137. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы темір жол мен автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орман алқаптарында күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу осы Ереженiң 136-тармағында келтiрiлгендей жүргізіледi.
16. Аграрлық мелиоративтік екпелерде күтім жасау мақсатында ағаш кесу ерекшеліктері
138. Аграрлық мелиоративтiк екпелерде (дала қорғаныштық орман жолақтары мен басқа да қорғаныштық екпелер) күтiм жасау мақсатында ағаш кесу олардың бағытын ескере отырып және олардың мелиоративтiк маңыздылығын күшейту мақсатында жүргiзiледi. Олардың негізiнде орман белдеулерiнде жолақтардың мынадай құрылымдары құрылады әрі қолданады:
1) жел соғатын жолақтар - далада қарды біркелкi бөлу үшiн. Оларда дiңдердiң және жолақтың жер үстіндегi 1,5 метрлiк бөлігінiң арасындағы ашық жер көлемi 60-70 пайызды, ұшарбасы арасында - 15 пайызды құрайды. Мұндай жолақтарда қардың орташа биiктiгi қыс маусымының аяғында 80-90 см дейiн, ал қар шлейфінің жалпы ұзындығы ағаш биiктігiнiң 30 және одан көбіне дейiн жетедi;
2) өрнектелген - қатты желдер мен шаң дауылдарының терiс ықпалын әлсiрету үшiн. Оларда бүкiл профилi бойынша ашық жерлер көлемi (дiңдер мен ұшарбасы арасында) 25-35 пайызды құрайды. Мұндай жолақтарда қардың орташа биiктігі 90-140 см дейiн және қар жалының жалпы ұзындығы ағаш биiктігінің 15-29 дейiн жетедi;
3) жел соқпайтын (тығыз) - топырақты су эрозиясынан, ал тоғандар мен су қоймаларын лайланып кетуден қорғау үшiн - төтесiн ашық жерлерсiз. Оларда қардың орташа биiктігі 140 см жоғары, ал қар жалының жалпы ұзындығы 15 ағаш биiктiгiнен аспайды.
139. Қалыңдығы, тұқымдық құрамы мен жолақтардың жай-күйiне байланысты дала қорғаныштық орман жолақтарында жас шамасына қарай күтiм жасау мақсатында ағаш кесу үш кезеңге бөлiнедi:
1) бірiншi кезең - жолақтардың толық жанасуына дейiн - 3 жастан 6 жасқа дейiн, ал қылқан және қатты жапырақтылар үшiн - 6 жастан 10 жасқа дейiн (жарық түсіру);
2) екiншi кезең - жолақтардың тиiстi құрылымын қалыптастыру - 7 жастан 15 жасқа дейiн, ал қатты жапырақтылар үшін - 11 жастан 20 жасқа дейiн (тазарту);
3) үшiншi кезең - қажеттi құрылым мен тiршiлiк етуге қабілетті жолақтарды қолдау - 16 жастан бастап және одан жоғары, ал қылқан және қатты жапырақтылар үшін - 21 жастан бастап және одан жоғары.
140. Бірiншi кезеңде күтім жасау мақсатында ағаш кесу ұшар басының жанасу сәтiнен бастап басталады және басты тұқымдардың өсу жағдайын жақсартуға, оларды кедергі келтiретiн тұқымдар мен бұталардан босатуға бағытталады. Топырақ-климаттық жағдайға байланысты бұталардың 25%-дан 50%-ға дейiнi кесiледi. Бұталардың қалған бөлiгiн кесу жолақтың байқалған құрылымына байланысты олардың өсiмiне қарай жүргiзiледi. Бірiншi кезеңнiң соңына қарай 2500-4000, ал қою қызғылт топырақтарда - 1 гектарға 1500-2500 ағаш қалдырылады.
141. Екiншi кезеңде күтім жасау мақсатында ағаш кесудi жүргізу кезiнде басты тұқымдарға күтiм жасау жүргізiледi және тиiстi қар бөлу қасиеттерi бар дала қорғаныштық жолақтың нақты құрылымы қалыптастырылады. Бұл ретте құрғап қалған, ауруға ұшыраған, бүлiнген, кеуіп бара жатқан ағаштар, сондай-ақ басты тұқымдардың өсуiне кедергi келтiретiн өсiмтал тұқымдардың сау ағаштары кесiледi. 1 гектарға 2000-3000, ал қою қызғылт топырақтарда - 1500-2000 ағаш қалдырылады.
Жел соғатын құрылымы бар жолақты құру кезiнде басты тұқымдарға терiс әсерiн тигізетiн барлық бұталар кесiледi.
Көлеңкелi-сүрек түріндегі биiктiгі 1 м және бұталы-сүрек түріндегі биiктiгі 1,5 м орман жолақтарындағы барлық ағаштардың бүйiр бұталарын кесу жүргiзiледi. Бұл кезеңде жел соғатын жолақтар ұшар басы мен дiңдердегi жарық түсiру мөлшерiне бойынша, сондай-ақ қар бөлу қасиеттерi бойынша қалыптастырылады. Ол арқылы күтiм жасаудың қайталанушылығы және оның қарқындылығы реттеледi.
Өрнектелген құрылым жолақтарын қалыптастыру кезiнде бұталардың жартысына дерлігі жолақтың ұзындығы бойынша біркелкі кесiледi, ал бұталардың қалған жартысы біртiндеп жасартылады. Биiктiгi 1,0-1,5 м ағаш бөлiктерiнiң бүйiр бұтақтарын кесу жүргiзiледi. Сүрек шымылдығының ұшар басының тұйықталуы жарық түсіру мөлшерiмен және қар бөлу сипатымен реттеледi. Екпелердiң құрамына кiретiн жемiс ағаштарының ұшар бастарын жемiс салуын арттыру мақсатында сиреткен жөн.
142. Yшiнші кезеңде күтiм жасау мақсатында ағаш кесу жолақтың қажеттi құрылымын, өмiршеңдiгін және ұзақ жасауын сақтауды қамтамасыз етедi. Жолақтардың барлық құрылымында күтiм жасау мақсатында ағаш кесудi жүргізу кезiнде кеуіп бара жатқан, ауруға ұшыраған, бүлінген, басты тұқымдарға кедергі келтiретiн қатты әлсiреген ағаштар кесіледi. Шамамен 1500-2000, ал қою қызғылт топырақтарда 1 гектарға - 1000-1500 ағаштар қалдырылады. Осы кезеңде жолақтарда ағаштардың ұшар басының тұйықталуын 0,7-0,8-ден төмендетуге жол берiлмейдi.
Жел соғатын құрылым жолағында және оның айналасында қардың көп мөлшерде жиналуын болдырмау мақсатында күтім жасау мақсатындағы ағаш кесу кезiнде шеткi қатарларда орналасқан ағаштардың биiктiгi
2 м дейiнгі бұталары кесiледi.
Өрнектелген және жел соғатын құрылым жолақтарында үшіншi кезеңде оларды жасарту мақсатында бұталарды біртiндеп кесу жалғасады.
143. Эрозияға қарсы, су реттегіш және басқа да қорғаныштық екпелердi өсiру кезiнде күтiм жасау мақсатында ағаш кесу негiзiнен 0,8 кем болмайтын деңгейде сүрек шымылдығының тұйықталуын қолдау мақсатында жүргiзiледi. Ағаштардың төзiмдiлiгiн жоғарылатуға бағытталған, осындай алқаптардың шекараларында өсiрiлетiн екпелердiң шетіне күтiм жасау бір уақытта жүргiзiледi.
144. Сай-сала мен жыра маңындағы орман жолақтары мен алқаптарда сай-саланың баурайын көлеңкелеу, топырақтың шайылуын болдырмау және күтiм жасау мақсатында ағаш кесу арқылы олардың қар жинақтау функцияларын сақтау мақсатында бұталар мен екiншi қатардағы тұқымдардан орман шетiн сақтай отырып, орман шымылдығының жоғары тұйықталуын қолданады.
Сай-сала мен жыра екпелерiнде күтiм жасау мақсатында ағаш кесу қалың ормандардағыдай жүргiзiледi.
17. Орманға күтiм жасаудың басқа түрлерi
145. Орманға күтім жасаудың басқа түрлеріне екпелерде бұталарды кесу, орман шетiне күтім жасау мен аласа ағаштарға күтiм жасау жатады, бұл көбiнесе екпелерде күтiм жасау мақсатында ағаш кесудiң бірнеше түрлерiн жүргiзу арқылы байланысады.
146. Қылқан жапырақты екпелерде бұталарды кесу оның сапасын жақсартады және iскерлiк жоғары сортты сүректің шығуын жоғарылатады және жұмсақ жапырақты екпелерде iшкi шiрiктiң пайда болуының алдын алуға жәрдемдеседi, жабайы жемiс тұқымдарында, самырсын мен грек жаңғағында - жемiс берудi жақсартады, бұл негiзiнен орман шаруашылығы қарқынды жүргiзiлетiн аудандарда жүргiзiледi:
1) терек плантацияларында және кейбір жемiс ағаштарында төменгі бөлiгіндегі бұтақтар мен жас өскіндердің тармақтарын жою мiндетті болып табылады;
2) екпелерде бұтақтарды кесу әсiресе 10-12 жаста басталады және биiктiгі 6-7 метрге дейiн дiңдердi тазарту мақсатында өлiп қалған және әлсiреген бұталардың пайда болуына қарай 7-10 жыл сайын қайталанады;
3) бұтақтарды кесу дiңнiң бүйiр бетiмен қатар, қабық бетiнiң деңгейiнде жүргiзiледi. Бұл ретте қабыққа зақым келтiруге жол берiлмейдi, тегіс кесу керек.
Тұқымдар (терек) қатарынан қураған бұтақтарды жою қадамен қаптау арқылы жүргiзiлуi мүмкiн;
4) өсу кезең басталғанға дейiнгi ерте көктем бұтақтарды кесудi жүргiзу үшiн жақсы уақыт болып табылады. Жаз бен күздiң аяғында орманда саңырауқұлақ ұрықтарын жаппай себу жүргiзiлетiндiктен, бұл уақытта осы жұмыстарды жүргiзбеген жөн.
147. Орман шетiне күтiм жасау олардың белдеулерiнiң шекаралық төзiмдiлiгiн жоғарылату мақсатында жүргізiледi. Олардың көмегімен халық аз қоныстанған аудандарға жақын ормандарда орман шекарасы ағаштарда екпелердiң жуандығын 0,4-0,5-ке дейiн сирету арқылы енi 5-10 м белдеуде төмен иiлген ұшарбастарын құру жолымен «жабылады» және халық тығыз қоныстанған аудандарға, жолдарға және аңыздық, сабан және құрғақ шөп қалдырылатын ауыл шаруашылық жерлерге жақын ормандарда дала өрттерiнiң орман өрттерiне ұласып кетуiнiң алдын алу үшiн, керiсiнше, шеткi ағаштардың ұшар бастары төмен иiлген олардың бұтақтарын кесу арқылы көтерiледi.
148. Аласа ағаштарға күтім жасау орман мен құнды тұқымдардың өскiндерiнiң өмiрiнде оның атқаратын рөлiне байланысты жүзеге асырылады. Анық терiс әсер туғызған жағдайда ол сиретiледi, толық немесе iшiнара кесiледi, оң әсерi кезiнде - сақталады. Бірақ бұл шаралар аласа ағаштардың жалпы экологиялық функциялары мен жергiлiктi флора және фауна үшiн оның пайдасы ескерiле отырып жүргiзiледi.
18. Санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу
149. Санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу орман қорғаныштық iс-шараларына жатады және ағаштардың iшiнен өсу мерзiмi аяқталған ағаштарды және орман аурулары мен зиянкестерiмен бүлiнгендерiн тазарту жолымен сүрекдiңдердi сауықтыруға бағытталған және алдағы уақытта күтiм жасау мақсатында ағаш кесудiң қарапайым түрлерiн жүргiзу жоспарланбаған шұғыл араласуды талап ететiн санитарлық жай-күйі кезiнде тағайындалады.
150. Санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу төзiмдiлiгiнен айрылған екпелерде жүргiзіледi, мұндай екпелерде табиғи түрде қурағанмен салыстырғанда зиянкестердiң жаңадан қоныстануы, кеуiп кетуі, қурауы, жел сұлатпа, дауыл құлатқан, қар басқан, қар жапқан, аурулармен зақымданған, діңдік зиянкестер қоныстанған және Ағаштардың санитарлық жай-күйiнiң шәкiлiне сәйкес анықталған жай-күйінің 1,6-дан 3,5-ке дейiн орташа өлшемдi баллы бар ағаштар өсуiн тоқтатқанға дейiнгi өзге де жолмен бүліну пайда болуының жоғарлауы байқалады.
151. Санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу екпелердiң тұтастығы мен төзiмдiлігінiң бұзылуына әкелмеуi тиiс. Олай болмаған жағдайда екпелер санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесуге және қайта жаңғыртуға жатады. Санитарлық мақсатта iріктеп ағаш кескеннен кейiн екпелердiң жуандығы 0,5-тен төмен, ал шырша мен майқарағай екпелері үшiн 0,6-дан төмен болмауы тиiс. Қажет болған жағдайда орман патологиялық тексеру материалдарының негізiнде жуандығы одан әрi төмендетiлуi мүмкiн.
Гаузер қабық кеміргiшi мен микрофаг зақымдаған, жуандығының төмен болуы олардың табиғи жай-күйi болып табылатын екпелерде (арша, пiсте, сексеуiл және басқалары), сондай-ақ ландшафты ормандарда және Шренк шыршасының таулы ормандарында санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу кезiнде жуандықты 0,3-ке дейiн төмендетуге жол беріледі.
152. Санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесудi жүргізу орман орналастыру деректерi немесе арнайы орман патологиялық тексеру негізiнде жоспарланады.
153. Ағаштарды кесуге iрiктеудi және таңбалауды орманшылар, олардың көмекшiлерi немесе учаскелiк техниктер (орман шеберлерi) жүргiзедi.
154. Өртпен, желмен, қармен мүлдем әлсiреген, орман игеру кезінде айтарлықтай бүлiнген ағаштар оларға дiңдiк зиянкестер қоныстанғанға және аурулармен зақымданғанға дейiн iрiктеуге жатады. Ірiктеп ағаш кесуге ағаштарды iрiктеу кезiнде ағаштың бүлiну (зақымдану) деңгейін, зиянкестер мен ауру қоздырғыштар биологиясының ерекшелiктерін басшылыққа алады.
155. Орман өрттерiнен кейiн санитарлық мақсатта ағаш кесуге ағаштарды iрiктеудi ұшар басының, дiңiнiң, түп табандарының отпен бүлiнуiн, ағаштардың жалпы жай-күйiн бағалай отырып жүргiзедi. Жас қарағайларда алғашқы екі жылда дiңдердегi күйiк биiктiгi (қабығы жұқа аймақтың төменгі бөлiгiнiң күйігі қауiптi), сондай-ақ құрғақ және өте құрғақ түрлерде - түп табандары мен тамыр мойындарының күюі (айналасының қауiптi деңгейi 75% немесе одан көп) ағаштардың тiршiлiк етуге бейiмдiлiгiнiң неғұрлым шынайы белгiлерi болып табылады. Балқарағай мен көктерек ұқсас сипатта бағаланады. От шалу салдарынан төзiмсiздеу шырша, қайың және майқарағай жалпы әлсiрейдi, келбетінен айрылады, қурайды. Өртеңдерде жедел ағаш кесуге құлаған ағаштар да жатады.
Санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесуге ағаштар отпен бүлiнгеннен кейін шұғыл түрде кірісу қажет және кесуді көктемгi өртеңдерде - келесі жылдың 1 маусымына дейiн, ерте жазда - 1 тамызға дейін, кешiрек жазда және күзде - келесі жылдың 1 мамырына дейiн аяқтау қажет.
156. Жел сұлатқан ағаштарды тасу немесе сындыру кезiнде толық немесе iшiнара құлаған немесе сынған ағаштар тазартуға жатады; бұл ретте бүлінген орманды игеру мынадай мерзiмдерде аяқталуы тиiс: бүлiну қоңыр күзде және күзгі-көктемде болған кезде - 1 мамырға дейiн, көктемгi кезде - 1 шілдеге дейiн, ерте жаз кезiнде - 1 тамызға дейiн. Алаңы жағынан желсұлатқан және дауыл құлатқан көлемдi учаскелер ағаш кесу мерзімдерi мен кезектiлігін қадағалау арқылы өзгертiле отырып, 1-2 жылда игеріледі.
157. Қар және мұз қату салдарынан бүлiнген екпелерде ұшарбасының 213 және одан астамы бүлiнген ағаштар, сондай-ақ құлаған ағаштар мiндетті түрде кесуге жатады. Мұндай ағаштарды тазартудың ұсынылған мерзiмдерi - 1 шiлдеге дейiн, бірақ келесi жылдың 1 мамырынан кешіктiрiлмейдi.
158. Дiңдiк зиянкестер қоныстанған ағаштарды iрiктеу өрттермен, жел сұлатқан, қар басқан, қурап қалған, шамадан тыс ылғалданған, өндiрiстiк қалдықтармен, қылқан жапырақ кеміргіш жәндіктермен, тамыр шiруiмен және басқа да қауiптi аурулармен, өзге де себептермен немесе себептер кешенiмен бүлiнген немесе әлсiреген екпелерде пайда болған олардың көбею ошақтарында жүргiзiледi.
Зиянкестер жаңадан қоныстанған ағаштарды iрiктеу, таңбалау және кесу кезiнде ағаштардың құруының түрлi типтері кезiнде зиянды жәндiктердiң қоныстануын сипаттайтын белгiлердi, cүpeк тұқымдары мен зиянкестер түрлерiнiң биологиялық ерекшелiктерiн, аймақтық және ауа райының жағдайын басшылыққа алады, бұл ретте қылқан жапырақты тұқымдарда қабық кеміргiштердiң қоныстануы жетекшi индикатор болып табылады.
159. Тамыр аузы мен опенка бүлдiрген қылқан жапырақты екпелерде жай-күйінің III-IV-санатты ағаштары кесуге жатады, бұл ретте аталған аурулармен бүлінген және құрғап қалған ағаштарды iрiктеу кеуіп кеткен учаскелерде де жүргiзiледi.
Түбір шiрiктерiнiң ошақтары болған, дiң зиянкестерiнiң саны көбейiп кеткен жағдайларда ауру ағаштарды iрiктеудi жәндiктердiң даму мерзімдерi олардың биологиясының ерекшелiктерi, аурулардың таралу жайы, ошақтың кезеңi ескеріле отырып, жаңадан отырғызылған ағаштарды iрiктеуге тұспа-тұс келтiредi.
Емен ағаштары мен басқа да жапырақты екпелердегі опенка ошақтарында санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу осылай жүргiзiледi.
Тамыр ауруы ошақтарында санитарлық мақсатта ірiктеп ағаш кесудi басқа да қорғаныштық және орман шаруашылығы iс-шараларымен ұштастыру, сондай-ақ ағаш кесу қарқындылығы әрбір нақты жағдайға бойынша айқындалады.
160. Серянка - шайыр iсiгiмен зақымданған емен екпелерiнде бірiншi кезекте аурулардың жоғарғы деңгейiмен зақымданған (ұшар басының төменгi бөлiгіндегі зақым дiңнiң айналасының 2/3 қамтиды), қылқан жапырақтары сарғайған, дiңдiк зиянкестер қоныстанған, сондай-ақ Крафт бойынша өсудiң IV-V сыныптарының әлсiреген ағаштары iрiктеп алынуы қажет. Екiншi кезекте шыңдары құрғақ ағаштар кесiледi. Бүлiнудiң бастапқы деңгейiндегі ұшар басы сиреген және қалыпты қылқан жапырақтары бар ағаштар қарағайдың аурумен одан әрi зақымдануына қарай кесiледi.
ҚР Үкіметінің 2012.07.03. № 305 Қаулысымен 161-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
161. Тамыр микозасымен зақымданған емен ормандарында жай-күйі IV-VI санаттағы ағаштар, ал III-IV санаттағы шегіршін ағаштарының голланд аурулары ошақтарындағы ағаштар тазартуға жатады. Ағаш кесуді күзгі-қысқы кезеңде жүргізген дұрыс, бұл ретте осы ағаштарды іріктеу және таңбалау зиянкестер жаңадан қоныстанған ағаштарды іріктеу уақытына келтіріледі және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 1591 қаулысымен бекітілген Ормандардағы санитарлық қағидаларда айқындалған жәндіктердің қауіпті түрлерінің биологиясын ескеретін мерзімдерде жүргізеді.
162. Майқарағай, балқарағай және жапырақты тұқымдардың некроздың iсiк шалған ошақтарында ауру ағаштарды iрiктеу дiңнiң айналасының 1/2 астамы жаралармен зақымданған кезде, сондай-ақ кеуiп бара жатқан және кеуiп кеткен, дiңдiк зиянкестер қоныстанған немесе өңделген кездерде жүргiзіледi.
163. Қылқан жапырақты және шаруашылық тұрғыдан құнды жапырақ тұқымдары дiңдердiң шiрiк ауруларына ұшыраған кезде жемiс беретін ағаштар кесуге жатады. Қуыстары бар өмiршең ағаштар (3-5 дана/га дейiн) пайдалы құстар мен аңдардың қоныстануына ықпал ету үшін қалдырылады. Сол сияқты қуыс ағаштар қалдырылады, егер орманның осы учаскесiнде олар анықталса қауiптi зиянкестердiң этномофаг - жәндiктердiң баспанасы ретiнде қызмет етедi.
Дiңдiк шiрiктермен бүлiнген көктерек, қайың және тал екпелерiнде санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу ағаштардың жалпы бүлiнуi 20%-дан аспайтын кезде ормандардың құнды учаскелерiнде (орман паркі шаруашылығы мен санитарлық-гигиеналық ормандар) ғана жүргізiледi. Ормандардың барлық топтарындағы бұл екпелер дiңдiк шiрiктермен айтарлықтай зақымданған кезде аса құнды тұқымдардың сүрекдiңiне айырбастала отырып, қайта жаңғыртуға жатады.
164. Паразитті өсiмдiктерi - омела, ремневцветник немесе ломонос, арша және басқалар бар ағаштар келбетiн айтарлық жойған жағдайда ғана кесiледi; шамалы әлсiреген ағаштарда паразит зақымдаған бұтақтар кесіледi. Бұл жұмыстарды орман көбiнесе қысқы уақытта орындайды.
165. Атмосфераның өндiрiстiк ластануы (газданған, шаң басқан, түтiн шыққан) аймағында зиянды жәндiктердiң даму мерзiмдерiн ескере отырып дiңдiк зиянкестер қоныстанған ағаштарға, сондай-ақ жай-күйi IV-VI санаттағы ағаштарға кезең-кезеңiмен iрiктеудi жүргiзу қажет.
166. Механикалық жолмен бүлiнген ағаштар және тұяқты жануарлар бүлдiрген ағаштары бар екпелерде дiңдерi мен тамыр мойындарының жартысы және одан да көп мөлшерi зақымданған ағаштар (тамыр табандары бүлiнген кезде - олардың жер үстіндегі бөлiгiнiң жартысынан астамы), сүректiң шiрiкпен, мүйiздi кеміргiштермен немесе ағашты бүлдiретiн басқа да жәндiктермен бүліну белгiлерi бар, сондай-ақ сынған, құлаған, кеуіп бара жатқан және кеуiп қалған ағаштар кесуге жатады.
167. Шөлейт аймақтың тоғайлы ормандарында санитарлық мақсатта iрiктеп ағаш кесу ағаштардың 30%-на дейiн кеуiп кетуi және екпелердiң жуандығы 0,6-0,9 болған кезде жүргiзiледi. Осы ағаш кесуді жүргізу кезiнде ағаштың жуандығы 0,5-тен, ал тыйым салынған белдеулердегi өзендер жағалауы бойынша - 0,7-ден төмен болмауы тиіс. Тоғайлы ормандарды сауықтыруға бағытталған, зиянкестердi тікелей жоюға қатысты алдын алуды қамтитын неғұрлым тиiмдi iс-шара зиянкестер жаңадан қоныстанған ағаштарды iрiктеу болып табылады.
Тоғайларда ағаштарға зиянкестердiң қоныстануының негізгі белгілерi: өсiмінiң төмендеуi, өркендердің қысқаруы, жапырақтар көлемiнiң азаюы, ұшарбасының сиреуi болып табылады. Қосымша белгілері: мұртты қоңыз, зер қоңыз және дің ішіне жасырынатын басқа да зиянкестер құрттарының қабық астынан және сүректе жол салуы кезiнде шашылып түсетiн қоңыр түсті ұлпа; наманган және жиделік шұбар мұртты қоңыздар кеміретiн ағаш кертiктерi; ұзынша зер қоңыздардың жұмыртқа салатын қалпақшалары; зер қоңыздар (теректiк кішкентай, туран-гилдік ұзынша және өзбекстандық), наманган мұртты қоңызы және басқалар қоныстанған кезде пайда болатын қабығы жарылған, қарайып кеткен және сөлi (бляхтар) ағып жатқан орындар.
Ағаштарды таңбалауды жәндiктер ағаштарға қоныстана салысымен бірден бастау керек. Күнтiзбелiк мерзiмдер зиянкестер биологиясы басшылыққа ала отырып белгiленедi. Ағаштар кесу таңбаланғаннан кейiн 1-2 аптадан соң жүргiзiледi.
168. Ағаштарды сындыруды күзгі-қысқы кезеңде жүргiзу орынды. Сүректi тасып әкетудiң аяқталу мерзiмi мамырдың аяғына дейiн.
169. Таулы аймақтарда Шренк шыршалары екпелерiнде ашық сары, өткен жылда қылқан жапырақтары қарқынды түскен және селдiреген қабық кеміргiш ағаштар кесiледi. Жұмыстар күзде, қыста немесе ерте көктемде (наурыз, сәуiр) - зиянкестердiң жазда пайда болуына дейiн жүргізiледi. Оларды жүргiзу мерзімдерi ауа райы жағдайын, тік аймақтылықты және өзгелерiн ескере отырып нақтыланады.
170. Арша екпелерiнде қатты әлсiреген және зиянкестер қоныстанған, ұшарбасы 75%-ға селдiреген, сондай-ақ қылқан жапырақтары сарғайған ағаштар кесiледi.
19. Құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын
жоғалтқан екпелердi қайта жаңғыртуға байланысты кесулер
171. Құндылығы төмен орман екпелерiн, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларын жоғалтқан екпелердi қайта жаңғырту бойынша ағаш кесулер орман көмкерген жерлердi тиiмдi пайдалануға бағытталған және сол жерде өсiп тұрған сүрекдiңдi неғұрлым өнiмдi әрi екпелердiң осы учаскелерде өсу жағдайына айтарлықтай сәйкес келетiн жаңа ұрпағына айырбастауды бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 44-бабы 2-тармағының 1)-6) тармақшаларында аталған мемлекеттік орман қорының санаттарын қоспағанда, олар мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде тек уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жүргізiлуi мүмкiн мемлекеттік орман қорының барлық санаттарында аталған кесулерді жүргiзуге жол беріледi.
172. Аталған кесулерді жүргiзудi қажет ететін ормандар алаңы негiзiнен кезектi орман орналастыру кезеңiнде анықталады. Қайта жаңғыртуға, әдеттегiдей, орманның өндiрістік (уақытша) типтерінің екпелерi, сондай-ақ түрлi себептермен бұзылған, ыдыраған, үлкен шаруашылық маңызы жоқ және өзiнiң қорғаныштық функцияларын толық орындаған, оларды одан әрi ұстау орынсыз болатын екпелер тағайындалады.
Құндылығы төмен екпелердi қайта жаңғырту арнайы дайындалған жоба бойынша жүзеге асырылады.
173. Құндылығы төмен екпелердi қайта жаңғырту кезiнде томарларды қопару арқылы немесе қопарусыз орман дақылдарын жаппай және топырақты белдеудi өңдей отырып, орман дақылдарын біртiндеп отырғызу әдiсi пайдаланылады.
Құндылығы төмен екпелердi қайта жаңғырту жөнiндегі жұмыстардың көлемiн есепке алу кесiлген сүрек қоры сияқты алаңы бойынша да жүзеге асырылады.
20. Жас талдар арасындағы бірлі-жарым ағаштарды кесу
174. Жас талдар арасынан бірлі-жарым ағаштарды кесу аралық пайдалану құрамына кiредi және негізiнен өзiнiң мақсатын орындаған тұқымдық ағаштар мен толық кесiлмеген түрдегi аналық екпелерден сақталған жекелеген ағаштарды жинауға бағытталған.
175. Бірлі-жарым ағаштарды кесу олардың бүлiнуiн болдырмайтын тәсілдер мен әдiстер арқылы жас талдардың жай-күйін және қалыңдығын ескере отырып жүзеге асырылады.
176. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорық аймақтары мен қорық ядросының және ерекше қорғаныштық учаскелердiң шекараларында өсетiн жас талдарда жай-күйi бойынша кесудi талап етпейтiн бірлі-жарым ағаштар кесiлмейдi.
4-тарау. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
өзге де ағаш кесулер
177. Өзге де ағаш кесулер (санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу; су тораптарын, құбыр өткiзгiштердi, жолдар салумен байланысты орман алқаптарын тазарту; орман соқпақтарын салу, өртке қарсы жыралар жасау кезiнде; өтiмдi үйiндiлердi жинау) Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 44-бабы 2-тармағының 1)-6) тармақшаларында санамаланған мемлекеттік орман қорының санаттарынан басқа, өзге де ағаш кесулерді жүргізуге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде тек уәкiлетті органның рұқсаты бойынша жол берiлетін мемлекеттік табиғи резерваттарды тұрақты дамыту аймақтарын қосқандағы мемлекеттік орман қорының барлық санаттарында оларды жүргізу ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
21. Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесу
178. Санитарлық мақсатта жаппай ағаш кесулер орман аурулары мен зиянкестерiнiң жаппай етек алуы, орман өрттерi немесе басқа да қолайсыз табиғи құбылыстар салдарынан олардың өсуi толық тоқтап қалған жағдайға дейiн зақымданған орманды тазарту мақсатында жүргізіледi және әрi олардың зардаптарын жоюға, әрi оларда орман дақылдарын отырғызу немесе олардың табиғи қайта жаңғыруына жәрдемдесу үшiн орман алқаптарын тазартуға бағытталған.