Бюджет нақтыланған жағдайда «Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша қызмет көрсеткен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 19-1, 29-1, 30-1-қосымшаларына сәйкес жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың электронды үлгілері және 120-қосымшасына сәйкес нақтыланған жоспардың осы Ереженің 17-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тізілімге тіркелген электронды үлгісі ұсынылады.
52. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетін атқару жөніндегі жергілікті атқарушы орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмейтін мерзімде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша кірістер түсімдерінің нақтыланған жиынтық жоспарын ұсынады, кейіннен ілеспе хатты қағаз тасығышта растайды. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органға жергілікті бюджеттердің кірістері түсімдерінің нақтыланған жоспарын жібереді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 53-тармақ өзгертілді
53. Республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау кезінде мемлекеттік мекемелер қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері - бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларын, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын осы Ереженің 5-тарауында және 4-тарауының 26-тармағының 9-абзацында белгіленген тәртіппен оларға өзгерістер енгізу жолымен нақтылайды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңын іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулыларын қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жылдық жоспарлы сома өзгертiлген бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтiнiм ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi қосымша бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органға осы Ереженiң 2-11-тармақтарына сәйкес мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жобаларын тапсырады.
Бюджет нақтыланған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның кезекті қаржы жылына арналған бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес түсімдердің жылдық болжамдық сомаларын бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі қабылданған күннен бастап 5 күннің ішінде бекітіледі.
54. Бюджет нақтыланғанға дейін кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттердi түзетулер негiзiнде (бұдан әрi - бюджеттi түзету) жиынтық жоспарларға енгізілетін түсiмдер мен шығыстар сомасының барлық ағымдағы өзгерістерi, сондай-ақ оларды ай сайынғы бөлгендегі өзгерістерді бекітілген бюджеттiң электрондық дерекқорының қайталама көшiрмесiнде жүзеге асырылады.
Бекiтiлген бюджеттiң электрондық дерекқорының қайталама көшiрмесiне енгiзiлетiн түзетулер нәтижесiнде түзетiлген бюджет қалыптастырылады.
55. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға немесе мәслихаттың шешіміне сәйкес қалыптастырылған, бөлiнетiн бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетуден басқа, сол сияқты бюджеттi нақтылауға дейiн жүргiзiлген түзетудi де ескеретiн түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған бюджетке сәйкес келедi.
Нақтыланған бюджет бойынша жиынтық жоспарларды қалыптастыру бюджеттің нақтыланған көрсеткіштері бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлуге байланысты түзетулерді қоспағанда, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге анықтамалар енгізу арқылы түзетілген бюджеттің электрондық дерекқорында жүзеге асырылады.
56. Бюджет кодексiнiң 111-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бiр бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бойынша бюджетте бекітілген бюджеттік бағдарламаның қаражатын түрлi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi арасында бөлу туралы шешiм қабылданған кезде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қалыптастыратын түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалардың негiзiнде түсiмдердің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен түзетiлген бюджетте осы өзгерістердi көрсетедi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 57-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57. Бюджет кодексінің 104-бабының 4-тармағының 4) тармақшасында көзделген шығыстарды қаржы жылының басындағы қаражат қалдықтарының есебінен қаржыландыру үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ағымдағы жылдың 20 қаңтарына қарай мынадай құжаттарды дайындауды жүзеге асырады:
1) бюджет қаражатының қалдықтары туралы ақпарат;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде өткен қаржы жылында іс-шаралардың толық орындалмау себептерін көрсете отырып, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы ақпарат, сыртқы қарыздар, гранттар және бюджеттік кредиттер қаражаты есебінен іске асырылатын бюджеттік даму бағдарламасын қоспағанда, инвестициялық жобалар, бюджеттік бағдарламалар; дайындалу және жеткізу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар; көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтер бойынша ақысы төленбеген шарттар тізбесі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 58-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 58-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
58. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган осы Ереженің 57-тармағында көрсетілген ақпарат негізінде белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар тізбесін оларды бюджет қаражатының қолда бар қалдықтары көлемінің шегінде ағымдағы қаржы жылы қаржыландыру жөніндегі ұсыныспен бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 59-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 59-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 59-тармақ жаңа редакцияда
59. Бюджет комиссиясының шешімі негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ұлғайту жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті бюджеттік бағдарламалардың жылдық жоспарлы тағайындауларын бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ұлғайту жөніндегі қаулысының жобасында нысаналы даму трансферттері инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 59-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 59-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
59-1. Бiр бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясында міндеті түрде қарай отырып, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында үнемдеу сомасын ауыстыруды жүзеге асырады.
Бiр бюджеттiк бағдарлама шеңберiнде жергілікті бюджеттiк инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері белгіленген тәртіппен тиісті бюджет комиссиясында міндетті түрде қарай отырып, үнемдеу сомасын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асырады.
Республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
Бюджет комиссиясы шешімінің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдар қаулыларының жобасын әзірлейді және оны белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттерінің есебінен іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша үнемдеу пайда болған жағдайда бюджеттік инвестициялық жобалар арасында соманы ауыстыру осы Ереженің 257-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 60-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
60. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 59 және 59-1-тармақтарында санамаланған нормативтік құқықтық актілердің негізінде осы Ереженің 5-тарауында айқындалған тәртіппен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
61. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу кезiнде төмен тұрған бюджеттi, сондай-ақ бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түзету осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен кейiннен түсiмдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзе отырып, жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы мәслихатта бюджеттi нақтыламастан жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.08. № 1073 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 62-тармақ өзгертілді
62. Қаржы жылының iшiнде орталық мемлекеттік органдарды, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердi құрған, таратқан, қайта ұйымдастырған, олардың функцияларын өзгерткен жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган таратылған және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органдардың құқықтық мирасқорлары жаңадан құрылған мемлекеттік органдардың және оның ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң функцияларын айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде ҚР ББС-ке өзгерістер мен толықтырулар енгiзедi.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік органдарды, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді құруға, таратуға, қайта ұйымдастыруға, олардың функцияларын өзгертуге байланысты бекітілген (нақтыланған) бюджет көрсеткіштерін түзету жөніндегі қаулылардың жобаларын әзірлейді және оны тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиісті жергілікті атқарушы органның әкімдігіне енгізеді.
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен жоспарлы тағайындауларға көшіру бөлігінде берілетін, бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген берілген бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде көшіру бөлiгiнде өзгерістер енгiзедi. Жүргізілген кассалық шығыстарды көшіруді аумақтық қазынашылық бөлімшелер жүзеге асырады.
Жоспарлы тағайындаулар мен бұрын жүргізілген кассалық шығыстарды көшiруді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның хатының негізінде аумақтық қазынашылық бөлімшелері мынадай жағдайларда:
құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, орталық мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының функциялары мен лимиттері өзгерген,
республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерді нақтылау;
ҚР ББС-ға өзгерістер ензіген;
аумақтық қазынашылық бөлімшеде мемлекеттік мекеменiң қызмет көрсетілу орны өзгерген;
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерінің құрылымына шығыстардың түрлерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енген;
ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті орталықтандыру/орталықсыздандыру туралы шешім қабылдаған жағдайда жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдар функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған деңгейінен төмен тұрған деңгейіне беру кезінде нысаналы трансферттер бойынша жоспарлық тағайындаулардың пайдаланылмаған қалдықтарының сомаларын көшіру жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 62-1-тармақпен толықтырылды
62-1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері және жоспарлау сатыларынан өтпеген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған кредиттер бойынша (бұдан әрі - кейінге қалдыру шарты бар жобалар) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай құжаттама ұсынады:
1) бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша:
техникалық экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, экономикалық сараптамасымен қоса, белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме;
ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалардың инвестициялық ұсынысына және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша оң экономикалық сараптама;
2) мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға бағытталған бюджеттік инвестициялар бойынша:
экономикалық сараптаманы қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негіздеме;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған оң экономикалық қорытынды;
3) бюджеттік кредиттер бойынша:
қаржы агенттері бюджеттік кредиттерді, бюджеттік инвестициялық жобаларды және мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға жіберген жағдайда оң экономикалық қорытындымен қоса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган дайындаған техникалық-экономикалық негіздеме.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы қаржы жылының 15 қаңтарынан кешіктірмей нысаналы даму трансферттерінің қаражаты және кредиттердің есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар бойынша жоғарыда санамаланған құжаттарды тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған құжаттаманы бюджет және өзге заңнама талаптарының сақталуы тұрғысынан қарайды.
Барлық құжаттама болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шарттарды тіркеу және төлемдер жүргізу рұқсат етілетін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бөлінісінде кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі бар хабарлама хат жібереді.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне шарттарды тіркеу және төлемдерді жүргізу рұқсат етілетін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесі туралы хабарлама-хаттың көшірмесін жібереді.
Егер кейінге қалдыру шарты бар жекелеген жобалар бойынша құжаттама берілмеген жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган екі апта мерзімде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға республикалық бюджетті нақтылау немесе оны түзету жүргізілгенге дейін шарттарды тіркеуге және төлемдерді жүргізуге жол берілмейтін кейінге қалдыру шарты бар жобалардың тізбесімен бірге хабарлама-хат жібереді.
3-бөлiм. Бюджеттiң атқарылуы
6-тарау. Бюджеттiң атқарылуы туралы жалпы ережелер
63. Бюджеттiң атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсiмдерiнiң түрлерiн толық және уақтылы төлеумен, оларды Бiрыңғай қазынашылық шотына (бұдан әрi - БҚШ) есепке алумен және бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған iс-шараларды iске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 64-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64. Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. БҚШ-ға түсімдерді есепке алу және оларды БҚШ-дан есептен шығару жөніндегі операциялар ақша нысанында есептеледі.
Түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді беру нысанын, тәртібі мен мерзімдерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
«Қазынашылық-клиент» АЖ бойынша мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген мерзімде түсімдер мен шығыстар бойынша есептерді дербес қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2011.29.12. № 1654 Қаулысымен 64-1-тармақпен толықтырылды
64-1. Бюджеттерді атқаруды және оларға кассалық қызмет көрсетуді аумақтық қазынашылық бөлімшелері мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, уәкілетті органдардың құжаттарды қағаз және магнит тасығыштарда беруімен де, құжаттардың электрондық түрлерін қалыптастыру және жөнелту, «Қазынашылық-клиент» электрондық құжат айналымы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - «Қазынашылық-клиент» АЖ) арқылы есептерді қалыптастыруы арқылы да жүзеге асырады. «Қазынашылық-клиент» АЖ-де жұмыс істеу үшін мемлекеттік мекемелер, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, уәкілетті органдар аумақтық қазынашылық бөлімшесі мен мемлекеттік мекеме арасында Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану туралы келісім (бұдан әрі - ЭЦҚ туралы келісім) жасасады.
4-бөлім. Қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын және мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі
7-тарау. Тиісті бюджеттердің қолма-қол ақшасын бақылау шоттары
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 65-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттары (бұдан әрi - ҚБШ) мына:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарды жүргiзумен;
2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақшаны есептеуімен және олардың есебiнен шығыстарды жүргiзумен;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсiмдердi есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотына аударумен;
3-1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында белгіленген нормативтер бойынша бөлінген түсімдерді есептеумен және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Кеден одағына мүше мемлекеттер үшін ашылған шоттарға аударумен;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемелер алатын демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны олардың есептеуімен және жұмсауымен;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар белгілі бір жағдайлар басталған кезде олардың қайтарымдылығы не тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алумен;
6) бюджеттiк ақшаны есептеумен және оларды ерекше шығыстарды жүргiзуге пайдаланумен;
7) қаржылық ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуды қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда не жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға көзделген ақшаны есепке алумен және оларды инвестициялық жобаларды іске асыруға (бұдан әрі - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоты), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең аз мөлшерде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру кезінде пайдаланылуымен;
8) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдерді есепке алумен және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағыттаған шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеуге арналған.
66. Республикалық және жергілікті бюджеттердің түсімдерін есептеу мен республикалық және жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізумен байланысты операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (бұдан әрі - тиісті бюджеттердің ҚБШ) бюджетті атқару жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ашылады.
Тиісті бюджеттің ҚБШ түрлері:
республикалық бюджеттің ҚБШ;
облыстық бюджеттердің ҚБШ;
республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің ҚБШ;
аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің ҚБШ.
67. Тиісті бюджеттердің ҚБШ-сынан түсімдер және жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары бойынша операциялар ҚР ББС және мемлекеттік мекемелердің кодтарына сәйкес ескеріледі.
8-тарау. Мемлекеттік мекемелердің кодтарын беру
68. Республикалық және/немесе мемлекеттік бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден шығыстарды жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жеті мәнді кодтар беріледі. Мұнда бірінші үш белгі ҚР ББС-қа сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кодын білдіреді, келесі төрт белгі әр мемлекеттік мекеме үшін жеке болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 69-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
69. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге кодтар беру үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттік мекеменің бизнес-сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң/анықтаманың көшірмесін қоса бере отырып, осы Ережеге 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінімді ұсынады.
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге кодтар беру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 10-тарауында көзделген құжаттар жинағын қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 32-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелерге кодтар беруге өтінім береді.