4) құрылысқа мемлекеттік инвестициялар - бюджеттік инвестициялар есебінен, сондай-ақ мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру;
5) қайта есептеудің жоспарлы коэффициенті - 2001 жылдың айлық есептік көрсеткішіне қатысты сәулет, кала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тиісті жылдың айлық есептік көрсеткішінің өзгеру индексі;
6) құрылыстың есеп айырысу құны - құрылыс объектісінің (кешенінің) құрылысқа арналған жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеген кезде мемлекеттік нормативтер бойынша айқындалатын құны;
7) құрылыстың сметалық құны - құрылыс объектісінің (кешенінің) құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеген кезде сметалық нормативтерге сәйкес айқындалатын құны.
29. Құрылысқа арналған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін үш айдан кешіктірмей бекітуге ұсынылуға тиіс.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы оны іске асыратын жылға дейін бекітілуге тиіс.
30. Мемлекеттік инвестиңиялар есебінен салынатын объектілер бойынша жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздеме) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы олар бекітілгеннен кейін іске асырылылуға тиіс.
31. Әзірлеу аяқталғаннан кейін ол бойынша үш және одан да көп жыл ішінде құрылыс басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескірген болып саналады әрі заңнама белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
2. Бекіту тәртібі
32. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын объектілер мен кешендерді салуға арналған жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сметалық құны:
1) ағымдағы бағамен 750000 (жеті жүз елу мың) айлық есептік көрсеткішке дейін болса - мемлекеттік органдар - бағдарламалар әкімшілері бекітуге тиіс;
2) ағымдағы бағамен 750000 (жеті жүз елу мың) айлық есептік көрсеткіштен бастап және одан жоғары болса - сәулет, кала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітуге тиіс.
33. Құрылысын қаржыландыру мемлекеттік кепілдікпен не мемлекет кепілгерлігімен берілетін мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын объектілер бойынша жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарыз алушының ұсынуы бойынша осы бөлімде белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және қайта бекітеді.
34. Жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекіту (қайта бекіту) Ереженің 32-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған тәртіппен негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерді, оның ішінде құрылыстың есеп айырысу немесе сметалық құнын көрсете отырып жүзеге асырылады.
35. Салу ұзақтығы бір жылдан жоғары объектілер бойынша жұмыстардың құны тиісті жылдың айлық есептік көрсеткішінің негізінде айқындалатын қайта есептеудің жоспарлы коэффициентін қолдана отырып, көлемді жылдар бойынша бөліп, құрылыстың нормативтік мерзімін ескере отырып айқындалады.
36. Ереженің 32-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жобалау алдындағы құжаттаманы бекіту үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері сәулет, кала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға:
1) қағаз және электронды жеткізгіштегі жобалау алдындағы құжаттаманы;
2) мемлекеттік сараптама қорытындысын ұсынады.
37. Ереженің 32-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын бекіту үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға:
1) жобаға түсіндірме жазбаны;
2) қағаз және электронды жеткізгіштегі жобалау-сметалық құжаттаманы;
3) мемлекеттік сараптама қорытындысын ұсынады.
38. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бекітілген сәттен бастап оларды әзірлеу аяқталды деп саналады.
39. Бюджеттік инвестициялық жобалар бекіту туралы бұйрықта көрсетілген құрылыстың нормативтік ұзақтығына сәйкес қаржыландырылады.
40. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде көзделетін шет мемлекеттердің аумағындағы құрылыс қызметі аумағында аталған жоба іске асырылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық)
құжаттамасын түзетудің және оларды қайтадан бекітудің
(қайта бекітудің) ерекшеліктері
41. Егер жобаны іске асыру басталғанға дейін немесе белгіленген объектіні салу барысында оған объектінің конструктивті схемасына, оның көлем-жоспарлық, инженерлік-техникалық немесе технологиялық шешімдерге әсер ететін қағидаттық сипаттағы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізделген қажеттілігі, сондай-ақ құндық және басқа да бекітілген техника-экономикалық көрсеткіштерді қозғайтын өзге де объективті факторлар туындаса, бұрын бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы қайта өңделуі мүмкін.
42. Бюджеттік инвестициялық жобалар олардың белгіленген тәртіппен бекітілген техника-экономикалық негіздемелеріне сәйкес іске асырылады.
43. Бюджеттік инвестициялық жобалардың құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және оның ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.
44. Бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескермей, техникалық шешімдердің өзгеруіне байланысты бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын түзетуге жол берілмейді.
Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын техникалық шешімдердің өзгеруіне байланысты және бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын түзету енгізу Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
45. Бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына бекітілген техника-экономикалық негіздемеде көзделмеген және бюджеттің қосымша шығыстарына әкеп соғатын қосымша құрамдауыштарды бюджет, комиссиясының ұсынысын ескермей қосуға жол берілмейді.
Егер бюджеттік инвестициялық жоба республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен қаржыландырылатын жағдайда, бюджеттік инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына бекітілген техника-экономикалық негіздемеде көзделмеген және бюджеттің қосымша шығыстарға әкеп соғатын қосымша құрамдауыштар Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып қосылады.
46. Жобалау-сметалық құжаттаманы түзету (қайта бекіту) қажеттілігі құрылыс үдерісінде туындаған жағдайда, онда құрылыстың жай-күйі туралы мәліметтер мен орындалған жұмыстар актілерінің көшірмелері Ереженің 32-тармағына сәйкес бекіту үшін ұсынылатын құжаттаманың құрамына енгізіледі.
Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша Республикалық бюджет комиссиясының шешімі қосымша ұсынылады.