Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысы
(2010.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008 - 2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
1. Жалпы ережелер
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсетуді қамтиды.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне (бұдан әрі - ТМККК) мыналар кіреді:
1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
2) амбулаториялық-емханалық көмек, ол:
медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі - МСАК);
медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтиды;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны (шекті көлемі) шеңберінде МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша - жолдаманың болу-болмауына қарамастан берілетін стационарлық медициналық көмек;
4) МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаттары үшін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.
2. ТМККК тізбесі
3. Жедел медициналық көмек нысанындағы ТМККК тізбесі мыналарды қамтиды:
1) шұғыл айғақтары бойынша медициналық көмек көрсету және дәрілік формулярларға сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
2) науқастарды медициналық айғақтары бойынша медициналық ұйымдарға жеткізу;
3) бұқаралық іс-шараларды медициналық қамтамасыз ету.
4. Санитариялық авиация нысанындағы ТМККК мыналарды қамтиды:
1) пациенттің тұратын жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету;
2) әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау.
5. Амбулаториялық-емханалық көмек нысанындағы ТМККК азаматтарға МСАК, КДК түрінде ұсынылады және мыналарды қамтиды:
1) мамандардың тексеріп-қарауы, консультациясы;
ҚР Үкіметінің 2010.15.12. № 1363 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) MСАК маманының және (немесе) бейінді мамандардың медициналық айғақтары және жолдамасы бойынша 18 жасқа толмаған балаларға, жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға, мүгедектерге, көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, атаулы әлеуметтік көмек алатындарға, жасы бойынша зейнеткерлерге, инфекциялық, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға (бұдан әрі - әлеуметтік қорғалмаған топтар) көрсетілетін полимеразды тізбекті реакция негізінде диагностикалауды, иммунофенотиптелуді, компьютерлік және магнитті-резонансты томографияны, позитрондық-эмиссиялық томографияны, бір фотондық эмиссиялық компьютерлік томографияны, ангиографияны, медициналық-генетикалық зерттеулерді қоспағанда, зертханалық және аспаптық зерттеулер;
ҚР Үкіметінің 2010.15.12. № 1363 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) медициналық қызметтер (инъекциялар, дәке, қатайтатын таңғыштар, шендеуіштер салу, медицина ұйымының шығыс материалдарын пайдаланып хирургиялық, экстракорпоралдық ұрықтандыруды қоса алғанда, гинекологиялық, урологиялық, офтальмологиялық, оториноларингологиялық және басқа да амбулаториялық ем-шаралар (бұдан әрі - медициналық қызметтер);
4) медициналық айғақтары бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға физиотерапиялық емшаралар;
ҚР Үкіметінің 2010.15.12. № 1363 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек, тіс жұлуды қоса алғанда, 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек (ортодонттық және ортопедиялық көмектен басқа), қыздыру және химиялық қатайтылған композиттік материалдардан жасалған пломба салу, сондай-ақ тіс-жақ аномалияларын жою үшін аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка);
6) салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар:
салауатты өмір салтын насихаттау және тамақтану;
тұрғындарды гигиеналық оқыту, отбасын, ана болуды, әке болуды және балалықты қорғау;
халыққа қауіпсіз сумен жабдықтау және ұтымды тамақтану жөнінде түсіндіру жұмыстары;
7) белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттармен мамандандырылған емдік өнімдер тізбесіне сәйкес тегін және (немесе) жеңілдікті қамтамасыз етуге сәйкес дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
8) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарау;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық егуді жүргізу;
10) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар.
ҚР Үкіметінің 2010.15.12. № 1363 Қаулысымен 11) тармақшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
11) анамнезінде операциялық араласулары, қан мен оның компоненттерін құю бар қан ауруларымен, қатерлі ісіктермен ауыратын гемодиализдегі балаларды «В» және «С» вирусты гепатиттеріне диагностикалауға скринингтік зерттеулер (иммундық ферменттік талдау, полимераздық тізбектік реакция) жүргізу;
ҚР Үкіметінің 2010.15.12. № 1363 Қаулысымен 12) тармақшамен толықтырылады (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2010.15.12. № 1363 Қаулысымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) әлеуметтік-психологиялық консультация беру.
ҚР Үкіметінің 2010.15.12. № 1363 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес стационарлық көмек нысанында көрсетілетін ТМККК мыналарды қамтиды:
1) мамандардың тексеріп-қарауы, консультациясы;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулер;
3) медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда) медициналық айғақтар бойынша дәрілік фармулярларға сәйкес дәрімен қамтамасыз ету;
4) медициналық айғақтар бойынша қан мен оның компоненттерінің препараттарымен қамтамасыз ету;
5) тиісті күтім жасауды және тамақтануды, оның ішінде бір жасқа дейінгі баланы емізетін ананы балаға күтім жасау бойынша медициналық ұйымда болуының барлық кезеңінде қамтамасыз ету;
6) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
7) паллиативтік көмек және мейірбике күтімі.
7. Стационарды алмастыратын көмек нысанындағы ТМККК мыналарды қамтиды:
1) мамандардың тексеріп-қарауы, консультациясы;
2) медициналық айғақтары бойынша бір күн ішінде 4-тен 8 сағатқа дейін медициналық қызметтер (ақылыны қоспағанда), дәрілік формулярларға сәйкес дәрімен қамтамасыз ету.