Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 Қаулысы
(2009.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 206-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесі бекітілсін.
2. 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды соңғы өтеу сәтінен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 33, 451-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қыркүйектегі № 941 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 тамыздағы № 813 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 32, 434-құжат).
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 3 сәуірдегі
№ 466 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың,
орналастырудың айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді (бұдан әрі - қазынашылық міндеттемелер) шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің тәртібін анықтайды.
2. Қазынашылық міндеттемелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі эмиссиялайтын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) эмитент - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
2) қаржы агенті - эмитентпен жасалған қазынашылық міндеттемелерді орналастыру туралы агенттік келісімнің негізінде эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша міндеттемелерді орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) депозитарий - эмитентпен жасалған шартқа сәйкес төлем агентінің функцияларын және міндеттемелерді есепке алу мен қызмет көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын «Бағалы қағаздардың орталық дипозитарийі» акционерлік қоғамы;
4) қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі ережесі - оның негізінде қаржы агенті қазынашылық міндеттемелерді орналастыруды жүзеге асыратын қаржы агентінің эмитентпен келісілген ішкі құжаты;
5) қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеудің ішкі ережесі - оның негізінде депозитарий қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету мен өтеуді жүзеге асыратын депозитарийдің эмитентпен келісілген ішкі құжаты;
6) бастапқы дилер - белгіленген тәртіппен қазынашылық міндеттемелерді орналастыруға қатысуға жіберілген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру жөніндегі агент (бұдан әрі - агент) - жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге, атаулы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметпен, трансфер-агенттік қызметпен айналысуға арналған лицензиясы бар, эмитентпен жасалған агенттік келісімнің негізінде эмитенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) депонент - депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым.
4. Эмитенттің бас қаржы агенті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі болып табылады, ол эмитентпен жасалған бас агенттік келісімнің негізінде ішкі қаржы нарығында қарыз алу мәселелері бойынша эмитенттің қаржылық кеңесшісінің функцияларын жүзеге асырады.
3. Қазынашылық міндеттемелерді шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің
және өтеудің жалпы шарттары
5. Қазынашылық міндеттемелер құжатталмаған нысанда шығарылады.
6. Әрбір шығарылымның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган беретін ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) болады.
7. Қазынашылық міндеттемелер аукционды өткізу, жете орналастыру, қайта ашу, жазылу жолымен және қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі ережелерімен белгіленген басқа да тәсілдермен орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Қазынашылық міндеттемелерді және олар бойынша құқықтарды есепке алу депозитарийдегі бастапқы дилерлердің дербес шоттары бойынша және бастапқы дилерлердің дербес шоттарында ашылған инвесторлардың жеке қосалқы шоттарында жүзеге асырылады. Депозитарий төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, олар орналастыру кезінде бастапқы нарықта, қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу және өтеу кезінде қайталама нарықта, сондай-ақ қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсетуде (сыйақыны есептеу және төлеу) қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда жасалады.
Агент төлем агентінің функцияларын жүзеге асырады, олар арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру кезінде бастапқы нарықта арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруға жасалады.
9. Қазынашылық міндеттемелердің әрбір шығарылымының көлемі мен шарттарын Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген үкіметтік борыш пен оған қызмет көрсетуге арналған шығыстар лимитінің шегінде эмитент белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Қазынашылық міндеттемелерді орналастыру, қызмет корсету және өтеу тәсілдерінің шарттары мен рәсімдері, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, қазынашылық міндеттемелерді орналастырудың ішкі ережесімен және тиісінше қазынашылық міндеттемелерге қызмет көрсету және өтеу ережесімен белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес заңды және жеке тұлғалары бастапқы дилерлер арқылы қазынашылық міндеттемелерді сатып ала алады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің мынадай түрлерін:
1) қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
2) орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
3) ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
4) орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
5) ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;
6) ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді;
7) арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді;
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Депозитарий орналастырылған қазынашылық міндеттемелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асырған күн, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосудың басталу күні болып есептеледі. Қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, осы міндеттемелерді өтеген күннің алдындағы соңғы күннің өтуімен аяқталады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Осы міндеттемелер бойынша сыйақы есептелетін бірінші күн болып оларды айналысқа қосу басталған күн, ал соңғы күн болып - оларды өтеген күннің алдындағы соңғы күн есептеледі.
Қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу қазынашылық міндеттемелердің жекелеген түрлерін шығарудың шарттарымен белгіленген күндерде жүргізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелерді шығару шарттарында өзге мерзім көзделмесе, соңғы сыйақыны төлеу қазынашылық міндеттемелерді өтеу күнімен сәйкес келеді. Егер қазынашылық міндеттемелер бойынша сыйақы төлеу күні жұмыс күніне келмесе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
15. Қазынашылық міндеттемелерді өтеу, егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе, оларды айналысқа қосу мерзімі аяқталғаннан кейінгі бірінші күні атаулы күн бойынша жүргізіледі. Егер қазынашылық міндеттемелердің атаулы құнын өтеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда өтеу жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі.
16. Эмитент қайталама нарықта нарықтық баға бойынша қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымның барлық немесе ішінара көлемін сатып алуға және оларды өтеуге құқылы.
Қазынашылық міндеттемелердің белгілі бір шығарылымның барлық көлемін сатып алу туралы эмитенттің шешімі осындай сатып алу күніне дейін бір ай ішінде қаржы агентіне жеткізіледі, ол өз кезегінде осы хабарламадан кейін 5 күнтізбелік күннің ішінде осы туралы бастапқы дилерлерге хабарлайды.
17. Қазынашылық міндеттемелермен операциялар бойынша салық салу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
4. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер
18. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер дисконтталған эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
19. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің атаулы құны - 100 теңге.
20. «Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме» (МЕККАМ) деп аталады.
21. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер үш, алты, тоғыз және он екі ай айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
22. Сыйақыны есептеу үшін қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу мерзімінде күндердің іс жүзіндегі саны пайдаланылады.
23. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру дисконтталған баға (атаулы құннан төмен баға) бойынша өтеу - атаулы күн бойынша жүзеге асырылады.
24. Қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
5. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
25. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
26. Орта мерзімді қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
27. «Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» (МЕОКАМ) деп аталады.
28. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бір жылдан жоғары бес жылға дейін қоса алғанда айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
29. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы күн бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімінің ішінде орналастырған кезде белгіленген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
30. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
31. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купонды төлеу орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті айналысқа қосу жылы жылына екі рет эмитент белгілеген күндері жүзеге асырылады.
32. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*С* 180/360
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
С, % - купон ставкасы.
33. Орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор орта мерзімді қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
6. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер
34. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
35. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
36. «Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттеме» (МЕУКАМ) деп аталады.
37. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімімен шығарылады.
38. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзімі ішінде орналастыру кезінде анықталған купон деп аталатын сыйақы төленеді.
39. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеуге арналған есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
40. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер бойынша купон төлемі ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерді тиісті айналысқа қосу жылы жылына бір рет эмитент белгіленген күндерде жүзеге асырылады.
41. Купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*С
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
С, % - купон ставкасы.
42. Ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
7. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
43. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
44. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
45. «Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме» (МОИКАМ) деп аталады.
46. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан жоғары бес жылға дейін қоса алғанда айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады және алты ай еселігі болуы тиіс.
47. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
48. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
49. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон сомасын есептеуге арналған есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
50. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына екі рет эмитент белгілеген күндерде орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір алты толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
51. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
52. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*І/100+С
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
І, % - төлемге жататын өткен купон кезеңі үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100,
мұнда,
І1, I2, І3,...,Іn - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағасының индекстері, І мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте,
С=N*К* 180/360,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
53. Тұтыну бағасының индексін Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі ай сайын жариялайды.
54. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
55. Орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық кесімдерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте, инвестор орта мерзімді индекстелген міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
8. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер
56. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
57. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
58. «Мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттеме» (МУИКАМ) деп аталады.
59. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бес жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады және он екі ай еселігі болуы тиіс.
60. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте, айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
61. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
62. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
63. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына бір рет эмитент белгілеген күндерде ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір алты толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
64. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
65. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*I/100+С,
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді индекстелген
қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
І, % - төлемге жататын өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100;
мұнда,
I1, І2, І3,..., Іn- купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, І мәні үтірден кейін үш (қоса алғанда) санға дейін дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте, С=N*К,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
66. Тұтыну бағасының индексін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі ай сайын жариялайды.
67. Егер еткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда, онда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
68. Ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық кесімдерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.
9. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер
69. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер купонды эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
70. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеменің атаулы құны - 1000 теңге.
71. «Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеме» атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттеме» (МЕУЖКАМ) деп аталады.
72. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер жинақтаушы зейнетақы қорлары, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арасында орналастырылады, қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу мерзімінің екінші бірі жинақтаушы зейнетақы қорлары, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арасында жүзеге асырылады, көрсетілген мерзім өткеннен кейін қазынашылық міндеттемелерді айналысқа қосу еркін негізде жүзеге асырылады.
73. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бес-жылдан жоғары айналысқа қосу мерзімімен шығарылады және он екі ай еселігі болуы тиіс.
74. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналысқа қосу мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.
75. Егер эмитент қазынашылық міндеттемелерді шығарудың өзгеше күнін көздемесе, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді орналастыру айдың соңғы күнінің алдындағы жұмыс күні жүргізіледі.
76. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы - есеп айырысу айында 30 күн/есеп айырысу жылында 360 күн.
77. Индекстелген купон төлемі тиісті кезеңділікпен жылына бір рет эмитент белгілеген күндерде ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелер бойынша индекстелген купон төлемі айналысқа қосатын әрбір он екі толық күнтізбелік ай сайын айдың бесінші жұмыс күнінде жүргізіледі.
78. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерге салынған ақшаны индекстеу тіркелген купонды қосудан алынған, орналастыру кезінде анықталған индекстелген купонды және өткен купондық кезең үшін инфляция индексін есептеу арқылы жүргізіледі.
79. Индекстелген купон сомасы мынадай формуламен анықталады:
S=N*І/100+С,
мұнда,
S, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;
N, теңге - кезекті төлемге жататын ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің тиісті саны атаулы құнының сомасы;
І, % - төлемге жататын өткен купондық кезең үшін инфляция индексі,
бұл ретте,
І-(((І1/100)*(І2/100)*(І3/100)*...*(Іn/100))-1)*100,
мұнда,
І1 І2, І3,...,Іn - купондық кезеңнің тиісті айлары үшін тұтыну бағаларының индекстері, І мәні үтірден кейін үш санға дейін (қоса алғанда) дөңгелектенеді;
С, - тіркелген купон сомасы;
бұл ретте, С=N*К,
мұнда,
К, % - орналастыру кезінде анықталған тіркелген жылдық купонның мәні.
80. Тұтыну бағасының индексін Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі ай сайын жариялайды.
81. Егер өткен купондық кезең үшін инфляция индексі теріс мәнге тең болған жағдайда инфляция индексінің мәнін нөлге тең деп қабылдау қажет.
82. Ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, ұзақ мерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады.
ҚР Үкіметінің 2009.01.09. № 1295 Қаулысымен 10-бөліммен толықтырылды
10. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер
83. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.
84. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелердің атаулы құны - 10 АҚШ долларына баламалы теңгедегі сома.
85. «Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» деген атауы мемлекеттік тілде «Мемлекеттік арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттеме» (МАОКАМ) деп аталады.
86. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер екі және үш жыл айналысқа қосу мерзімдерімен шығарылады.
87. Арнайы орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді орналастыру агент арқылы жазылуды жүргізу жолымен Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары арасында ғана жүзеге асырылады.