Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 720 қаулысы
(2010.17.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесі бекітілсін.
2. «Еңбек қауіпсіздігі және қорғау саласында деректер банкін құрып ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 мамырдағы № 463 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 252-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 21 тамыздағы
№ 720 қаулысымен бекітілген
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
статистикалық байқау - статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми ұйымдастырып жинау;
алғашқы статистикалық деректер - статистикалық нысандардан алынған немесе тіркелген деректер;
бастапқы құжаттама - өндірісте жазатайым оқиғалар туындаған кезде жұмыс беруші жасайтын құжаттар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы деректер банкі - бастапқы құжаттамадан алынатын, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның функцияларын іске асыруға байланысты пайда болатын мәліметтер жиынтығы.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында ақпарат беру және мемлекеттік статистика жүргізу тәртібі
5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпаратты жеке және заңды тұлғалар бастапқы құжаттаманың негізінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ақпартты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері жүйелейді және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.
6. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өңірлер бойынша ұсынған ақпарат негізінде жиынтық деректерді қалыптастыруды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның статистика жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында деректер банкі құрылады.
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректерді жеке және заңды тұлғалар статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес статистикалық ақпаратты қалыптастыру үшін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға береді.
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистиканы жүргізуді мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган барлық жеке және заңды тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы жай-күй мен үрдістерді сипаттайтын статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
9. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган статистикалық ақпаратты тузу үшін еңбек жөніндегі уәкілетті органның деректер банкінен және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы алғашқы статистикалық деректер негізінде жиналатын ақпаратты пайдаланады.
ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік статистика жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін статистикалық жұмыстардың жоспарына және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.