10) 630-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «, 524 (461 - 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде)» деген сөздер алып тасталсын;»;
11) 636-баптың бірінші бөлігінде:
1) тармақшаның екінші абзацындағы «524 (461 - 471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде),» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «(513 - 531-баптар)» деген сөздер «(513 - 524, 528 - 531-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 708-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Егер айыппұл салынған жеке тұлға жұмыс істемесе немесе айыппұлды жалақысынан немесе басқа да себептер бойынша өзге де табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы сот, қаулы шығарған уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушысына жібереді.»;
13) 709-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемі және аударымы және атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаның банктік шотынан оның келісімінсіз ақша алу үшін сот орындаушысына жібереді.»;
14) 709-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Айыппұл салу туралы қаулы сот орындаушыларына айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындау мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жіберіледі.
Айыппұл салу туралы қаулы немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама сот орындаушысына жіберілген кезде оған айыппұл сомасының мемлекет кірісіне түспегені туралы мәліметтер қоса беріледі.».
7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-1, № 22-ІІ, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2013 жылғы 7 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 11 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 465-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «соттардың атқарушы құжаттарын мемлекет пайдасына мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы» деген сөздер «атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушылық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 467-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
3) 615-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 622-баптың үшінші бөлігі «туралы заңнамасында» деген сөздердің алдынан «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
8. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат):
169-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «айлық жалақының ең төменгі» деген сөздер «орташа айлық жалақының» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21 - 22,124-құжат; 2013 ж., № 10 -11, 56-құжат):
11-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «бар болса» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып табылатын және мерзімдік өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша үш айдан асатын берешегі жоқ адамды қоспағанда, егер құрылтайшы (жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға), заңды тұлғаның басшысы, заңды тұлғаның заңды тұлғаны құрған құрылтайшысы және (немесе) басшысы атқарушылық құжат бойынша борышкерлер болып табылған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын.
10. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24,125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат):
51-баптың тақырыбындағы «арест» деген сөз «тыйым» деген сөзбен ауыстырылсын және 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «атқарушылық іс жүргізу органдары мен жеке» деген сөздер алып тасталып, «Атқарушылық іс жүргізу органдары, жеке сот» деген сөздер «Сот» деген сөзбен ауыстырылсын.
11. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 201-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 144-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат):
7-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Ақша төлемі және аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., №11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат, 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат):
15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Инкассолық өкім берілген кезде пайдаланылатын құжаттар
Ақша жөнелтушінің келісімінсіз ақшаны алып қоюға инкассолық өкім атқарушылық құжаттардың негізінде беріледі.».
13. «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 176-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 23, 178-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат):
1) 1-баптың 13) тармақшасындағы «заңдарына», «органдар» деген сөздер тиісінше «заңнамасына», «органдар мен ұйымдар, сондай-ақ адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 3-тармағының 13) тармақшасындағы «оқиғаларын арнайы есепке алуды жүзеге асырады.» деген сөздер «оқиғаларын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын;
«14) атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындамаған адамдарды;
15) атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекеттің мүддесі үшін ұсынылған, сондай-ақ алименттер өндіріп алу туралы, асыраушының мертігуінен немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, қайтыс болуынан келген залалды өтеу туралы қуынымдар бойынша жауапкер болып табылатын іздеудегі адамдарды арнайы есепке алуды жүзеге асырады.».
14. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 15-құжат; 2009 ж., № 9-10, 48-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат):
14-баптың 4-тармағы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-қү-жат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; №11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 76-құжат):
4-баптың 1-тармағы 40) тармақшасының екінші абзацы «жүргізу» деген сөзден кейін «және сот орындаушыларының мәртебесі» деген сөздермен толықтырылсын.
16. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 9-10, 46-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., №10, 77-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №14, 75-құжат):
24-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) атқарушылық іс жүргізу органдары мен жеке сот орындаушыларына: сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және сот санкция берген қаулысы негізінде өздерінің іс жүргізуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;».
17. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атқарушылық іс жүргізу - борышкерден атқарушылық санкциясын, атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлды және шығыстарды өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату;
2) Борышкерлердің бірыңғай тізілімі - атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер туралы мәліметтерді қамтитын деректердің біріздендірілген электрондык банкі;
3) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы - ақпараттык жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да кұралдардың жиынтығы;
4) жеке сот орындаушысы - атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі - жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
5) мемлекеттік сот орындаушысы - мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам;
6) сот орындаушысы - атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өздеріне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын және осы Заңда көзделген алып қоюлар үшін тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы;
7) сот орындаушысының қаулысы - атқарушылық іс жүргізу процесінде сот орындаушысы қабылдайтын іс жүргізу шешімі тіркелетін іс жүргізу құжаты;
8) толық мәжбүрлеп орындату - атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындау;
9) уәкілетті орган - атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) электрондық аукцион - аукцион нысанындағы электрондық сауда- саттыктың тәсілі, онда тыйым салынған және мемлекет кірісіне айналдырылған мүлік бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы пайдаланыла отырып, оларға барлық элеуетті сатып алушылардың тең қол жеткізуі негізінде өткізіледі.»;
2) 4-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заннамасы
1. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.»;
3) 6-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының колданылу тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде камауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық немесе басқа да емдеу мекемесіне заңсыз орналастыру салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
4) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау ішкі істер органдары және өзге де мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.»;
5) 9-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы «қаулылары.» деген сөз «қаулылары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде келтірілген шығыстарды өтеу туралы қаулысы;
10) жеке сот орындаушысының өзінің қызмет ақысының сомасын бекіту туралы қаулысы.»;
6) 10-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аумақтық бөлімнің атауы және мекенжайы немесе жеке сот орындаушысы кеңсесінің мекенжайы;»
4-тармақтың бірінші бөлігі «басшысының» деген сөзден кейін «- аға сот орындаушысының» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 11-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген құжаттарды қоспағанда, атқарушылық құжаттар заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күнінен соң мәжбүрлеп орындатуға ұсынылуы мүмкін.»;
8) 14-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) атқарушылық құжатта қамтылған талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.»;
9) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Атқарушылық іс жүргізу тараптары өздеріне берілген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға міндетті.
Борышкер жұмыс орнының, тұрғылықты және орналасқан жерінің өзгергені, сондай-ақ жаңа табыс көздерінің және мүлкінің пайда болғаны туралы көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жазбаша хабарлауға міндетті.
Борышкер атқарушылық іс жүргізу аяқталғанға дейін айына бір рет, сондай-ақ шақырған жағдайларда сот орындаушысына келуге міндетті. Келмеуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.»;
10) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Атқарушылық іс жүргізудегі құқықтық мирасқорлық
1. Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша мемлекеттік сот орындаушысы, жеке сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мирасқорына ауыстыру жөнінде ұйғарым шығару туралы ұсыныспен ұсыну жібереді. Ұсыну сот орындаушысына борышкердің құқықтық мирасқорлығы туралы белгілі болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқықтық мирасқордың атқарушылық іс жүргізуге кіріскеніне дейін жасалған барлық іс-әрекет борышкер үшін қалай міндетті болса, ол үшін де сондай дәрежеде міндетті болады.
2. Өзге жағдайлардың бәрінде құқықтық мирасқорлық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өндіріп алушының өтініші бойынша белгіленеді.»;
11) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өкілді органдардың депутаттары, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), олардың тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдері ретінде атқарушылық іс жүргізуге қатысу жағдайларынан басқа, атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды. Егер мүдделері өкілдік берушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол сот орындаушысының жұбайы (зайыбы) немесе жақын туысы болып табылса, ол адам өкіл бола алмайды.»;
12) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Сот орындаушыларының ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы
Ішкі істер органдары өздеріне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушысының өміріне немесе денсаулығына қатер төнген жағдайда сот орындаушыларына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ атқарушылық іс-әрекеттер жасалатын орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылады.»;
13) 28-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер ұйым (заңды тұлға) әрекет етпеген және (немесе) басқару органы аппаратының қызметкерлері орнында болмаған жағдайда, ұйымның (заңды тұлғаның) шақыру қағазы немесе хабарламасы тікелей бірінші басшыға немесе бірінші басшының міндетін уақытша атқарушы адамға тапсырылады. Олар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама бас бухгалтерге (бухгалтерге) тапсырылады. Заңды тұлғаның басқару органы болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама заңды тұлға құрылтайшыларының біріне тапсырылады.»;
2-тармақ «әкесінің атын» деген сөздерден кейін «(ол болған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Атқарушылық іс жүргізу кезінде мекенжайдың ауысуы
Атқарушылық іс жүргізу тараптары атқарушылық іс жүргізу кезінде өз мекенжайының ауысқаны туралы сот орындаушысына үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлауға міндетті. Мұндай хабар болмаған кезде шақыру қағазы немесе хабарлама сот орындаушысына белгілі соңғы мекенжайға жіберіледі және егер адресат бұл мекенжай бойынша енді тұрмайтын немесе болмайтын жағдайда да жеткізілді деп есептеледі.»;
15) 30-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адресат, сондай-ақ осы Заңның 28-бабында көрсетілген адамдар шақыру қағазын немесе хабарламаны қабылдаудан бас тартқан кезде оларды жеткізуші адам оларға тиісті белгі қояды, одан кейін шақыру қағазы немесе хабарлама аумақтық органға (аумақтық органның бөліміне) немесе жеке сот орындаушысының кеңсесіне қайтарылады.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) шақыру қағазы немесе хабарлама онымен бірге тұратын кәмелетке толған жақын туыстарының біріне тапсырылса не соңғылары оларды алудан бас тартса, хабарланды деп есептеледі.»;
16) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану негіздері
Сот орындаушысы өзінің іс жүргізуіне қабылдаған атқарушылық құжат мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін негіз болып табылады.»;
17) 32-бапта:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, оның ішінде заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салу, сол сияқты заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру;»;