Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1448 Қаулысы
(2013.18.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану ережесі бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
азақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1448 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік
мекемелерi ұсынатын қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрi мамандандырылған күзет бөлiмшелерi) қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану тәртібін белгiлейдi.
. Қызметтердi сатудан алынатын түсiмдердi пайдалану тәртібі
2. Мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң ақылы қызметтердi сатудан алатын қаражаты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында ашылған, мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң мемлекеттік мекемелерiнiң «Ақылы қызметтерден түскен қаражат» ағымдағы шоттарына есептеледi және осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес мақсатты пайдалану бойынша қатаң жұмсалады.
3. Ақылы қызметтердi сатудан алынатын қаражатты жұмсау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен кiрiс жоспарлары мен шығыстарды қаржыландыру жасалады және бекітіледi.
ҚР Үкіметінің 2013.18.10. № 1115 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Мамандандырылған күзет бөлiмшелерi ұсынатын ақылы қызметтердi сатудан алынатын түсiмдер:
лауазымдық жалақыны; арнайы атағы үшiн қосымша ақыны; сыныптық біліктiлiгi үшiн; қызметтi өткерудегi ерекше жағдайлар үшiн үстеменi; экологиялық апат аймақтарында тұрғаны үшiн қосымша ақыны; демалыс ақысын; пайдаланылмаған демалысы үшiн берiлетiн өтемақыны; жалақыдағы айырмашылықты; лауазымдарды қоса атқарғаны үшiн қосымша ақыны; түнгi уақыттағы, демалыс және мереке күндерiндегi жұмысы үшiн ақыны қамтитын негізгі жалақыны төлеуге;
мамандандырылған күзет бөлiмшелерiн смета бойынша ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен басшының шешiмi бойынша материалдық көмекке, сыйақыға және өзге де ынталандыруға арналған төлемдерге; мерзiмнен тыс жұмыс уақытының ақысына;
сауықтыру үшiн жәрдемақыға; қызметтiк ауысулар кезiнде берiлетін көтерме жәрдемақыға; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өтемақыға; мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi қызметтік мiндеттерiн немесе қызметтiк борышын атқару кезеңiнде қайтыс болған (өлген) немесе мертiккен жағдайда бiржолғы өтемақы төлеуге; жұмыстан босатылған кездегi бiржолғы жәрдемақыға; арнайы атақтары жоқ қызметкерлердiң еңбек жағдайларына берілетiн қосымша ақы мен үстемеге;
мамандандырылған күзет бөлімшелері қызметкерлерінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналарына;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерге;
автокөлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жарналарына;
азық-түлiк тағамдарын сатып алуға;
дәрi-дәрмектердi және басқа да медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алуға;
заттық мүлiктердi және басқа да нысанды әрi арнайы киім-кешектi сатып алуға, тігуге және жөндеуге;
қызметтiк iс-сапарларға;
үй-жайды және жабдықтарды жалға алу ақысына;
бiрлiгiнiң құны 40 есе айлық есептік көрсеткiштен аспайтын тауарларды сатып алуға;
коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтерiне ақы төлеуге;
көлiк қызметтерiне ақы төлеуге;
үйлердi, ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негiзгі құралдарды ұстауға, оларға қызмет көрсетуге, ағымдағы және күрделi жөндеуге;
заңды және жеке тұлғалар шарт бойынша көрсететiн қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге, банктiк қызметтерге ақы төлеуге; оқу шығыстарына; мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң қайтыс болған немесе қаза тапқан қызметкерлерiн жерлеуге арналған шығындарға; айыппұлдарға, тұрақсыздық айыппұлдарына; мәдени, спорттық және басқа да iс-шаралар жеңiмпаздары мен қатысушыларына сыйлықтар, естелiк сыйлықтар және ақшалай сыйлықтар беруге; автокөлiк құралдарының мiндеттi техникалық тексерулерiне; заң қызметтерiн көрсетулерге;
мамандандырылған күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң үйлерiн ұстауға және коммуналдық қызметтерге өтемақы төлеуге; жұмысшылар мен қызметшiлерге өздерiнiң еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты болған мертiккен не денсаулығының өзге де зақымдануына келтiрген шығындарды өтеуге; заңды және жеке тұлғалар күзететiн мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң кiнәсiнен жол берiлген ұрлықтарға байланысты шығындарды өтеуге;
бiрлiгiнiң құны 40 есе айлық есептiк көрсеткiштен асатын өзге де тауарларды, соның iшiнде автокөлiк, қару-жарақ, арнайы мақсаттағы құралдарды, байланыс құралдарын - стационарлық, ұтқыр және тасымалды радиостанцияларды сатып алуға;
күзетке қатысты жануарларды ұстауға пайдаланылады.
5. Ақылы қызметтердi сатудан түсетiн қаражатты есепке алу және олардың пайдаланылуы туралы есеп беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.