18-бап. Мұрағат ісін мемлекеттік реттеу
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын мұрағат iсiн мемлекеттік реттеу мәселелерiне:
1) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту;
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту;
3) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін олардың сақталу мерзімдерін көрсете отырып бекіту;
4) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту;
5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.
2. Уәкілетті орган жүзеге асыратын мұрағат ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне:
1) мұрағат ісі мен құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығару қағидаларын бекіту;
3) Орталық сараптау-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың сараптау-тексеру комиссиялары туралы ережелерді бекіту;
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын мұрағат анықтамаларына және мұрағат құжаттарының көшiрмелерiне апостиль қою;
7) Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпараттық желі және деректер қорын құру;
8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) автоматтандырылған мұрағаттық технологиялар әзiрлеу мен енгізуді ұйымдастыру;
10) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын басып шығаруды ұйымдастыру, сондай-ақ құжаттарды мемлекеттiң, қоғамның және азаматтардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
11) Ұлттық мұрағат қорын және Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын қалыптастыру мен олардың жұмыс істеуі, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету;
12) республикалық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау және пайдалану;
13) Қазақстан Республикасының тарихы жөніндегі шет елдердегi мұрағат құжаттарын жинау мен оларды елге қайтару;
14) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15) мұрағат ісін басқару және жүргізу органдарының қызметіне әдістемелік басшылық жасау және оны үйлестіру;
16) іс жүргізу мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және іс жүргізудің жай-күйі мен құжаттардың сақталуын бақылау;
17) осы Заңның, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мұрағат ісі саласындағы бақылау;
18) мұрағат iсi жөніндегі халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының өкiлдiгін қамтамасыз ету;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асыратын қатынастарды мемлекеттік реттеу және мұрағат iсiн басқару мәселелерiне:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында мұрағат iсiнде және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыру;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мұрағаттарының сақтауына қабылданған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;
5) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
7) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;
8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында орналасқан, Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасау және бақылау жасау;
9) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;
10) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекіту;
11) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану;
12) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинау және қайтару;
13) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2009.04.06 № 162-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 18-1 бап өзгертілді; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 18-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Ұлттық мұрағат қорының құрамына жатқызылған және жеке меншік мұрағаттарда сақталатын құжаттардың сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Мұрағат ісін мемлекеттік басқару
1. Мұрағат iсiн мемлекеттік басқаруды уәкiлеттi орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның нұсқаулары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді
20-бап. Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесі
Мұрағат ісін басқару мен жүргізу органдарының жүйесіне:
1) уәкiлеттi орган, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары);
2) мұрағат мекемелері: Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаттары, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының орталық мемлекеттік мұрағаттары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттары мен олардың филиалдары кіреді.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Мұрағат ісін басқару мен жүргізу органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасы уәкілетті органын, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары, олардың жүйесіндегі мұрағат мекемелерін қаржыландыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР 08.05.03 ж. № 413-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.27.05. № 279-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 22-бап өзгертілді
22-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік мұрағаттары
1. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде және Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiне (қаржы полициясы) арнаулы мемлекеттік мұрағаттар құрылуы мүмкін.
2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Арнайы мемлекеттік мұрағаттар құру Қазақстан Республикасы Президентінің актісімен жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының осы Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы мемлекеттік мұрағаттар құрылған мемлекеттік органдарына өздерінің қызметіне қатысты мұрағат құжаттарын жинақтау (сатып алу), тұрақты сақтау және пайдалану құқығы беріледі.
4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік мұрағаттары қызметінің тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
6-тарау. Халықаралық ынтымақтастық
23-бап. Халықаралық байланыстар мен қарым-қатынастар
1. Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының меншік иелері - жеке және заңды тұлғалар халықаралық байланыстар мен тікелей қарым-қатынастар орнатып, жасап отыруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының мүдделеріне нұқсан келтірмесе, мемлекет мұрағат құжаттарын бірлесіп пайдалану жөнінде Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің мұрағат мекемелері арасындағы қарым-қатынастардың кеңейтілуіне жәрдемдеседі.
24-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мұрағат ісі жөніндегі заңдарындағыдан өзгеше нормалар белгіленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
25-бап. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мұрағатты пайдалану құқығы
1. Мұрағат құжаттарын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары пайдаланатын негіздерде пайдаланады.
2. Өз мұрағаттарына Қазақстан азаматтарына кіруге шектеу көзделген мемлекеттердің азаматтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында сондай шектеу белгіленуі мүмкін.
26-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету
1. Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге тыйым салынады.
2. Қазақстан Республикасының уәкілетті органы Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тәртіпке сәйкес рұқсат беруге құқылы.
7-тарау. Қорытынды ережелер
27-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Мұрағат ісі жөніндегі заңдарды бұзуға кінәлі болған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Ұлттық мұрағат қорына келтірілген зиян Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтелуге тиіс.
Қазақстан Республикасының