Инкассолық өкім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген және атқарушы құжаттарды ұсыну үшін, оның ішінде осы Ереженің 238-тармағында белгіленген мерзімі өтіп кеткен кезде инкассолық өкім екі жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздеумен орындалмай қайтаруға жатады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 240-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
240. Салық және кеден органдарының атқарушы құжаттары бойынша мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне қойған инкассолық өкімдері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне бір мезгілде түскен кезде, оларды орындау Азаматтық кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Салық және кеден органдарының инкассолық өкімдері мемлекеттік мекемеге/квазимемлекеттік сектор субъектісіне бір мезгілде түскен кезде, салық берешегі сомаларын өндіріп алуға қойылған инкассолық өкімдер бірінші кезекте орындалады.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 241-тармақ жаңа редакцияда
241. Инкассолық өкiмдi орындау:
1) инкассолық өкім мемлекеттiк мекеменiң кодына қойылған жағдайда, ағымдағы қаржы жылының қабылданбаған мiндеттемелерi бойынша жоспарлы тағайындау сомасы. Сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу бойынша үнемдеудi қоса алғанда, бюджеттiк бағдарлама бойынша бюджет қаражатының қолда бар үнемi инкассолық өкiмдi орындауға жiберiледi;
2) қабылданбаған мiндеттемелер бойынша жоспарлы тағайындау сомасы және оны мемлекеттiк мекемелердiң олардың иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны есептеумен және олардың есебінен шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойған жағдайда, мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сатуынан түсетiн ақша;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны мемлекеттік мекемелер үшін алатын демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен ақшаны есептеумен және жұмсаумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ қойылған жағдайда демеушілік, қайырымдылық көмек ақшасының қалдығы;
4) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы ақша қалдығы және банктік заңнамаға сәйкес;
5) жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ шығарған жағдайда, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-дағы ақша қалдығы есебінен жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 241-1-тармақпен толықтырылды
241-1. Атқару құжаттарының негізінде ұсынылған инкассалық өкімді орындау шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшелігі бойынша жасалады. Атқару құжаттарын, сот актілерін орындауға арналған шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша қаражат жетіспеген не жоқ болған жағдайда инкассалық өкімді орындау жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 242-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
242. Инкассолық өкімді алғаннан кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
1) мемлекеттік мекемеге инкассолық өкімді тіркеген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкімді қою және мына:
мемлекеттік мекемелердің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша;
міндеттемелерді тіркеу және мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;
мемлекеттік мекемелердің демеушілік, қайырымдылық көмектің және жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ бойынша төлем жүргізу жөнінде;
осы Ережеге 238-тармақта көзделген жағдайларда инкассолық өкімнің бірінші данасы мен атқарушы құжаттың көшірмесі қоса беріле отырып, операцияларды тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі - хабарлама хат) жібереді. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкімнің екінші данасы, оны атқарушы құжаттар негізінде қойған жағдайда - инкассолық өкімнің көшірмесімен бірге атқарушы құжаттың түпнұсқасы (көшірмесі) қалады;
2) сол күнi мыналар бойынша:
жалақы және басқа да ақша, оның ішінде штаттан тыс қызметкерлердің төлемдерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
жәрдемақы, алимент;
мiндеттi зейнетақы жарналары;
әлеуметтiк аударымдар;
банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстардың ҚБШ-ны қоспағанда, қызметтерiн қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары бойынша операцияларды тоқтата тұру жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 242-1-тармақпен толықтырылды
242-1. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы инкассолық өкімді алып, квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотындағы қалдықтар шегінде инкассолық өкімде көрсетілген алушының пайдасына акцептсіз ақша алуды жүзеге асырады. Келесі жұмыс күні осы Ереженің 90-қосымшасына сәйкес 2-38-нысанды және 76-қосымшасына сәйкес 5-15-нысанды қалыптастырады және басып шығарады. 2-38-нысан мөртабанмен расталады және оған аумақтық қазынашылық бөлімшенің жауапты орындаушысының қолы қойылады да ақшаның алынғанын растайтын құжат ретінде квазимемлекеттік сектор субъектісіне беріледі.
243. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат өндіріп алу туралы атқарушы құжаттар бойынша инкассолық өкімдер қойылған кезде мемлекеттік мекемелердi ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша операцияларды тоқтата тұру жүргізілмейді.
244. Операцияларды тоқтата тұру, осы Ереженің 242-тармағының 2) тармақшасының екінші - сегізінші абзацында көзделген шығыстардың БСК қоспағанда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң мемлекеттік мекемелердi ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекемелердiң құжаттарын қабылдауды және орындауды тоқтата тұруды көздейді.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 245-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 245-тармақ өзгертілді
245. Мемлекеттік мекеме хабарлама хатты алып, инкассолық өкім түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей инкассолық өкім деректері негізінде төлеуге берілетін шотты қалыптастыру және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну жолымен инкассолық өкімнің орындалуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, қабылданбаған міндеттемелер мен бюджеттік бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы тағайындау сомасы жетіспеген немесе болмаған жағдайда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін инкассолық өкім қойылғаны туралы хабардар етеді және инкассолық өкімді орындауды аумақтық қазынашылық бөлімшесінде инкассолық өкім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы Ережеде белгіленген тәртіппен басқа ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің пайдаланылмаған жоспарлы тағайындауларын азайту есебінен инкассолық өкім шығарылған мемлекеттік мекеменің жоспарлы тағайындауларын арттыру рәсімдерін жүзеге асырады.
Инкассалық өкiмдi орындау 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде қамтамасыз етiлмеген жағдайда, аумақтық қазынашылық бөлiмшесi осы Ереженiң 242-тармағы 2) тармақшасының екiншi - сегiзiншi абзацтарында көзделген шығыстар БСК және жеке тұлғаларға трансферттер беруге, сондай-ақ соттардың шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға бағытталған бюджеттiк бағдарламаларды қоспағанда, барлық бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұруды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 246-тармақ өзгертілді
246. Инкассолық өкімді алған және мемлекеттік мекемеде мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеуді қоса алғанда, қабылданбаған міндеттемелер мен бюджеттік бағдарлама шығыстарын үнемдеу бойынша жоспарлы жұмсалым сомасы болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, алынған инкассолық өкімдерді алуға және ағымдағы қаржы жылы бойы сақтауға міндетті.
Егер мерзімі өткеннен кейін ұсынылған инкассолық өкім мемлекеттік мекемеде жоспарлы тағайындаулар болмауына байланысты орындалмаған болса, онда аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны өндіріп алушыларға инкассолық өкімді орындамастан қайтаруға міндетті.
Бұл норма салық қызметі органдары мен кеден органдарының салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алуға, біріңғай зейнетақы жинақ қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімінде төленбеген міндетті зейнетақы жарналарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті әлеуметтік аударымдарды төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін есептелген айыппұлдар мен өсімақыларды не өндіріп алу туралы инкассолық өкімдеріне қолданылмайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 247-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
247. Ағымдағы қаржы жылының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына инкассолық өкімді орындау және төлемге берілген шоттарды рәсімдеу үшін жеткілікті сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды қайтадан жаңартуды жүзеге асырады.
Инкассолық өкімді қайтарып алынған жағдайда да мемлекеттік мекеме бойынша операцияларды қайта жаңарту жүргізіледі.
Операцияларды қайта жаңарту аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекеменің құжаттарын қабылдауды және орындауды қайта жаңартуды көздейді.
Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.
248. Мемлекеттік мекеме ақылы қызметтер ҚБШ-сына қойылған инкассолық өкiмнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
ақылы қызметтер ҚБШ-сында пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және ақша болған кезде төлеуге берiлетiн шотты бередi;
ақылы қызметтер ҚБШ-сында жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және/немесе ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi олар бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асыратын шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтарын көрсете отырып, хатты ұсынады.
249. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері осы Ережеде белгіленген тәртіппен инкассолық өкім қойылған мемлекеттік мекемелердiң жоспарларына мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспары өзгерістер енгізу рәсімдерін жүзеге асырады.
250. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарларына инкассолық өкiмдi орындау үшiн жеткiлiктi сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтары бойынша операцияларды қайта жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарына өзгерістер енгізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берілетін шотты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 251-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
251. Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында қойылған инкассолық өкім аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында ақша қалдығы болған кезде төлеуге берілетін шот ұсынады;
демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында инкассолық өкімді орындау үшін жеткілікті ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі инкассолық өкімді Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және кезектілікпен орындайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 252-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 252-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
252. Ақылы қызметтердің не демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ бойынша операцияларды қайта жаңғырту инкассолық өкім орындалғаннан не инкассолық өкім кері қайтарып алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.
253. Инкассолық өкiмді орындаған кезде инкассолық өкiмдерді есепке алу журналында оның орындалғаны туралы белгі соғылады.
Инкассолық өкiм толық орындалғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi атқарушы құжаттың түпнұсқасын төлеуге берілетін шоттың көшірмесін қоса бере отырып, екі жұмыс күні ішінде атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ілеспе хатпен қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 254-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 254-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 254-тармақ өзгертілді
254. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне сот актілері, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгілі бір ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндірісі органдарының қаулылары, сот санкциялаған атқару өндірісі органдарының қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:
мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:
жалақы және басқа да ақша төлемдері, оның iшiнде штаттан тыс қызметкерлер бойынша жалақы төлемдерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
жәрдемақылар, алименттер;
мiндеттi зейнетақы жарналары;
әлеуметтiк аударымдар;
банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстар БСК-сiн қоспаған жағдайда;
2) ақылы қызметтер ҚБШ-ына немесе демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ-ына, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкiм қойылған жағдайда;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады.
2) ақылы қызмет ҚБШ-ына немесе демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкім қойылған жағдайда;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады;
Талап-арыздар талаптарын қамтамасыз етуге тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақшаның сомасы мемлекеттік баж және сот шешімдерін, үкімдерін, анықтамалары мен қаулыларын орындаумен байланысты шығыстардың мөлшерінен аспауы тиіс. Атқарушы өндірісі органдары атқару құжатын орындалуын қамтамасыз етуге тыйым салған кезде ақшаның және тыйым салынған мүлік құнының сомасы өндіріп алушыға берілетін соманы, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар сомасынан және атқару құжатын орындау бойынша шығыстардың сомасынан аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.10. № 1101 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 255-тармақ жаңа редакцияда
255. Аумақтық қазынашылық бөлімшесіне салық (кеден) органдарының салық (кеден) органдарының өкімдері келіп түскен кезде бірінші басшының қолы қойылған, салық (кеден) органдарының елтаңбалық мөрімен расталған шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы салық және кеден заңнамасында көзделген шығыстарды қоспағанда, ҚБШ өкімінде көрсетілуі бойынша мемлекеттік мекеменің барлық төлемдері мен аудармаларын жүргізуді тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 256-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 256-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 256-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
256. Аумақтық қазынашылық органына инкассалық өкiм ұсынылғанға дейiн мемлекеттiк мекеменiң атқарушы құжатты өздiгiнен орындауы ол белгiлеген мерзiмдерде төлеуге берiлген шоттың негiзiнде бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 165 «Атқарушы құжаттарды, сот актiлерiн орындау» ерекшелiгi бойынша жүзеге асырылады.
Атқарушы құжатты өздігінен орындау кезінде тартылатын заңгерлердің, консультанттардың қызметтеріне ақы төлеу, мемлекеттік баж төлеу Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша жүзеге асырылады.
32-тарау. Трансферттердi төмен тұрған бюджеттерге аудару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.14.11. № 1227 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 257-тармақ өзгертілді
257. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстың жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен трансферттерді қоса алғанда, төмен тұрған бюджеттерге трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі төмен тұрған бюджеттердің кірісіне аударады.
Нысаналы даму трансферттері жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің және белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде оларды объектілер бойынша бөлместен, бір сомамен аударылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлігінде көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жергілікті атқарушы органдарға жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу өңірлік және жаһандық сипаттағы әлеуметтік, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе оларды жоюға, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізуге байланысты жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу жағдайларын қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге тыйым салынады.
Бюджеттік субвенциялар жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға республикалық бюджет туралы заңмен және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде беріледі. Аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің түсімдерін және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде айдың бірінші он күндігі ішінде жүзеге асырылады.
Трансферттерді аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем мақсатын көрсету үшін 02 «Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нің түсімдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасасқаннан кейінгі он күннің ішінде, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі он күннің ішінде олардың көшірмелерін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалану мақсатында жібереді.
Ағымдағы қаржы жылында бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, бір ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға осы тармақтың төртінші бөлігін қоспағанда, аталған соманы үш жылдық бюджеттің жоспарлы кезеңінде көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттауға, сондай-ақ:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының;
тиісті бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен облыстың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiм бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының соманы ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруына рұқсат берiледi.
Көрсетілген жағдайларда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды 10 жұмыс күні ішінде келіседі. Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін тиісті жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
258. Нысаналы трансферттерді аудару осы Ереженiң 257-тармағының бірінші абзацында көзделген нормаларды сақтай отырып, жоғары тұрған бюджет бағдарламасы әкімшісі төлеуге берілетін шотты ұсыну негізінде жүргізіледі.