09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Өлшем құралдарының түрiн бекіту және оларды метрологиялық аттестаттау
1. Көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелуге арналған және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының түрi кейiннен бекітілуге тиiс.
Өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.
2. Бiрен-саран данада жасалынған немесе әкелiнген және мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаудан өткiзiледi.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешiм белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.
3. Өлшем құралдарының түрiн бекіту мақсаты үшiн және бекітілген түрге сәйкестiгiн сынауды, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік метрологиялық қызмет жүргiзедi.
Өлшем құралдарының бекітілген түрi және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiледi.
4. Бекiтiлген түрдегi өлшем құралына және (немесе) әрбiр данаға iлестiрiп жiберiлетiн пайдалану құжаттарына өлшем құралдарының уәкiлеттi орган белгiлеген түрiн бекіту белгiсi қойылады.
5. Өлшем құралдарының түрiн бекіту туралы ақпарат және бекітілген түрдiң күшiн жою туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Түрiн бекіту мақсаты үшiн сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдарын айналымға шығаруға, қолдануға, өткiзуге және жарнамалауға тыйым салынады.
Түрiн бекіту туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн пайдалануда және сақтауда болатын өлшем құралдары толық табиғи тозғанға дейiн қолданылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара); 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-бап жаңа редакцияда
18-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы аккредиттеу
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу саласындағы және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
Өлшем құралдарын калибрлеу құқығына аккредиттеу кезінде аккредиттеу Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу саласындағы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру
1. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекітілгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.
Салыстырып тексерудi мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
2. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң тiзбесi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ оны жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
3. Аккредиттелген заңды тұлғалардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердi электрондық есепке алуды және уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа берудi жүзеге асыруға тиiс.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
7. Физикалық шамалардың өзгерiсiн олардың мәндерiн нормаланған дәлдiкпен шамалар бiрлiктерiнде бағалаусыз байқау үшiн қолданылатын техникалық құралдар салыстырып тексеруге жатпайды.
Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 20-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
20-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында өлшеу кезінде қолдануға арналмаған өлшем құралдарына осы Заңның 19-бабына сәйкес калибрлеу немесе салыстырып тексеру ерікті түрде жүргізілуі мүмкін.
Өлшем құралдарын калибрлеу осы өлшем құралдарының дайындаушысы, иесі немесе пайдаланушысы айқындайтын тәртіппен шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарына да бағындырылған эталондар пайдаланыла отырып орындалады.
Өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар сәйкестікті бағалау саласында ерікті түрде аккредиттеледі.
Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем құралдарына басылатын калибрлiк белгімен немесе метрологиялық сипаттамалардың шын мәндерi мiндеттi түрде көрсетiлетiн калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазбамен куәландырылады.
2. 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды
3. 09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен алынып тасталды
5-тарау. Мемлекеттік метрологиялық бақылау
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 21-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылаудың мақсаты
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды осы Заңның, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 22-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
22-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектiлерi
Мемлекеттік метрологиялық бақылау объектiлерi мыналар болып табылады:
1) шама бiрлiктерiнiң эталондары;
2) өлшем құралдары;
3) өлшемдердi орындау әдiстемелерi;
4) жеке және заңды тұлғалардың өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметi;
5) өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі оралған тауарлардың саны.
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 6 тармақшамен толықтырылды
6) сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлар саны.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 23-бап өгертілді (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 62-IV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылау аясы
Осы Заңның 22-бабында аталған объектілерге қатысты мемлекеттік метрологиялық бақылау олардың нәтижелері:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) қоршаған ортаны қорғау, геология және гидрометеорология саласындағы қызметті жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес сәйкестікті бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
4) мемлекеттік есеп операциялары, сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнім беруші, өндіруші, орындаушы) арасындағы, соның ішінде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерін көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар;
5) еңбек және көлік жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) қару-жарақ, әскери техника өндіру;
7) ғылыми зерттеулер жүргізу;
8) 2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу;
10) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеу;
11) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерін шығару, өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну;
12) мемлекеттік органдардың, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар кезінде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен тақырып жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік метрологиялық бақылау:
1) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды;
2) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын бақылауды;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өлшеп орау, сату және импорттау кезіндегі кез келген орам түріндегі өлшеп оралған тауарлардың санын бақылауды қамтиды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
25-бап. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық бақылау
Өлшем құралдарының (соның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттік метрологиялық бақылау белгiленген метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
26-бап. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылау
Сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар санын мемлекеттік метрологиялық қағидалау осы тауарлардың санын сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
27-бап. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылау
Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылау бума iшіндегі тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 28-бап өгертілді (бұр. ред. қара)
28-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің басшылары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және қалалардың мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары жатады.
2. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар атқарып жүрген қызметтерiне сәйкестiгiн анықтау және кәсiби даярлығын бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мiндеттi аттестаттаудан өтуге тиiс.
3. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 1) тармақша өгертілді (бұр.ред.қара)
1) тексеруге тапсырмасын (жолдамасын) және қызметтiк куәлiгiн көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;
3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;
4) сынаудан және түрiн бекітуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекітілген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 5) тармақша өгертілді (бұр.ред.қара)
5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, өлшем құралдарын салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;
5-1) өлшем құралдарының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн белгiлеу үшiн оған инспекциялық салыстырып тексеру жүргiзуге;
6) метрологиялық нормалар мен ережелердiң бұзылуын жою, қолдануға жарамсыз өлшем құралдарын және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін пайдаланудан алып тастау туралы орындау үшiн мiндеттi нұсқамалар беруге;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 7) тармақша өгертілді (бұр.ред.қара)
7) буманың iшіндегі тауардың санын көрсететiн шаманың буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкессiздiгi анықталған жағдайда бума тауарлар партияларын өткiзуге тыйым салуға;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Нұсқамаларға қол қоюға бас мемлекеттік инспекторлар мен олардың орынбасарларының құқығы бар.
Нұсқамалардың нысандарын және оларды беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды
28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) жүргізілген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу
09.06.04 ж. № 558-II ҚР Заңымен 29-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу
Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
09.06.04 ж. № 558-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертілді
31-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
1. Бюджет қаражаты есебiнен:
1) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында өз қызметiн жүзеге асыратын халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуы және мүшелiк жарналар төлеуі;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарын, мемлекеттік метрологиялық қызметке тиесілі шама бірліктерінің эталондарын жасауға және ұстауға арналған шығыстар қаржыландырылады.
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы Заңда көзделген және осы баптың 1-тармағында аталмаған метрологиялық жұмыстар мен қызмет көрсетулер шарттық негiзде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының