Уважаемый пользователь, документ к которому Вы обратились, не входит в Ваш комплект.
Для того чтобы получить документ, Вам необходимо заполнить расположенную ниже форму запроса,
и тогда документ будет отправлен Вам по электронной почте.
Так же Вы можете обратиться в центр обслуживания по тел.: +7 (495) 972-24-02 (в рабочие дни с 9:00 до 18:00 МСК).
Руководитель отдела по работе с клиентами: +7 (926) 108-92-64
ФИО или название орагинизации:
E-mail для ответа:
Сообщение:
Примечание: Название и реквизиты необходимого документа можно не указывать,
они вычисляются автоматически при нажатии вами на ссылку и передаются в вашем запросе.
Отправить
Отмена
С уважением к Вам, Служба поддержки «ИС Континент».
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.14.02 № 141 ҚАУЛЫСЫ
Введите текст
Наверх
Сравнение редакций
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
179. Осы Ереженiң 15 және 16-қосымшаларына сәйкес анықталатын санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу 3,6-дан 5,0-ке дейiнгі жай-күйiнiң орташа өлшемдi баллы бар, төзiмдiлiгi 3-сыныбының екпелерiнде жүргiзiледi.
Санитарлық мақсатта ағаш кесу, егер қалған зақымданбаған екпелердiң жуандығы 0,2-нi құраса және одан төмен болса, жаппай кесу деп саналады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
180. Санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу екпелердi ендi сауықтыра алмайтын және екпелер жуандығының 0,5-тен төмендеп кетуiне әкеп соғатын кезде жас шамасына қарамастан санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу тағайындалады; шырша мен майқарағай екпелерi үшiн - 0,6-дан төмен (жiңiшкелiгi табиғи болмысы болып табылатын ағаш тұқымдары бұған қосылмайды).
Бүлiнген және әлсiреген, пiсiп-жетiлген екпелер олардың тiршiлiк ету қабiлетiнiң бұзылу дәрежесiне қарамастан бірiншi кезекте кесуге тағайындалады. Мұндай ағаш кесу басты мақсатта ағаш кесу тәртібімен жүргiзiледi, оларды жүргiзу кезiнде зиянкестердiң қауiптi түрлерi мен ауру ошақтарының көбеюiн болдырмау жөніндегі қосымша шаралар олардың биологиясы мен нақты жағдайларын ескере отырып қолданылады.
Қорғаныштық, су қорғау, санитарлық-гигиеналық және сауықтыру маңызы бар ормандарда (қала ормандары мен орман парктерi, қала маңындағы жасыл аймақ, басқа да елдi мекендер мен өнеркәсiп кәсiпорындары ормандары, сумен қамту көздерiн санитарлық қорғау округтерiнiң ормандары және курорттарды санитарлық қорғау аймағының ормандары, өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су қоймаларының жағаларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi, эрозияға қарсы ормандар), сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесуге өзiнiң мақсатты функцияларын толық жоғалтқан екпелер Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес көзделген ерекше жағдайларда кейiннен ағашы кесiлген алқаптарда ормандарды бірiншi кезекте қалпына келтiрудi мiндеттi түрде жүргiзумен тағайындалады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
181. Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесуге белгіленген екпелерде мiндеттi түрде орман мекемесiнiң бас орманшы, орманшы немесе оның көмекшiсi, орман патолог-инженерi, ал қажет болған жағдайда басқа да мамандар қатысатын орманды патологиялық зерттеу жүргiзiледi.
Тексеру материалдарын орман мекемесiнiң бас орманшысы бекiтедi.
Орман орналастыру кезiнде санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесуге белгiленген орман учаскелерi, егер бұған орман патолог-инженерi қатыспаса, сол сияқты тексеруге жатады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
182. Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесудi жүргiзу кезiнде әрбір мөлдек алаңы 5 га-дан аспауы тиiс.
Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесудi жүргiзуге рұқсатты уәкiлеттi орган бередi.
Кесiлетiн сүрек кеспеағаш қорының жылдық белгіленген лимиті есебiнен берiледi, ал қажет болған жағдайда одан жоғары болады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
183. Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу белгiленген әрбір орамда екпелердiң орман патологиялық жай-күйiнiң сипаттамасы үшiн тік бұрышты немесе ұзына бойына созылған сынақ алаңдары салынады және жалпы сынақ алаңы тексерiлетiн учаскенiң көлемi 100 га-ға дейiн болған жағдайда - оның алаңының 2%-нан; 100 га-дан жоғары болған жағдайда - 1%-нан кем болмауы тиiс.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
184. Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесудi жүргiзуге арналған рұқсатты алу үшiн мынадай құжаттама ұсынылады:
кесуге белгiленген екпелердi комиссияның тексеру немесе зерттеу актісi;
санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесудi қажет ететiн екпелердiң уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы жиынтық ведомосы;
биологиялық төзiмдiлiгiнен айырылған екпелерде қалдырылған сынақ алаңдарының уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы жиынтық ведомосы;
орамдарды, олардың алаңдарын көрсете отырып және сынақ алаңдарын белгiлей отырып, жаппай ағаш кесуге белгiленген учаскелерге арналған планшеттiң көшiрмесi.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
185. Кесуге белгiленген екпелердi комиссия тексеру немесе зерттеу актiсiнде: мемлекеттік орман қорының қорғаныштық санаты, екпелердiң бағалау сипаттамасы, олардың бүлiну себептерi, жаппай санитарлық ағаш кесудi жүргiзу қажеттiгiнiң негiздемесi, кесу жеделдiлiгi және оны жүргізу белгіленген мерзiмдер, одан кейiнгi қайта жаңартуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар және аралас екпелердiң күйзелiсiн болдырмау үшін қажеттi іс-шаралар көрсетiледi.
Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
186. Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу кезiнде мынадай шарттарды сақтау қажет:
1) ағашы кесiлетін алқап оның өсуi табиғи түрде мүмкiн болмайтын жағдайда бірiншi кезекте орман дақылдарын отырғызуға тағайындалады;
2) аралас сау екпелердi орман патологиялық қадағалау белгіленедi, онда ауру және діңдік зиянкестер жаңадан пайда болған ағаштарды уақтылы тазарту және қоқыстардан тазарту жүргiзiледi.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
187. Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесудi талап ететiн жел сұлатқан, дауыл құлатқан, зиянкестер бүлдiрген немесе аурулармен зақымдану нәтижесiнде кеуіп кеткен өртеңдер немесе екпелер учаскелерi өрттердiң таралуын, зиянды жәндiктердiң көбеюiн болдырмау және сүректің техникалық сапаларын жоғалтпау мақсатында алаңдарды кесiлгеннен кейiнгi қалдықтар мен қоқыстардан ұқыпты тазартумен, мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде игерiледi.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
188. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде пайдалану үшін мүмкiн болатын жел сұлатқан, дауыл құлатқан немесе қылқан жапырақты кеміргiш жәндіктермен бүлiнген (кеуiп қалу және дiңдiк зиянкестердiң қоныстану белгiлерi болған кезде), сондай-ақ жоғары немесе төменгi дәрежелi өрттермен бүлінген қылқан жапырақты екпелер ағаш кесуге біріншi кезекте шығарылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
22. Орамдық соқпақтар мен өртке қарсы жыралар салуға байланысты ағаш кесу
189. Орман соқпақтарын тарту мен өртке қарсы жыралар жасауға байланысты ағаш кесулер орман орналастыру материалдары, ормандардың өртке қарсы құрылғыларының бас жоспарларының негізiнде:
1) орман мекемелерінің орамдық желiлерiн бастапқы ұйымдастыру кезiнде;
2) орман мекемелерiнiң орман орналастыру разрядын өзгерту кезiнде;
3) орманды күзету және қорғау жүйесiн жақсарту мақсатына қарай айтарлықтай қайта қарау жағдайларында жүзеге асырылады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
190. Орамдық (жартылай орамдық) соқпақтар мен өртке қарсы жыралар салуға байланысты ағаш кесулер жаппай ағаш кесу тәртібіне сәйкес жүргiзiледi.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
191. Орамдық соқпақтар мен өртке қарсы жыралар салуға байланысты ағаш кесу көлемi сүрек қоры мен ағаш кесу алаңы бойынша олардың нормативтiк ені мен ұзындығын негiзге ала отырып, айқындалады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
192. Өтімдi қоқыстарды жинау эстетикалық мақсаттарда және орман өрттерiнiң алдын алу, желсұлатпа, дауыл құлатқан, қар басқан, сондай-ақ ағаштардың механикалық бүлiнуiнiң болуы кезiнде орман зиянкестерi мен ауруларының көбеюi мен таралуын болдырмау мақсаттарында жүргiзiледi.
Бірiншi кезекте діңдік зиянкестер ошақтарының пайда болу қаупi бар жас шөпшектер, ағаштардың механикалық бүлiнген учаскелерi игерiледi. Игеру мерзімдерi зиянкестердiң негiзгi түрлерiнiң биологиясымен байланысады.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
Показать изменения
23. Су тораптарының, құбыр өткiзгіштердiң, жолдардың құрылысына қатысты орман алқаптарын тазартуға байланысты
ағаш кесу; өзге мақсаттар үшін ағаш кесу
193. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде су тораптары, құбыр өткiзгiштерi, жолдар, басқа да желiлiк құрылыстар (объектілер) құрылыс объектiлерi болып табылады.
Объектiлердi салу үшiн орман алқаптарын тазарту заң белгiлеген тәртiппен уәкілетті органның рұқсаты бойынша жаппай ағаш кесудi жүргізу тәртібiне сәйкес жаппай ағаш кесу жолымен жолақтар немесе алқаптар түрiнде жүзеге асырылады.
Орман алқаптарын тазарту бойынша ағаш кесу көлемi дайындалатын орман материалдарының саны бойынша есептеледi.
Поставить закладку
Посмотреть закладки
Добавить комментарий
194. Осы Ереженi бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
1-кесте
Орманды дала мен далалық аймақтардың шоқ ағашты
ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн кесу
Показать изменения
Кесуге түсетiн екпелердiң сипаттамасы
кесу
тәсілі
Кесуге дейінгі
жалпы жуандығы
Қор бойынша іріктеу
Жанасу мерзімі,
жыл
Показать изменения
жуандығы кезінде
кесу %
1
2
3
4
5
6
1.1. Өскiннiң болуына қарамастан байырғы шоқ қайыңдар мен көктеректер 5 га астам шоқ ағаштар
ЖК
0,3-1,0
0,3-1,0
100
2
5 га шоқ ағаштар және одан кiшi
ЖК
0,3-1,0
0,3-1,0
100
**
1.2. «Өзендердiң, көлдердің, су қойма- ларының және басқа да су объектілерiнiң жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» мемлекеттік орман қоры санатында өскiн- дiк тәсiлмен қалпына келтірiлетін жайылма жапырақты сүрекдіңдер
ЖК
0,3-1,0
0,3-1,0
100
2
Орманды дала, далалық және жартылай шөлейт табиғи аймақтардың барлық орман өсіру аудандарының ормандарында өсірілетін бұталар (сары қараған)
1.3. Бұталар -сары қараған
ЖК
0,3-1,0
0,3-1,0
100
2
кестенің жалғасы
Показать изменения
Кесуге түсетiн екпелердiң сипаттамасы
Кеспеағаштың
ені, м
Кеспеағаштың
ең үлкен алаңы, га
Ескертпе
1
7
8
9
Показать изменения
1.1. Өскiннiң болуына қарамастан байырғы шоқ қайыңдар мен көктеректер 5 га астам шоқ ағаштар
40
5
Жуандығы 0,3-0,4 қайың екпелерінің
кесілген жерлерiнде осы тұқымдас орман дақылдары отырғызылады
5 га шоқ ағаштар және одан кiшi
*
2,5
* Шоқ ағаштар екi кезекпен кесiледi:
Бірiншiсi - оның жел өтіндегі бөлігі.
** екiншi кезек өскiнiнiң 1,5 метр биiктігi кезiнде, ал орман дақылдарын отырғызу кезiнде 3 жылдан кейiн жүргiзiледi.
1.2. «Өзендердiң, көлдердің су қойма- ларының және басқа да су объектілерiнiң жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған белдеулерi» мемлекеттік орман қоры санатында өскiн- дiк тәсiлмен қалпына келтірiлетін жайылма жапырақты сүрекдіңдер
25
1,5
Орманды дала, далалық және жартылай шөлейт табиғи аймақтардың барлық орман өсіру аудандарының ормандарында өсірілетін бұталар (сары қараған)