486. Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі негізінде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
487. Атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелер қабылдауын әрбір жеке концессиялық жоба бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімі негізінде бюджеттi атқару жөніндегі жергілікті уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 488-тармақ жаңа редакцияда
488. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган өтемақы беру көзделетін концессиялық жобалар бойынша экономикалық қорытындыны дайындайды және концессиялық жобаларды тиісті бюджет комиссиясының отырысына енгізеді.
489. Өтемақының және қаралып жатқан концессиялық жобаны мемлекеттік қолдаудың қолданылатын басқа да түрлерінің жиынтық құны концессия шартының шеңберінде концессионер қаражаты есебінен құрылған (құрылып жатқан) объектінің құнынан аспауы тиіс.
490. Өтемақы беру кезінде концессионер концессиялық жобаны іске асыруға ұсынылған құнына қатысты кемінде жиырма пайыз көлемінде инфрақұрылымдық облигациялар шығарады.
491. Инфрақұрылымдық облигацияларды шығару көлемін, орналастыру талаптарын концессия шартында тараптардың келісімімен анықталады.
492. Өтемақыны төлеу концессия объектісі пайдалануға енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
493. Өтемақыны төлеуді Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
494. Өтемақыны төлеу концессия шартында белгіленген мерзімде және олар анықтаған көлемде жүргізіледі.
495. Өтемақыны төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
496. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастырады.
497. Бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін концессионерлер бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер ұсынады.
498. Өтінімдер бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
499. Концессионердің өтемақы төлеуге өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.16.04. № 466 Қаулысымен ереже 52-1-тараумен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді)
52-1 тарау. Тиісті қызмет саласындағы бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтердің ұсынылатын көлемдері шегінде концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының тәртібі
499-1. Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы - бұл концессия объектісін пайдалану кезеңінде концессионердің пайдалану шығындарының белгілі бір көлемін республикалық немесе жергілікті бюджеттен өтеу.
499-2. Концессионердің пайдалану шығындары - бұл концессия шарты шеңберіндегі концессия объектісін пайдалануға және күтіп ұстауға байланысты концессионердің шығыстары.
499-3. Пайдалану шығындарының өтемақысын бюджет қаражаты есебінен ұсыну тиісті саладағы ұсынылатын қызметтер көлемдері шегінде әлеуметтік маңызды концессиялық жобалар бойынша мүмкін болады.
499-4. Концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызды санатқа жатқызу өлшемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
499-5. Концессионердің пайдалану шығындарының мүмкін болатын өтемақысы туралы шешімді орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастыру кезінде белгіленген қаржылық шекараларды және концессиялық міндеттемелерді қабылдау басымдықтарын ескере отырып, тиісті бюджет комиссиясы қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 499-6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
499-6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысы көзделетін концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптама қорытындысын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 499-7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
499-7. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган пайдалану шығындарының өтемақысын беру көзделетін концессиялық жобаларды тиісті бюджет комиссиясының отырысына енгізеді, техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптама қорытындылары бойынша оларды Бюджет кодексінің 41-1-бабында көзделген критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан талдауды жүзеге асырады.
499-8. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу концессия шартында белгіленген тәртіпке және кестеге сәйкес жүргізіледі.
Концессионердің пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің ең жоғары көлемі концессия шартында белгіленеді. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеудің нақты көлемі концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтің (орындалатын жұмыстардың) сапасын бұзған жағдайда концессия шартында белгіленген ең жоғарғы төлеммен салыстырғанда төмендетілуі мүмкін.
Концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтер (орындалатын жұмыстар) сапасы бойынша бұзуы болмаса немесе болса ол тиісті актімен (актілермен) расталуы тиіс.
Кызметтердің көрсетілген (жұмыстардың орындалғанын) және концессионердің концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзуы бар екенін растайтын актілерге концедент пен концессионер арасында қол қойылады.
Концессионер концессия шартының талаптарын, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің (орындалатын жұмыстардың) сапасы бойынша бұзуы болмаған жағдайда концессионерге пайдалану шығындарының өтемақысы төлемдерінің ең жоғары көлемі төленеді.
499-9. Концессионердің пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері бюджеттік инвестициялық объектілерді іске асыру нәтижесінде құрылған ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен бөлінетін жыл сайынғы төлемдерден (оның ішінде субсидиялар) аспауы тиіс.
Пайдалану шығындары өтемақысының жыл сайынғы мөлшері бюджеттік инвестициялық объектілерді іске асырудың нәтижесінде жасалған ұқсас объектілерді пайдалануға арналған мемлекеттік бюджеттен жыл сайын төлемдердің (оның ішінде субсидиялар) өзгерісіне барабар индекстелуі мүмкін.
499-10. Пайдалану шығындары өтемақысының төлемін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қаржы жылдарына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешімдерінде белгіленген сома шегінде жүргізеді.
499-11. Пайдалану шығындарының өтемақысын төлеуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
499-12. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шартының талаптары ескеріле отырып, бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде концедент қалыптастырады.
499-13. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде бюджеттен қаржат алу үшін концедент бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер береді.
499-14. Концедент өтінімдерді концессия шартында белгіленген төлемдер кестесіне сәйкес кезекті пайдалану шығыстары өтемақысын төлеу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді. Өтінімге қол қойылған көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) актісі қоса беріледі.
499-15. Концессионерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған төлемдердің жиынтық сомасы концессия шартында белгіленген пайдалану шығындары өтемақысының жалпы сомасына сай келуі тиіс.
Концессионердің республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен пайдалану шығындарының өтемақысына арналған өтінімдерін қанағаттандыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен төлемдер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарында көзделген сома шегінде жүзеге асырылады.
53-тарау. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру тәртібі
500. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру - бұл концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру үшін шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу.
501. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруды концессия объектісін салу (құрылысы) немесе қайта құру кезеңінде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жүзеге асырады.
502. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жалпы көлемдерін қоса қаржыландыруды талап ететін концессиялық жобалардың тізбесін ескере отырып, тиісті концессия шарттары анықтайды.
503. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландырудың жылдық көлемдерін Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңдарында немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына жергілікті бюджеттерді бекіту туралы шешімдерінде белгіленген сомалары шегінде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүргізеді.
504. Концессиялық жобаларды қоса қаржыландыруға республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу тиісті бюджеттік бағдарламалардың төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
505. Төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын концессия шарттарының талаптарын есепке ала отырып, бюджеттік заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімде тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қалыптастырады.
506. Концессионерлер бюджеттен қаражатты төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларында белгіленген мерзімде алу үшін тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілеріне бюджет қаражатын бөлуге өтінімдер мен бұрын алынған қаражаттардың игерілуі туралы есепті ұсынады.
507. Өтінімдер тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттен қаражат бөлу болжамдалып отырған ай басталғанға дейінгі 15 күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынылады.
508. Концессионердің қоса қаржыландыруға өтінімдерін қанағаттандыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен, тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарында көзделген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
509. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі оның аясында концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру жүзеге асырылып жатқан бюджеттік бағдарламаның тиімді, нәтижелі және мақсатқа сай іске асырылуына жауапты болады.
10-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерi мен есептiлiгi
54-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтердi есептеу тәртібі
510. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Бюджет кодексiнде белгiленген түсiмдердiң есебiнен қалыптастырылады.
511. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшiн теңгелiк шот және шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн теңгемен тиiстi шот ашады.
512. Кезекті қаржы жылына мұнай секторының ұйымдарының тізбесін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган мен мұнай операцияларын жүргізу саласында мемлекеттік реттеуді, келісім-шарттарды жасасуды және орындауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына бекітеді.
513. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айдың басына дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ҚР ҰБ-дағы шоттарына аударылатын түсiмдер сомасының алдағы айға арналған болжамын ұсынады.
514. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер ұлттық валютада Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына енгізіледі. Ұлттық қордың қолма-қол ақша бақылау шотына ағымдағы жұмыс күнінде енгізілген түсімдер сомасын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей ҚР ҰБ-дағы Үкiметтiң теңгелiк шотына аударуы тиiс. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына түсімдер сомасын аудару күн сайын Қазақстан Республикасы ҰБ нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.
515. Түсімдердің бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында артық төленген бюджетке қате немесе жаңылыс түскен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін сомаларды салық қызметі органдары арасында есепке алу, төлеушілерге қайтару ҚР ҰБ ашылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің шоттарынан есептен шығармай осы Ереженің 134-144-тармақтарына сәйкес Ұлттық қордың қолма-қол ақшасын бақылау шотынан жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 516-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
516. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ҚР Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін ай сайынғы кепілдік берілген трансферттің аударымы шеңберінде жүзеге асырылатын ҚР ҰБ-інде Үкіметінің теңгелік шотында алу үшін жеткілікті сома жиналғаннан кейін теңгелік шоттағы қаражат айырбасталады және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін Үкіметтің шотына теңгемен түседі.
517. Шетелдiк валютадағы түсiмдер бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның шетелдiк валютадағы корреспонденттiк шоттарға ҚР ҰБ есептеледi.
Шетел валютасы қайта айырбасталғаннан кейiн осы Ереженің 36-тарауына сәйкес теңгемен алынған сома Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ҚР Ұлттық қорының қолма-қол ақша бақылау шотына есепке алынады және сол жұмыс күнi шетелдiк валютада түсетiн қаражаттың теңгелiк баламасын есепке алу үшiн Үкiметтiң тиiстi шотына теңгемен аударылады.
Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ белгiлеген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына есептелетiн шетелдiк валютаны дәйектi түрде қайта айырбастау және айырбастау операциясы үшiн хабарламалар, өтiнiштер беру және соманы теңгемен есептеу кестесiн сақтайды.
518. ҚР ҰБ кастодиандардан алынған ақпараттың негiзiнде есепке алу әдiсiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан алынған инвестициялық кiрiстердi есепке алуды жүргiзедi. Инвестициялық кiрiстердiң сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кастодианының шоттарында Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерiнiң құрамында көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 519-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
519. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Ережеге 101-қосымшаға сәйкес ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсiмдер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шоттарына аударымдар туралы есептi 2-26 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп» нысаны бойынша ұсынады.
520. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетiн өзге түсiмдер мен кiрiстердi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шоттарына аударады.
55-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 521-тармақ жаңа редакцияда
521. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану Бюджет кодексінде көзделген мақсаттарға ғана жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт түрінде берілетін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға арналған нысаналы трансферттер түрінде берілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын жұмсау қаржы жылы ішінде тиісті кезеңге арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен артық емес көлемде жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің төлемдері бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде айлар бойынша бөлінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттердің бекітілген көлемін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға арналған нысаналы трансферттердің бекітілген көлемін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің назарына жеткізеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі аударуды жүзеге асыратын деректемелер туралы хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 522-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
522. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджеттiң Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансфертте және нысаны трансфертте қажеттiлiк көлемiн ай сайын болжамдайды.
Алдағы айға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттегі республикалық бюджет қажеттiлiгiнiң көлемін болжамдау республикалық бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы бюджет қаражатының қалдығын және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын ұсынатын және республикалық бюджет шығыстарының күтілетін атқарылуы туралы алдағы айда республикалық бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемі болжамының ақпаратын ескере отырып анықт
523. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепiлдiк берiлген трансферттiң ақша қажеттiлiгiнiң қажет көлемiн аудару ай сайын ҚР ҰБ-ға жiберiлетiн өтiнiмнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферт бөлуге арналған өтiнiмдi (бұдан әрi - өтiнiм) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы немесе бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы өкiлеттiк берген тұлға қол қойған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң осы Ереженің 102-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен трансфертті бөлуге өтінім» 2-37 нысаны бойынша әрбiр айдың 25-күнiне бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жасайды. ҚР ҰБ бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның өтiнiмi негiзiнде кепiлдiк берiлген трансферттiң өтiнiм жасалған сомасын оны алған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде республикалық бюджеттiң қолма-қол ақша бақылау шотына аударады.
Өтiнiмдi орындауға қажет Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының теңгедегi қаражатын есепке алу үшiн Үкiмет шотында ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда, ҚР ҰБ Басқармасы белгiлеген тәртiппен ҚР ҰБ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн есепке алу үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шотынан шетел валютасындағы ақшаның немесе активтердiң бөлiгiн қайта айырбастауды жүргiзедi.
524. Республикалық бюджеттiң болжамның негiзiнде анықталған бюджет ақшасы алдағы айға жеткiлiктi болған кезде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган әрбiр айдың 25-i күнiне ҚР ҰБ-ға хат жiбередi, онда алдағы айға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң ақшасын аудару талап етiлмейтiндiгiн хабарлайды.
525. Келесi айларда тиiстi түзетумен белгiлi бiр айда кепiлдiк берiлген трансферттiң көлемiн түзетудi (азайтуды не арттыруды) талап ететiн факторлар туындаған кезде республикалық бюджет түсiмдерiнiң және оны қаржыландырудың жиынтық жоспарына толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлуi мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 526-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 526-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
526. Өткен қаржы жылында аударылмаған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт сомасының есебінен ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған сомадан артық емес көлемде өткен жылдың республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша орындалмаған шарттардың тізбесін; өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттің сомасы, өткен қаржы жылы іс-шараларды толық орындамау себептерін көрсете отырып бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және инвестициялық жобалар бөлігінде даму бюджеттік бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар ақпаратты, сондай-ақ сыртқы қарыз қаражаты, гранттар және бюджеттік кредиттер есебінен іске асырылатын даму бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, республикалық даму бюджеттік бағдарламалары және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде инвестициялық жобалар бойынша орындалмаған шарттар тізбесін береді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 527-тармақтың бірінші абзацында мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады; ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 527-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
527. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органнан алынған ақпараттың негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына:
1) өткен қаржы жылында жасалған шарттар бойынша төленбеген мiндеттемелерi бар республикалық бюджеттік даму бағдарламалардың тiзбесiн;
2) өткен қаржы жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке аударылмаған кепiлдiк берiлген трансферттiң сомасы туралы ақпаратты;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi түзету жолымен төленбеген мiндеттемелер бөлiгiнде республикалық бюджеттік даму бағдарламаларын ағымдағы қаржы жылында қаржыландыру жөніндегі ұсынысты бередi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 528-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 528-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
528. Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тиісті ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың және қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кепілдендірілген трансферттер сомасы есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарын тағайындаулар арасындағы жобасын әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
529. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган осы Ереженің 526-528-тармақтарында санамаланған нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде осы Ереженiң 6-тарауында анықталған тәртiппен түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгiзедi.
530. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет түсiмдерiнiң және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының өзгерген сомасын оған өзгерістер енгiзiлген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ҚР ҰБ-ның қаперіне жеткізеді.
531. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен 531-тармақпен толықтырылды
531. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға арналған нысаналы трансферттердің аударылуын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде Үкіметінің теңгелік шотында ақша жиналуына қарай, тиісті қаржы жылына арналған түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында бекітілгеннен аспайтын көлемде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өтінімі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде жүзеге асырады.