30) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
31) карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оны алып тастау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға енгізеді, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және олардың өткізілуін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
32) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
33) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін карантинге жататын өнімді, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын, көлік құралдарын, қол жүгін және багажды тұрақты бастапқы карантиндік тексеріп қарауды жүргізеді және әкелінетін және транзиттік карантинге жататын өнімге карантиндік құжаттарды қарайды;
34) әкелінетін карантинге жататын өнімнің түпкілікті қабылданатын пункттерінде аумақтың және оның шыққан жерінің, межелі пунктінің, сондай-ақ карантиндік объектілерден бос немесе олар мәнсіз аз таралған аймақтардың фитосанитариялық сипаттамасын ескере отырып, осы өнімді тұрақты екінші карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарын қарайды;
35) әкетілетін карантинге жататын өнімді тиеп жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;
36) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкетілетін және транзиттік карантинге жататын өнімдердің карантиндік құжаттарының болуын және дұрыс ресімделуін тұрақты негізде қарайды;
37) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жататын өнімді тұрақты тексеріп қарауды, қажет болған кезде үлгілерін іріктей отырып, оның зертханалық сараптамасын жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;
38) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар береді және олардың орындалуын бақылайды;
39) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы сотқа талап арыз жібереді;
40) жерсіндіру-карантиндік көшеттіктердегі импорттық егу және отырғызу материалының карантиндік объектілермен және бөтен текті түрлермен көмескі залалдануының болуын тексеру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;
41) жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды орындауын тұрақты бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
42) астықтың сатып алынатын бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
43) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;
44) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, оны қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану қағидалары бойынша ұсыныстар енгізеді;
45) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
46) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, оған қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді;
47) мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарына және көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарына астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуді келіседі;
48) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;
49) астық нарығына қатысушыларында астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексереді;
50) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу, сондай-ақ «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзіміне бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;
51) астық қабылдау кәсіпорындарының: астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астық сақтау; астық қолхаттарын беру, айналымы және өтеу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелердің негізіндегі тоқсан сайынғы жоспарлы тексеріс, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініші негізіндегі жоспардан тыс тексеріс түрінде жүзеге асырады;
52) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар береді;
53) астықтың қауіпсіздігін және сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
54) астық сапасын сараптау және астық сапасы паспортын беру тәртібін сақтау мәніне астық сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертханалардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
55) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталуы мәніне астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялайды (тексереді);
56) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салады;
57) мемлекеттік астық ресурстарын тиеп жөнелтілуін және тасымалдануын (орын ауыстырылуын) бақылауды жүзеге асырады;
58) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өкілеттіктер шегінде мемлекеттік астық ресурстарының басқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
59) астықты экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына астықты жеткізу жөніндегі міндетті сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
60) астықтың сандық-сапалық, оның ішінде мемлекеттік ресурстар астығының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
61) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын сақтауы мәніне астықты экспорттаушылардың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
62) астық қабылдау кәсіпорындарын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін жыл сайынғы тексеруді өткізуге қатысады;
63) астық қолхаттарын бере отырып қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) лицензиядан айыру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;
64) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
65) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарламалар жібереді;
66) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астықты экспорттаушылар мен астық қабылдау кәсіпорындарына нұсқамалар береді;
67) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
68) астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады;
69) өңірлерде арнайы сақтауыштарды (көмбелерді) орналастыру орындылығын және олардың санын келіседі;
70) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуде мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
71) тіркеу, өндірістік сынақтар және ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің (улы химикаттардың) санын айқындайды;
72) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
73) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуді және пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына тіркеу куәліктерін беруді жүзеге асырады;
74) фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастырады;
75) пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын құрайды;
76) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторингті ұйымдастырады;
77) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
78) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;
79) фитосанитариялық есептілік түрлерін, оларды ұсыну нысандары мен мерзімдерін айқындайды;
80) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
81) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқамалар шығарады және олардың орындалуын бақылайды;
82) фитосанитариялық есепке алу мен есептілік жүргізуді ұйымдастырады;
83) Қазақстан Республикасының аумағында фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық іс-шаралардың жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
84) мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне барады;
85) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар шығарады;
86) айрықша жағдайларда үш күннен аспайтын мерзімде сотқа міндетті түрде талап арыз бере отырып, аталған мерзімге дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қызметін сот шешімінсіз тоқтата тұрады немесе оған тыйым салады;
87) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапқа тартады;
88) селекция, сорттық сынау және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырады;
89) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
90) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
91) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
92) республиканың тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады;
93) республика бойынша тұқым теңгерімін жасайды;
94) гендік инженерия негізінде алынған сорттар (гендік түрлендірілген) тұқымының партияларын Қазақстан Республикасына әкелуді келіседі;
95) уәкілетті орган бекіткен сорттарды тіркеу қағидаларына сәйкес сорттардың оригинаторларын тіркейді;
96) тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын іске асырады, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
97) отандық және шетелдік селекция сорттарын мемлекеттік сынауды ұйымдастырады;
98) тиісті куәлікті бере отырып тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттауды өткізеді;
99) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқым партияларын, республиканың осы тұқымдарға деген қажеттілігі толық қамтамасыз етілген жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге, патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынауға, элиталық тұқым өндіруге арналған тұқым партияларын әкетуді келіседі;
100) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егіс сапаларының сараптамасын жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
101) субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
102) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егістерді байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау, зертханалық сорттық сынау, тұқым сапасын сараптау тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
103) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
104) тұқым шаруашылығы субъектілерінің бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асырады;
105) тұқым шаруашылығы саласында қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының бұзылғаны туралы нұсқамалар береді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;
106) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына:
субъектінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің әрекет етуін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістерін байқауды жүргізу жөніндегі қызметті;
тұқымның сорттық және егістік сапасының сараптамасын жүргізу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізеді;
107) тұқым сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін тұқым партияларынан сынамалар іріктеп алуды жүргізеді;
108) субсидияланған тұқымның мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
109) аттестатталған тұқым өндірушілердің қызметін олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі мәніне инспекциялауды жүзеге асырады;
110) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері көрсететін қызметтердің сапасын тексереді;
111) тұқым шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының сақталу мәніне мемлекеттік бақылау және олардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша ақпарат алу мақсатында тұқым шаруашылығының субъектілеріне барады;
112) сатылуға тиісті тұқым партиясының сынамаларын іріктеп алуды тұқым өндіруші өкілінің қатысуымен жүргізеді;
113) өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
114) сақтандырушыдан, сақтанушыдан, агенттен және қоғамнан олар өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратады және алады;
115) сақтанушылардың міндетті сақтандыру туралы шартты жасасудан жалтаруы туралы және Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қоғамның сақтамауы туралы істерді қарайды;
116) өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерінің орындалуына мемлекетті бақылауды жүзеге асырады;
117) агенттің, қоғамның қызметіне, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
118) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сарапшылық кеңестер құрады;
119) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлесімдеу жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды дайындауды және іске асыруды жүзеге асырады;
120) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды жүзеге асырады;
121) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзекті ету және оларды біріздендіру туралы ұсыныстар дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
122) техникалық регламенттерді және ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
123) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізуді жүзеге асырады;
124) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады;
125) үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастамашылық етуді жүзеге асырады;
126) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
127) стандарттарды, нормативтерді, нұсқаулықтары, әдістемелер мен ұсынымдары әзірлеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
128) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
129) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде ұсынуға жататын ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді;
130) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады;
131) агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламаларын іске асырады;
132) егістік жұмыстарын жүргізу мониторингін жүргізеді;
133) орталық атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп айқындайды;
134) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға және мемлекеттік ақпараттық жүйелерге жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастырады;
135) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды қамтамасыз етеді;
136) мақта нарығының мониторингін жүргізеді;
137) мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдайды;
138) мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарының сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
139) мақта өңдеу ұйымдарының қызметтерін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асырады;
140) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар береді;
141) мақта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап арыз қояды;
142) «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде мақтаны босатуға уақытша тыйым салады;
143) мақта қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды жүзеге асырады;
144) аккредиттелген сынақ зертханаларының (орталықтардың) және сарапшылық ұйымының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
145) мақта өңдеу ұйымдарының:
мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;
мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, жою және өтеу;
мақта тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
146) сарапшылық ұйымның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын жыл сайынғы бақылауды жүзеге асырады;
147) өндіріс, шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу, шитті мақтаны сақтау объектілеріне (қызметтік куәлігін және құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеу туралы белгісі бар тексеріс тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде) барады, сондай-ақ мақта нарығын мемлекеттік бақылауды және мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алады;
148) мақта қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстар енгізеді;
149) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
150) осы Заңда және техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін машиналар мен жабдықтарды жасауды, өткізуді және олардың нарықтағы айналысын тоқтата тұру туралы нұсқамалар береді;
151) биоотын өндірісі мониторингін жүргізеді;
152) биоотын өндіретін зауыт салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемеге салалық сараптама жүргізеді;
153) биоотын өндірісі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
154) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің немесе мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
155) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
156) республикалық заңды тұлғалардың мүлікті сақтауын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының дамыту жоспарларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
157) тиісті салада акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың дамыту стратегияларын және дамыту жоспарларын орындауларын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
158) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дамыту жоспарларын орындауларын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
159) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
160) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге мұнай өнімдерін жеткізу көлемдері туралы ұсыныстарды мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға енгізеді;
161) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды келіседі;
162) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды бекітеді, ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
163) ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптік қоспалардың ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында олардың қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асырады;
164) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша бағдарламаларды іске асырады;
165) ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды, аспаптарды, құрал-саймандарды байқаудан өткізуді, бақылауды, оларды тіркеу сынақтарын жүзеге асырады, ветеринариялық препараттардың, жемшөп және жемшөптік қоспалардың Мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
166) эпизоотологиялық тексеру актісін береді;
167) жеке және заңды тұлғаларға экспорттау, импорттау және транзиттеу еліндегі эпизоотиялық ахуал туралы ақпарат ұсынады;
168) жаңа ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен жемшөптік қоспаларға қорытындылар береді;
169) тиісті аумақтағы эпизоотиялық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар береді;
170) жеке және заңды тұлғаларға жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы келіседі;
171) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
172) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, пайдалануды және есептен шығаруды ұйымдастырады;
173) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөптік қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
174) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын келіседі;
175) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін лицензиялауды жүзеге асырады;
176) жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуын және олардың улануының себептері мен шарттарын анықтайды және белгілейді;
177) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
178) шекаралық және кедендік пункттерде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалданатын (орны ауыстырылатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;