Мемлекеттік мекеме шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімінің бұзылу жағдайларын қоса алғанда, ақша алушы тарапынан шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда толық көлемде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 161-2-тармақпен толықтырылды
161-2. Халықаралық ұйымдармен және донор-елдермен өзара іс-қимыл бойынша қызметтерді төлеу байланыс гранттар шеңберінде олармен жасалған халықаралық шарттарда белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 162-тармақ өзгертілді
162. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:
бюджеттi нақтылаған, түзеткен;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, осы шарт бойынша бірінші тоқсанда осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартқан жағдайда тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз еткен;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларына сәйкес әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартқа өзгеріс енгізу;
тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үлестері жүз пайызға тең басым (монополия) жағдайға ие субъектiлермен не оның қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектісімен шарттың сомасы өзгерген;
шарттың жалпы сомасын өзгертпей, қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарттың жоспарлы кезеңінің екінші және үшінші жылдарға базалық шығыстары өзгерген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгерген;
ББС-ке өзгерістер енгiзген;
тараптардың деректемелері өзгерген;
жасасқан шарттың талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiпте шартты бұзған;
Өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Ереженің 57 және 526-тармақтарында көрсетілген шығыстар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің аударылмаған сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайларда жасалады. Көрсетілген шарттардың қолданылу мерзімін ұзарту тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргізіледі, ол оң қорытынды берген кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне тиісті қаулылардың жобаларын енгізеді;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) қолдану, егер шартта осы талап көзделген болса, бұл ретте тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу, мемлекеттік мекеме ақша алушымен мемлекеттік мекеменің тиісті бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы немесе мемлекеттік мекеменің ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу сол шарт жасалған ерекшелік бойынша толық сомадан жүргізіледі.
163. Мемлекеттік мекеменiң екiншi деңгейдегi банктермен және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрi - банк) құқықтық қатынастары осы Ережеде белгiленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделедi.
19-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 164-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 164-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
164. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалатын және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын («Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша электрондық үлгісі қалыптастырылады және жіберіледі) азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.
Кейінге қалдыру шарты бар жобалар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне олар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге рұқсат беретін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі бар хабарлама-хаттың көшірмесін бергеннен кейін жүзеге асырылады.
Егер кейінге қалдыру шарты бар жобалардың жалпы сомасы тиісті сараптамалардан кейін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сомадан асып кеткен жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.
Шартты сот шешімі бойынша бұзған жағдайда, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне заңды күшіне енген, соттың мөр бедерімен куәландырылған сот шешімінің көшірмесін қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тиісті хатты қағаз тасығышта ұсынады.
Шартты басқа негіздер бойынша бұзған не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе жасалған шарттарда көзделген жағдайларда шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеме хатпен бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, қағаз тасығышта (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы, немесе егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, бір айдан кеш емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы хабарлама-хаттың көшірмесін ұсынады. Бұл ретте хабарлама-хатта шарт бойынша екінші тараптың хабарламаны алғаны туралы белгі (мөртабан не тиісті қол) не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растаманы қамтуы тиіс.
Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін қағаз тасығышта екі өтінім (бір өтінімді тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісін - ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына) ұсынады. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің өтінімдерді беруі негізгі шарт бойынша «түпкілікті» мәртебесі бар төлемді жүргізгенге дейін жүзеге асырылады.
Ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы) ұсталған жағдайда, мемлекеттік мекеме тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасына қосымша өтінімді қағаз тасығышта ұсынады.
Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығы үшін жауапкершілік мемлекеттік мекемеге жүктеледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 165-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 165-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 165-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
165. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасын және көшірмесін қоса бере отырып қағаз тасығышта екі данада ұсынылады, бұл ретте тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз тасығыштағы көшірмесі аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.
Қарыз (грант) туралы шарт шеңберінде шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт шеңберіндегі немесе байланысты гранттар бойынша осы шартты қоса бере отырып, қағаз тасығышта ұсынады.
Науқастарды шетелде емдеуді көздейтін шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуге өтінімді қағаз тасығышта аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөрі бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне міндеттеме бойынша түпкілікті төлемді берген кезде бір мезгілде шарттың түпнұсқасын ұсынады.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып қағаз тасығышта ұсынады.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған, осы тармақта санамаланған құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың сканерленген түрлерін тіркей отырып, өтінімнің электрондық түрі қалыптастырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 166-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 166-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 166-тармақ өзгертілді
166. ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге осы Ереженің 165-тармағында көзделген құжаттардан басқа, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркей отырып) мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамалығына енгізуге арналған өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің/анықтаманың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасы;
ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хаты (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда);
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың немесе дара кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмелерін;
нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болуы туралы банктің анықтамасы;
3) ақшаны алушы резидент емес болып табылған жағдайда:
ол болған кезде бенефициардың және бенефициар банктің, делдал банктің деректемелерін ресми растайтын құжат;
ақша алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растау хаты.
ҚБАЖ-да ақша алушының деректемелері өзгерген (болмаған) жағдайда, мемлекеттік мекеме өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тиісті құжаттарды (мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған сканерленген түрлерін тіркей отырып) қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64-қосымшаларына сәйкес ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге арналған өтінімді «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде береді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қағаз тасығышта немесе электрондық түрде берілетін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді жасау кезінде мемлекеттік мекеменің ақша алушысы болмаған жағдайда мемлекеттік мекеме ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында осы ақша алушының бар-жоғын тексеруді жүзеге асырады, ҚБАЖ-да Ақша алушылардың анықтамалығында қажетті ақша алушы болған кезде мемлекеттік мекемемен осы Ереженің 63-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім қалыптастырылады.
Осы Ереженің 60, 62, 63, 64-қосымшаларына сәйкес өтінімді толтырған кезде жеке тұлға үшін «Ақша алушының атауы» ашық жолағында жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және болған кезде фирманың атауы көрсетіледі.
Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуі мен жасалуының шынайылығына, дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 167-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
167. Мемлекеттік мекеме қағаз тасығыштағы өтінімдерді өткізген кезде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 165 және 166-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдердің тізілімін береді. «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімдерді жүргізу кезінде өтінімдер тізілімі ұсынылмайды.
Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) шешімдеріне сәйкес міндеттеме қабылдаған кезде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органдардың) тиісті шешімдерінің көшірмелерін (мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қол қойған сканерленген түрлерін тіркейді) қосымша ұсынады.
168. Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарт ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстарының қаржыландырудың жеке жоспарларында бекітілген сомасына аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеледi.
Келесi жылдары аталған шартты қайта тiркеу азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмнiң негiзiнде жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына базалық шығыстардың нақтыланған өлшемдерінің сомасына жүргiзiледi.
Мемлекеттік мекеме 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған шарттар бойынша азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiммен бірге аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің белгісі соғылған шартты қосымша келісімдермен бірге (олар жасалған жағдайда) ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 168-1-тармақпен толықтырылды
168-1. Егер мемлекеттік мекеме коммуналдық қызметтерді төлеу үшін басқа мемлекеттік мекеменің теңгерімінде жалданатын үй-жайға орналасқан жағдайда, мемлекеттік мекеме (жалға беруші) қызметтерді жеткізуші, үй-жайдың теңгерім ұстаушысы мен үй-жайды жалға алушы (жалға беруші) арасында жасалатын 151 «Коммуналдық қызметтерді төлеу» ерекшелігі бойынша үш жақты шартты тіркеуге береді.
20-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмдi ресiмдеу және ұсыну
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 169-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
169. Ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінім (бұдан әрі - ағымдағы қаржы жылына арналған өтінім) осы Ереженің 66-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 66-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
Міндеттемелер бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған және жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған базалық шығыстардың азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімі (бұдан әрі - жоспарлы кезеңге арналған өтінім) осы Ереженің 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады, «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша осы Ереженің 67-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 170-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 170-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 170-тармақ өзгертілді
170. Өтінім мынадай түрде толтырылады:
1) «Мемлекеттік мекеменің коды» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын коды көрсетіледі, «Бюджет түрі» ашық жолағында қаражаты есебінен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық бюджет (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджеті);
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті;
«Қазынашылық-клиент» АЖ-дағы «Мемлекеттік мекеменің коды», «Мемлекеттік мекеменің атауы», «Бюджеттің түрі» ашық жолақтары «Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім» нысанын ашқан кезде автоматты түрде жасалады;
2) «Қаржыландыру көзі» ашық жолағында қаражаты есебінен шарт жасасқан қаржыландыру көзінің түрін білдіретін нышан көрсетіледі:
1 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен;
2 - үкіметтік сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша ортақ қаржыландыру қаражаты есебінен;
3 - мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен;
3)»№ өтінім» ашық жолағында мемлекеттік мекеменің жеті мәннен тұратын кодынан, бөлшек арқылы тіркеу жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екі санынан, дефис арқылы мемлекеттік мекеменің өтінімдерін тіркеу журналындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес келетін реттік нөмірден тұратын өтінім нөмірі көрсетіледі;
4) «Күні» ашық жолағында өтінім жасалған күн көрсетіледі;
5) «Мемлекеттiк мекеменiң атауы» ашық жолағында мемлекеттік тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлікке/анықтамаға сәйкес келетiн мемлекеттiк мекеменiң толық атауы көрсетiледi. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттiк мекеменiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдық-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттiк мекеменiң атауын қысқартуға жол берiледi;
6) «Шығыстың сипаттамасы» ашық жолағында шығыстардың экономикалық сыныптамасының құрылымына сәйкес жасасқан шарттың мәні көрсетіледі. Осы ашық жолақта «Қазынашылық-клиент» АЖ Қазақстан Республикасының резиденті еместің деректемелері көрсетіледі;
7) «Шығыстардың бюджеттік сыныптама коды» ашық жолағында тоғыз мәннен тұратын ҚР БСК шығыстардың бюджеттік сыныптамасының бірыңғай коды (бюджеттік бағдарлама әкімшісі, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама кодтарының үш мәнін білдіретін) және үш мәннен тұратын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің коды көрсетіледі; мемлекеттік мекеменің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебінен жасалған шартты тіркеу үшін тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің коды қосымша көрсетіледі;
8) «Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК» ашық жолағында заңды тұлға үшін толық атауы және жеке тұлғаның толығымен тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және болған кезде фирманың атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және оның банктік деректемелері (оған қызмет көрсететін банктің ЖСК, атауы және БСК) көрсетіледі; аумақтық қазынашылық бөлімшесінің, мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің жұмысын қиындатпайтын мемлекеттік мекеменің, ақша алушының және қызмет көрсетуші банктің атауын және ұйымдық-құқықтық нысанының атауын қысқартуға жол беріледі; егер ақша алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда, осы жолақта резидент еместің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректемелері көрсетіледі;
«Қазынашылық-клиент» АЖ-да «Ақша алушының атауы, ЖСН (БСН), ЖСК, ақша алушы банктің атауы және БСК» ашық жолағы Ақша алушылардың анықтамалығынан таңдалады;
9) «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамы» ашық жолағында теңгенің шетел валютасына нарықтық бағамы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық мәміленің тіркелген күніне белгіленген бағамына оның сәйкестігі көрсетіледі;
10) ағымдағы қаржы жылына арналған өтінімнің «Сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылы мерзіміне арналған шарттың сомасы санмен көрсетіледі;
11) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің «Жалпы сомасы» ашық жолағында қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттың жалпы сомасы санмен көрсетіледі;
12) «ағымдағы қаржы жылының сомасы» ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының сомасы санмен көрсетіледі;
13) «базалық шығыстар сомасы» ашық жолағында жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарындағы базалық шығыстарының сомасы санмен көрсетіледі;
14) жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің»(Сомасы жазбаша)»ашық жолағында шарттың сомасы жазбаша көрсетіледі (шетел валютасындағы шарт бойынша өтінім сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу күніне белгіленген шетел валютасына теңгенің нарықтық бағамы бойынша есептелген ұлттық валютада келтіріледі);
15) қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын жоспарлы кезеңге арналған өтінімнің»(Сомасы жазбаша)»ашық жолағында ағымдағы қаржы жылының шарт сомасы жазбаша көрсетіледі;
«Басшылардың қолы» бөлімінде құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы; орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндайлар болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес мемлекеттік мекеменің бірінші және екінші қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғаларының жеке қолы және қолының таратылып жазылуы (атының бас әрпі мен тегі) көрсетіледі. Лауазымның атауының алдында «Үшін» деген көмекші сөзді, қолдан жазылған «Орынб.»деген жазу немесе қисық сызық (бөлшек) қоюға жол берілмейді. Қолдар қол мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес қойылады. Қол қойылатын кезде жарыққа төзімді сия пайдаланылады, ұшып кететін сиялар құйылған фломастермен және автоқаламмен қол қоюға және қолды факсимильді көшіру құралдарын пайдалануға жол берілмейді. Елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» ММ қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс. «Қазынашылық-клиент» АЖ-ға ЭЦҚ қойылады;
16) «құжат - негіздеме» ашық жолағында шарттың (қосымша келісімнің) нөмірі мен күні көрсетіледі;
17) «аванстық (алдын ала) төлем мөлшері (%)»ашық жолағында шарттың талаптарында көзделген аванстық (алдын ала) төлем мөлшерінің пайыздық арақатынасы көрсетіледі;
18) «сомасы» ашық жолағында аванстық (алдын ала төлем) сомасы цифрлармен көрсетіледі.
Өтінімнің деректемелерін қолмен қандай да бір түзетуге және дұрыстауға жол берілмейді.
171. Мемлекеттік мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге арналған өтiнiмдерiн тiркеу журналын (бұдан әрi - журнал) мемлекеттік мекеме осы Ереженің 68-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзедi.
Журнал беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiнделген және нықталған болуы тиiс, елтаңбалы мөр бедерімен және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының немесе өзi өкiлеттiк берген тұлғаның қойылған қолымен нықталады.