуы тиiс;
3) қарыз берушінің рәсiмдерiн және тәртібін басшылыққа алады;
4) жоба шеңберiнде жасалған келісім-шарттардың орындалуын бақылайды.
618. Конкурсқа қатысушылардың біліктiлiктерiне, сатып алынатын тауарлардың, мердiгерлер үшiн конкурстық құжаттамалардың, сондай-ақ атқарушы агенттердiң консультанттары үшiн техникалық тапсырмалардың техникалық ерекшелiктерiне қойылатын талаптарды әзiрлеу кезiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен қарыз берушінің алдын ала келісімi бойынша отандық компаниялардың қатысу мүмкіндіктерi ескерiлуi тиiс.
619. Белгiленетiн біліктiлiк талаптарының дәрежесi келісім-шарттардың уақытылы және сапалы атқарылуына ешқандай қауiп төндірмеуі тиiс, өз кезегiнде отандық компаниялардың конкурсқа қатыспай қалуына себеп болуы мүмкiн негiзсiз жоғары талаптардың орын алуын жою қажет.
620. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу бойынша қарыз берушінің ережелерiнде отандық мердiгерлерге, тауарлар өндiрушiлерге (берушiлерге) және консультанттарға көзделген жеңiлдiктер орын алған жағдайда атқарушы агент конкурстық құжаттарда көзделген жеңiлдiктердi ескере отырып түскен конкурстық ұсыныстарды бағалау және салыстыру рәсiмдерi сипатталған тиiстi баптарды көздеуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2009.04.12. № 2011 Қаулысымен 621-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 621-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
621. Егер, халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, үкіметтік сыртқы қарыз шеңберінде қаржыландырылатын жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының бірлесіп қаржыландыру қаражатынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
68-тарау. Мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды алу және пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 622-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
622. Осы тарау мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың есебiнен қаржыландырылуға ұсынылатын инвестициялық жобаларды (бұдан әрi - инвестициялық жобалар) іріктеу тәртібін және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) беру рәсiмдерiн анықтайды.
623. Мемлекеттік кепiлдiктер беру процесi мынадай негiзгi кезеңдердi:
1) инвестициялық жобаларды iрiктеудi;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобалар тiзбесiн қалыптастыруды, қарау мен бекітудi;
3) мемлекеттік кепiлдiктi берудi қамтитын іс-шаралар кешенінен тұрады.
624. Мемлекеттік (үкiметтiк, тәуелсiз) (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) кепiлдiктер беру процесінің негiзгi қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкiлеттi органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі, бюджеттi атқару жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау, еңбек жөніндегі уәкiлеттi орган, әдiлет органы, Республикалық бюджет комиссиясы, Қазақстанның Даму Банкi болып табылады.
625. Қарыз алушылар:
1) техникалық-экономикалық негiздеменi (бұдан әрi - ТЭН) және инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын даярлауды жүзеге асырады;
2) осы Тәртiпке және мемлекеттік кепiлдiктер беру процесiне қатысушылардың талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды қарау үшiн талап етiлетiн құжаттамаларды ұсынуды қамтамасыз етедi.
626. Салалық уәкiлеттi органдар:
1) инвестициялық жобаларға салалық сараптама жүргiзедi;
2) салалық сараптаманың нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындыларды ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 627-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 627-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
627. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) инвестициялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
2) мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздарды беру шарттары бойынша ықтимал кредиторлармен келіссөздер жүргізеді;
3) мемлекеттік кепілдіктер беру туралы келісім жасасады;
4) мемлекеттік кепілдіктер береді.
628. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган жоспарланған қызметтi iске асыруға, оларды iске асыру туралы шешiм қабылдау алдындағы кезеңдегi жоспарланған қызметтiң экологиялық талаптарына сәйкестiгiн бағалауға байланысты ықтимал терiс салдарларын алдын алу және өндiрiстiк күштердi орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруiн сараптамалық қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
629.Еңбек жөніндегі орталық уәкiлеттi орган iшкi еңбек нарығын қорғау мақсатында инвестициялық келісім-шарттар жобаларының сараптамасын жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 630-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 630-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
630. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган:
1) инвестициялық жобаларды қарау процесінде ұйымдық басшылықты қамтамасыз етеді;
2) инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысын жүзеге асырады;
3) мемлекет кепілдік берген қарыздарды тарту үшін несие капиталының нарықтарын (ішкі және сыртқы) айқындайды;
4) жоспарланып отырған мерзімге мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті бойынша ұсынысты, инвестициялық жобалардың тізімінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
631. Әдiлет органы мемлекеттік кепiлдiктермен жасалатын қарыз шарттарына заң сараптамасын жүргiзедi.
632. Қазақстан Даму Банкi:
1) банк сараптамасын жүзеге асырады;
2) инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген инвестициялық жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттiң функциясын орындайды.
633. Республикалық бюджет комиссиясы:
1) жоспарланған кезеңге мемлекеттік кепілдіктер беру лимитін анықтайды;
2) инвестициялық жобалардың тізілімін анықтайды;
3) әр инвестициялық жоба үшін жоспарланған жылға мемлекеттік кепілдіктерді беру шегінде мемлекеттік кепілдік мөлшерін анықтайды.
634. Мемлекеттік кепiлдiктер беру үстінде өз құзыретiнiң бөлiгiнде заңнамаға сәйкес инвестициялық жобаларды бағалауды (сараптаманы) жүргiзуге өкiлеттiк берiлген уәкiлеттi басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қатысады.
69-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен мемлекеттік емес қарыздар қаражатының есебiнен қаржыландыру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу
635. Мемлекеттік кепiлдiк алуға үмiткер заңды тұлғалар мынадай құжаттарды:
TЭH;
салалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктiк сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажеттi басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын қоса бере отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешiктiрiлмеген мерзiмде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға өтiнiмдi ұсынады.
636. Жоғарыда көрсетiлген талаптарға сәйкес толық емес құрамдағы құжаттармен ұсынылған өтiнiмдердi мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган қарамайды.
Жоғарыда көрсетiлген мерзiмнен кейiн ұсынылған өтiнiмдер кезекті жылы мемлекеттік кепiлдiктер беру тұрғысынан қаралмайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 637-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
637. Осы Ереженiң 639-тармағына сәйкес өтiнiмдi ұсынғаннан кейiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және екi ай iшiнде экономикалық сараптамасын әзiрлейдi.
638. Инвестициялық жобаның экономикалық сараптамасы - жоба TЭH әзiрлеу шеңберiнде, осы Ережеде көзделген сараптамалар бойынша қорытындылар негiзiнде жүргiзiлген инвестициялық жобаны экономикалық талдауды кешендi бағалау, ол мыналарды:
жоба мақсаттарының басым мемлекеттік инвестицияларға сәйкестiгiн бағалауды;
экономикалық талдауды бағалауды;
инвестициялық жоба iске асырылған жағдайда республикалық және жергiлiктi бюджеттерге салық түсiмдерiнiң ағынын талдауды қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 638-1-тармақпен толықтырылды
638-1. Мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН әзірлеуге немесе түзетуге және экономикалық сараптамаға талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды.
Мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған заңды тұлға жүзеге асырады.
639. Осы тарауда көрсетiлген сараптамаларды жүргiзу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiн тиiстi мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдар анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 639-1-тармақпен толықтырылды
639-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша ТЭН экономикалық сараптаманы есепке ала отырып қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғаларға жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 639-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 639-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
639-2. Мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер заңды тұлғалар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобалар бойынша бекітілген ТЭН-ді, ол бойынша оң экономикалық қорытындыны және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажет басқа да қорытындыларды ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 639-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 639-3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
639-3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады.
640. Осы Ереженiң 635-тармағында көрсетiлген сараптамаларға оң қорытындылардың бары-жоғы мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiне инвестициялық жобаны енгізу үшiн шарт болып табылады.
70-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiктерiмен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру, қарау және бекіту
641. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейiнгi мерзiмде жоспарланып отырған үш жылдық кезеңге мемлекеттік кепiлдiктердi беру лимитiн анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 642-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 642-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
642. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 20 шілдесінен кешіктірмейтін мерзімде экономикалық қорытындылар негізінде жобалар бойынша экономикалық қорытындыларын қоса, мемлекеттік кепілдіктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 643-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 643-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
643. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған инвестициялық жобалар тізбесінің жобасын қарау кезінде кезекті жылға арналған мемлекеттік кепілдіктерді беру лимитіне енетін, бір жылға арналған инвестициялық жобалардың тізбесін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 644-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 644-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
644. Республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша инвестициялық жобалардың тізбесін пысықтайды және әрбір инвестициялық жоба бойынша мемлекеттік кепілдіктердің сомасын қайта қарайды.
645. Республикалық бюджет комиссиясының қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жеке шешiмiмен бекітіледi және жариялануға тиiс.
71-тарау. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепiлдiктер беру рәсiмi
646. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгiмен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiткеннен кейiн және бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен келісілген қарыз шартының жобасы бар болған кезде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган қарыз алушылармен және Қазақстанның Даму Банкiмен мемлекеттік кепiлдiктер беру туралы келісім жасасады.
647. Қарыз алушылар TЭH жобасын, салалық сараптаманың, экономикалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктiк сараптамасының және заңнамаға сәйкес қажеттi басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган инвестициялық жобаның сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және екi ай iшiнде тиiстi қорытындыны әзiрлейдi.
648. Инвестициялық жобаның сараптамасы бойынша бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның қорытындысы мыналарды:
мемлекеттік кепiлдiкпен берiлген мемлекеттік емес қарыздың қаржылық шарттарын;
мемлекеттік кепiлдiктердi алғаны туралы өтiнiш бiлдiргенге дейiн үш жылдан кем емес кезеңде қарыз алушының қаржылық жай-күйiн және заңды мәртебесiн;
қарыз алушы беретiн мемлекеттік кепiлдiктер бойынша қамтамасыз етудi;
қаржылық және техникалық тәуекелдердi;
мемлекеттік кепiлдiктi алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын Бюджет кодексiнiң талаптарына қарыз алушының сәйкестiгiн бағалауды қамтиды.
649. Мемлекеттік кепiлдiк қарыз берушiге қарыз шартын, мемлекеттік кепiлдiктер беру туралы келісімдi жасасқаннан, сондай-ақ бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның оң қорытындысы болған кезде қарыз алушының мемлекеттік кепiлдiктi бергенi үшiн алдын ала бiржолғы төлемдi (алымды) төлегенiнен кейiн берiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 650-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
650. Мемлекеттік кепiлдiктi беру туралы келісім мыналарды: