ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 247-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
247. Ағымдағы қаржы жылының міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына инкассолық өкімді орындау және төлемге берілген шоттарды рәсімдеу үшін жеткілікті сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша операцияларды қайтадан жаңартуды жүзеге асырады.
Инкассолық өкімді қайтарып алынған жағдайда да мемлекеттік мекеме бойынша операцияларды қайта жаңарту жүргізіледі.
Операцияларды қайта жаңарту аумақтық қазынашылық бөлімшесінің мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ету жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекеменің құжаттарын қабылдауды және орындауды қайта жаңартуды көздейді.
Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.
248. Мемлекеттік мекеме ақылы қызметтер ҚБШ-сына қойылған инкассолық өкiмнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
ақылы қызметтер ҚБШ-сында пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және ақша болған кезде төлеуге берiлетiн шотты бередi;
ақылы қызметтер ҚБШ-сында жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және/немесе ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi олар бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асыратын шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтарын көрсете отырып, хатты ұсынады.
249. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері осы Ережеде белгіленген тәртіппен инкассолық өкім қойылған мемлекеттік мекемелердiң жоспарларына мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспары өзгерістер енгізу рәсімдерін жүзеге асырады.
250. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарларына инкассолық өкiмдi орындау үшiн жеткiлiктi сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтары бойынша операцияларды қайта жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарына өзгерістер енгізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берілетін шотты ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 251-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
251. Мемлекеттік мекеме демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында қойылған инкассолық өкім аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында ақша қалдығы болған кезде төлеуге берілетін шот ұсынады;
демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-сында инкассолық өкімді орындау үшін жеткілікті ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі инкассолық өкімді Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және кезектілікпен орындайды.
ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 252-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 252-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
252. Ақылы қызметтердің не демеушілік, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ бойынша операцияларды қайта жаңғырту инкассолық өкім орындалғаннан не инкассолық өкім кері қайтарып алынғаннан кейін жүзеге асырылады.
Сот орындаушысы инкассолық өкімді кері қайтарып алған кезде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі өндіріп алушының инкассолық өкімді кері қайтарып алу туралы өтініші болған не «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 59-бабында белгіленген өзге жағдайларды көрсеткен кезде инкассолық өкімді қайтарады.
253. Инкассолық өкiмді орындаған кезде инкассолық өкiмдерді есепке алу журналында оның орындалғаны туралы белгі соғылады.
Инкассолық өкiм толық орындалғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi атқарушы құжаттың түпнұсқасын төлеуге берілетін шоттың көшірмесін қоса бере отырып, екі жұмыс күні ішінде атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ілеспе хатпен қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 254-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 254-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.06. № 650 Қаулысымен 254-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
254. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне сот актiлерi, анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгiлi бiр ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндiрiсi органдарының қаулылары түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы:
1) мемлекеттiк мекеменiң кодына:
мемлекеттiк мекеменiң қызметiн ұстау жүзеге асырылатын бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша, мыналар:
жалақы және басқа да ақша төлемдері, оның iшiнде штаттан тыс қызметкерлер бойынша жалақы төлемдерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
жәрдемақылар, алименттер;
мiндеттi зейнетақы жарналары;
әлеуметтiк аударымдар;
банк қызметтерiне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын шығыстар БСК-сiн қоспаған жағдайда;
2) ақылы қызметтер ҚБШ-ына немесе демеушiлiк, қайырымдылық көмектің ҚБШ-ына, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкiм қойылған жағдайда;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады.
2) ақылы қызмет ҚБШ-ына немесе демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкім қойылған жағдайда;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына инкассолық өкім атқарушылық құжат сомасында қойылған жағдайда шығыс операцияларын жүргізуді тоқтатады;
Талап-арыздар талаптарын қамтамасыз етуге тыйым салынған кезде тыйым салынатын ақшаның сомасы мемлекеттік баж және сот шешімдерін, үкімдерін, анықтамалары мен қаулыларын орындаумен байланысты шығыстардың мөлшерінен аспауы тиіс. Атқарушы өндірісі органдары атқару құжатын орындалуын қамтамасыз етуге тыйым салған кезде ақшаның және тыйым салынған мүлік құнының сомасы өндіріп алушыға берілетін соманы, сондай-ақ атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұлдар сомасынан және атқару құжатын орындау бойынша шығыстардың сомасынан аспауы тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.26.06. № 650 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 255-тармақ жаңа редакцияда
255. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне салық (кеден) органдарының мемлекеттiк мекеменiң коды бойынша, ақылы қызметтер мен демеушiлiк, қайырымдылық көмектің, жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚБШ және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бiрiншi басшының қолы қойылған, салық (кеден) органдарының мөрiмен расталған өкiмдерi келiп түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 256-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.31.08. № 990 Қаулысымен 256-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 256-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
256. Аумақтық қазынашылық органына инкассалық өкiм ұсынылғанға дейiн мемлекеттiк мекеменiң атқарушы құжатты өздiгiнен орындауы ол белгiлеген мерзiмдерде төлеуге берiлген шоттың негiзiнде бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 165 «Атқарушы құжаттарды, сот актiлерiн орындау» ерекшелiгi бойынша жүзеге асырылады.
Атқарушы құжатты өздігінен орындау кезінде тартылатын заңгерлердің, консультанттардың қызметтеріне ақы төлеу, мемлекеттік баж төлеу Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының тиісті ерекшеліктері бойынша жүзеге асырылады.
32-тарау. Трансферттердi төмен тұрған бюджеттерге аудару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.31.08. № 990 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.11. № 1494 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 392 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 257-тармақ өзгертілді
257. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстың жергілікті атқарушы органы резервінің қаражаты есебінен трансферттерді қоса алғанда, төмен тұрған бюджеттерге трансферттерді белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының, нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің негізінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі төмен тұрған бюджеттердің кірісіне аударады.
Нысаналы даму трансферттері жоғарғы тұрған бюджеттен төменгі тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің және белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспарының негізінде оларды объектілер бойынша бөлместен, бір сомамен аударылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлігінде көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.
Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жергілікті атқарушы органдарға жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу өңірлік және жаһандық сипаттағы табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алуға немесе оларды жоюға байланысты жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды енгізу жағдайларын қоспағанда, бір бюджеттік бағдарлама шегінде жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сомасын бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын арттырумен байланысты шығыстарға, сондай-ақ жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруға қайта бөлуге тыйым салынады.
Бюджеттік субвенциялар жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға республикалық бюджет туралы заңмен және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде беріледі. Аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің түсімдерін және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде айдың бірінші он күндігі ішінде жүзеге асырылады.
Трансферттерді аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлем мақсатын көрсету үшін 02 «Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нің түсімдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттерді және нысаналы трансферттерді әрбір аудару бойынша төлеуге берілетін шоттар көшірмесін тиісті төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаперіне жеткізе отырып, төлеуге берілетін шот негізінде жүргізеді.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасасқаннан кейінгі он күннің ішінде, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі он күннің ішінде олардың көшірмелерін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалану мақсатында жібереді.
Ағымдағы қаржы жылында бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, бір ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет қаражатын үнемдеу пайда болған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға осы тармақтың төртінші бөлігін қоспағанда, аталған соманы үш жылдық бюджеттің жоспарлы кезеңінде көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттауға, сондай-ақ:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiмен келiсiм бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының;
тиісті бюджет комиссиясының белгіленген тәртіппен міндетті түрде қарауымен облыстың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiм бойынша аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының соманы ағымдағы қаржы жылында жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалар арасында ауыстыруды жүзеге асыруына рұқсат берiледi.
Көрсетілген жағдайларда жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды 10 жұмыс күні ішінде келіседі. Нысаналы даму трансферттері жөніндегі нәтижелер туралы келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін тиісті жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
258. Нысаналы трансферттерді аудару осы Ереженiң 257-тармағының бірінші абзацында көзделген нормаларды сақтай отырып, жоғары тұрған бюджет бағдарламасы әкімшісі төлеуге берілетін шотты ұсыну негізінде жүргізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі нысаналы трансферттерді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне аударуға төлеуге берілетін шотты беру негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн трансферттердiң есебiнен iске асырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiлерiнiң шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының пайдаланылатын ерекшелiгiне байланысты осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
259. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 352 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 260-тармақ өзгертілді
260. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемін қолдану кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрғанға беруге байланысты шығыстарды арттыруға әкеп соқтыратын заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің залалын өтеген жағдайда, төмен тұрған бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсі жүзеге асырады.
Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемін қолдану кезеңінде жергілікті бюджеттердің шығыстарын арттыруға және (немесе) кірістерін азайтуға әкелетін заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілдік және атқарушы органдарының актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығыны өтеген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке қаржыландыру жоспары негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жүзеге асырады.
Трансферттердi аударуды төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілеты органы төмен тұрған бюджеттiң бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi төлем мақсатын көрсету үшiн 01 «Мемлекеттік басқарудың төмен тұрған органдарынан түсетiн трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нiң түсiмдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттердi және нысаналы трансферттердi әрбiр аудару бойынша төлеуге берiлетiн шоттар көшiрмесiн тиiстi төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның қаперіне жеткiзе отырып, төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүргiзедi.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 261-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
261. Мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомасы осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін міндетті түрде қайтаруға жатады.
Төмен тұрған бюджеттердiң ағымдағы жылдың нысаналы трансферттерi бойынша да, өткен жылдардың нысаналы трансферттерi бойынша да жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомаларын өтеуді тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті нақтылау кезінде жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Бұл сомалар жоғары тұрған бюджет үшiн нысаналы трансферттердi өтеу сомалары, ал төмен тұрған бюджет үшiн - нысаналы трансферттердi өтеу жөніндегі шығыстардың сомалары болып табылады.
Қаражат аударуды төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган ҚР ББС бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша төлеуге берiлетiн шот және мемлекеттік қаржы бақылау органының ұсынымы негізінде жүргізеді. Бұл ретте төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражатты әрбiр қайтару бойынша төлеуге берiлетiн шоттың көшiрмесiн және мақсатқа сай пайдаланбауға жол берiлген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтарын қамтитын негiздеме хаттың көшiрмесiн үш күндiк мерзiмде жоғары тұрған бюджетке жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.08.12. № 1321 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 262-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен 262-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 392 Қаулысымен 262-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
262. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен және облыстың жергілікті атқарушы органы резервінен бөлінген нысаналы трансферттерді қоспағанда, қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің сомалары келесі қаржы жылында оларды мақсатқа сай сақтай отырып пайдаланылуы (түгел пайдаланылуы) мүмкін.
Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жоғары тұрған бюджеттің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (жете пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттерінің сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына дейін қайтаруға жатады.
Өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде жергілікті бюджеттердің бюджет қаражатының қалдығы есебінен пайдалануға (түгел пайдалануға) рұқсат етілген нысаналы даму трансферттердің сомасы және ол ағымдағы қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған жағдайда тиісті бюджетті түзету және бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның «Пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару» түсімдер кодына аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтаруға жатады.
Олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының жылдың басындағы бюджет қаражаты қалдықтары есебінен қаржы жылында одан әрі пайдалану (түгел пайдалану) туралы шешімі қабылданбаған, республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы трансферттердің сомаларын қайтару тиісті бюджетті түзету және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ҚР ББС түсімдердің сыныптама кодына оларды бөлген жоғары тұрған бюджеттің кірісіне аудару жолымен ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейін жүргізіледі.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жөніндегі төмен тұрған бюджеттің шығыстары жергілікті бюджетті түзету негізінде қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылатын нысаналы трансферттерді қайтару жөніндегі шығыстары болып табылады.
Қаражатты қалпына келтiруді және аударуды төмен тұрған бюджеттiң бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi нысаналы трансферттердi әрбiр қайтару бойынша төлеуге берiлетiн шоттың көшiрмесiн және негiздеме хаттың көшiрмесiн жоғары тұрған бюджетке дейiн жеткiзе отырып, ҚР ББС бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиiстi бюджеттiк бағдарламасы бойынша төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүргiзедi.
Ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен алынған, жоғары тұрған бюджетті нақтылау (түзету) немесе секвестрлеу кезінде азайтылған (шығарып тасталған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару үшін төмен тұрған бюджеттер белгіленген тәртіппен тиісті бюджетті нақтылауды (түзетуді) жүзеге асырады. Төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджет әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулылары қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке азайтуға немесе алып тастауға жататын нысаналы трансферттер сомасын қайтаруды қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 263-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
263. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 264-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
264. ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 352 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
33-тарау. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу тәртібі
265. Тәртіп Бюджет кодексіне сәйкес Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) әзірлеуге бірыңғай амалды қамтамасыз ету үшін әзірленді.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 266-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
266. Келісім:
шешіміне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсат пен міндеттерді;
нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тура және түпкілікті нәтижелер;
жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тура және түпкілікті нәтижелері туралы есепті тиісті жоғарғы тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсынуы туралы міндеттемені;
тараптардың шешімі бойынша анықталатын басқа да талаптар.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 267-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
267. Келісім бір қаржы жылына осы Ереженің 93-қосымшасына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей:
жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің.